Бағдарламасы негізінде құрастырылды



Pdf көрінісі
бет120/125
Дата07.02.2022
өлшемі1,09 Mb.
#88107
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   125
Байланысты:
ktj 20486

3. Жұмыс қарқыны. 
Балаларға жалпы тапсырма берілді, бірақ оларды аяқтауға 
жұмсалған уақыт олардың машықтарына қарай анықталады. 
Қабілетті бала басқаларға 
қарағанда негізгі міндеттерді жұмсауға аз уақыт жұмсайтынын болжауға болады, ал содан 
кейін айтарлықтай күрделі жұмысты орындауға кірісе алады (яғни, келесі оқу мақсатына 
көшпей, негізгі оқу жоспары мақсатының мәнмәтінінде оқытуды кеңейту және қиындату 
бойынша жұмыс істеу). Көптеген қабілетті балалар қызығушылық пен ұмтылыстың 
жоқтығынан негізгі тапсырманы өте баяу орындағандықтан, мүмкіндігінің болуына 
қарамастан қосымша тапсырмаларды орындауға үлгермейді. Кей жағдайларда кейбір 
балаларға барлық тапсырманы орындамай («тығыздау» деген атпен белгілі болған әдіс), 
қосымша жұмысқа бірден кірісуге рұқсат етуге болады.
4. Қолдау. 
Балалар жалпы тапсырманы орындайды, бірақ олардың кейбіреуіне 
басқаларға қарағанда көп немесе кем қолдау көрсетіледі.
Қабілетті балаға білімнің кейбір 
салаларында жеке көмек қажет болуы мүмкін, мысалы, жазба, ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды пайдалану, оқу машықтарын немесе бірлесіп оқу 
машықтарын дамыту. 
5. Ресурстар. 
Балалар ортақ тапсырма орындайды, бірақ айтарлықтай дамыған оқу 
немесе зерттеу машықтарын қажет ететін әр түрлі ресурстар беріледі.
Қабілетті 
балаларды әр түрлі ресурстарды немесе өз жұмыстарын таныстыру үшін балама әдістерді 
пайдалануға түрткі болуға болады.
6. Топтау. 
Балалар ортақ тапсырма орындайды, бірақ барлығының табысты болуын 
қамтамасыз ететіндей етіп топтастырылған. 
Қабілетті балаларды кейде қабілеті ұқсас 
құрдастарымен топтастырып, олар тапсырманы айтарлықтай жоғары деңгейде орындайды 
деп күтуге болады.
7. Ақпарат. 
Балалар ортақ тапсырма алады, бірақ оларға әртүрлі ақпарат, немесе 
қосымша ресурстар мен ойлауды талап ететін көлемі әртүрлі ақпарат беріледі. 
8. Рөлдер.
Балалар ортақ тапсырма орындайды, бірақ олардың әрқайсысы әртүрлі рөл 
атқарады. 
Қабілетті балаға бас зерттеуші немесе ақпаратты және топ ресурстарын 
басқаруды ұйымдастырушы рөлін беруге болады.
9. Үй жұмысы. 
Балаларға әртүрлі үй тапсырмалар беріледі, ал жекелеген оқушыларға 
сыныпта бастаған жұмысты аяқтау үшін қосымша уақыт қажет етілуі мүмкін. 


Айтарлықтай қабілетті балаларға толық зерттеу жүргізу үшін тақырыптың күрделі 
аспектілері немесе әртүрлі тапсырма беруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   125




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет