Оқытудың жеке тұлғаға бағытталуының он тәсілі 1. Тапсырма. Балаларға, жекелеп немесе топтарға олардың меңгерген білімдеріне негізделген әр түрлі тапсырмалар берілді. Аса қабілетті балаларға айтарлықтай жоғары
деңгейде ойлауды дамытуға мүмкіндік беретін, проблемаларды шешу қабілеттері мен
зерттеу қабілетін пайдалануды талап ететін күрделі тапсырмалар беруге болады.
2. Нәтиже. Балалар қойылған жалпы мақсатқа сәйкес бір тапсырмамен жұмыс істейді, бірақ мұғалім балалардың алдыңғы нәтижелерін ескере отырып, әр баладан әртүрлі нәтиже күтеді. Бастапқы ойды немесе үдерісті түсіне алатындай етіп басқаларға қалай
түсіндіру керек екенін түйсіну өте күрделі, сонымен қатар өте тартымды іс болып
табылады. Қабілетті баладан басқа балаларға қандай да бір нәрсені түсіндіруді немесе
қандай да бір затты үйретуді өтінуге болады, басқа жастағы балалар үшін бірдеңе жазуды
немесе жасауды сұрауға болады.