Құрметті оқырман, "Қазақша smm" марафонын тәмамдап, жаңа


ТАҚЫРЫП  Тіркелу, аккаунт ашу



Pdf көрінісі
бет3/37
Дата07.02.2022
өлшемі6,28 Mb.
#89202
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
қазақша смм

1 ТАҚЫРЫП 
Тіркелу, аккаунт ашу, 
бизнес парақшаға көшу
Қазіргі таңда Бренд қалыптастыруда, бизнесті күшейтуде әлеуметтік 
желінің үлкен орны бар. Қолда бар мүмкіндікті жібермей, әлеуметтік 
желінің күшін сезінейік.
Instagram желісіне нұсқаулық.
Instagram желісінде тіркеліп, сіз өзіңіз туралы негізгі ақпараттарды 
жазасыз, олар: электронды поштаңыз, аккаунттың аты (ник), инстаграм 
парақшаңызда не туралы айтасыз және суретіңізді жүктейсіз. Бұл 
әлеуметтік желінің интерфейсімен(бетімен) мұқият танысып шығыңыз.
1-сурет
1-суретте бұл аккаунттың бастапқы беті. Сіздің аватар, яғни 
суретіңіз, сіздің жариялаған посттардың саны, сізге жазылған және сіз 
қанша адамға жазылдыңыз, сан ретінде көрсетіліп тұр. Сонымен қатар, 


профильдің сипаттамасы – атыңыз, бизнес аккаунт болса, салаңыз, 
кері байланыс орнату жолдары және аккаунтпен жұмыс жүргізуге 
арналған батырмалар орналасқан. профильдің сипаттамасы – атыңыз, 
бизнес аккаунт болса, салаңыз, кері байланыс орнату жолдары және 
аккаунтпен жұмыс жүргізуге арналған батырмалар орналасқан.
Аватардың жанында көк түсті фонда орналасқан «+» белгісі бар. 
Бұл белгіге басып, сіз инста история (Stories) түсіре аласыз, ол фото 
немесе видео (15 сек)болуы мүмкін. Аккаунтыңыздың сипаттамасының 
астында сіздің посттарыңыз (лентаңыз) орналасқан (торкөзге ұқсайды).
Аккаунтыңыз туралы ақпараттың астында бірнеше батырмалар 
бар.
2-сурет
2-суретте көрсетілген қызыл төртбұрыштың ішіндегі батырманы 
бассаңыз, сіз өзіңіздің лентаңыздың нұсқасын ауыстырасыз. Яғни, 
ол енді торкөз ретінде емес, ал лента сияқты, бірінің астынан бірі 
тұратындай етіп, посттарыңызды көрсетеді. 
Көк түсті дөңгелек белгіленген батырма, сіз белгіленген суреттерді 
көрстетеді.
Көк түсті дөңгелектің ішіндегі туға ұқсас батырма сіз сақтап алған 
посттар. Сізге қызық және кейін қайта оқып шығуға қажетті посттар 
болса, оларды осы батырмаға жасырып, түрлі папкалар мен атауларға 
бөліп, өзіңізге сақтап алсаңыз болады.


3-сурет
3-суретте көрсетілген жоғарыдағы оң жақта орналасқан үш нүкте 
аккаунттың параметрлері. Ол батырманы басу арқылы, сіз басқа 
әлеуметтік желілердегі достарыңызды инстаграмға шақырып, аккаунтты 
баптау, аккаунттың қорғаныс қызметін орнату, пароль, аккаунтты жабу 
және т.б. қызметтерді атқара аласыз.
Әлеуметтік желінің барлық мүмкіндіктерін батырмаларды басып 
көру арқылы, қайта зерттегеніңіз (үйренгеніңіз) дұрыс!
«Редактировать профиль» батырмасы сіздің профиліңіздегі 
ақпаратты өзгертуге, қарамен ерекше бөлініп жазылған атыңызды, ник 
пен басқа да ақпаратты өзгертуге мүмкіндің береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет