Құрметті оқырман, "Қазақша smm" марафонын тәмамдап, жаңа


Мысалы: #ҚазақшаSMM_марафон #VersusпенӨзгеремін



Pdf көрінісі
бет6/37
Дата07.02.2022
өлшемі6,28 Mb.
#89202
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
қазақша смм

Мысалы: #ҚазақшаSMM_марафон #VersusпенӨзгеремін 
Инстаграм әлеуметтік желіінде басында 30 дейін хэштег жазуға 
болатын. Қазір ең дұрысы 5-7 хэштегтен артық жазбау. Бұл тақырыпқа 
дәлірек анықтауға, іздеуге көмектеседі.
Бионы ретке келтіру 
Өзіңіздің кім екенін білмеу, біреуге айта алмау үлкен проблема. 
Кімсіз? Немен айналысасыз? Қоғамға қандай көмегіңіз бар? Мұның 
брендингке қатысы не дерсіз, оны да зерттейік.
Брендинг – бұл әлде бір брендтің имиджін қалыптастыру, сол 
арқылы брендтің танымал болуы. Осы принцип адамға қатысты болса, 
жеке брендинг болып есептеледі. Сонықтан, жеке брендинг бұл сіздің 
мықты бәсекелестік артықшылығыңыз. 
Сіз кімсіз? Өзіңіз немесе өзгелер сізді кім деп біледі? Маман ретінде 
қалай ерекшеленесіз? Яғни жеке брендіңіз бар ма? Бүгін осы сұрақтарға 
жауап іздейміз. Әлеуметтік желіні ретке келтіру арқылы формамызды 
нақтылаймыз. 
Мән беріңіз, формаңыздың болуы – өміріңіздің айқын болуының 
басты критериі.


 «Екінші болма» кітабінан үзінді: «Әлеуметтік желідегі парақшаларыма 
дос болуға ұсыныс жіберетіндердің аватаркасындағы суреттеріне 
қатты мән беремін. Тойда жүрген, үйдің кіреберісінде немесе гараждың 
фонында суретке түскен адамдардың достығын қабылдамаймын. 
Себебі, аватаркасындағы суретін дұрыс қоя алмаған адам, әлі күнге 
дейін өзін таба алмай жүген, сата алмай жүрген адам деген сөз. Ал 
егер, достық ұсынысын қабылдасам, маған ол адам қызық болуы 
керек, парақшасында жазатын, бөлісетін мәліметтері көз тарту керек. 
Оқыған кітаптарымен, алған тәжірибесімен, мамандығының қыр-
сырымен бөлісетін адам қызығушылық тудырады. Мен ғана емес, 
көптеген компаниялар да адамды қызметке қабылдамас бұрын, 
әлеуметтік желіге қарап оның қандай екенін анықтайды. Қазіргі таңда 
әлеуметтік желінің адам өмірінде, қоғамда алып жатқан орны үлкен. 
Үйден шықпай, әлеуметтік желі арқылы пайдалы пост жазып, әдемі 
сурет салып, миллиондап ақша табатын адамдарды білемін. Ал біздің 
көбіміз әлеуметтік желіні уақыт өлтіру үшін пайдаланамыз. Досымыз 
не істеп отыр екен, кім қандай киім сатып алды, қайда барды, тағы 
да сол сияқты. Бірақ, бізге бұдан еш пайда жоқ. Ал ақылды адамдар, 
әлеуметтік желіні ақша табу құралы ретінде пайдаланады».
1. Никнейм немесе логиніңіз түсінікті болу тиіс.
Байқадыңыз 
ба инстаграмда тікелей эфирде отырған әйгілі адамға сіз 
комментарий жазсаңыз, сіздің логиныңыз түсініксіз болып тұрса, 


түсініксіз болып тұрса, сұрағыңызды оқығысы келмей өтіп 
кетеді. Осындай кішкентай дәйектің өзі сізді "екінші" етіп қояды.
Логиныңызда қазіргі кезде әбестік болып көрінетін VIP
officiall сөздері болса алып тастаңыз, это уже не модно ))
Түсініксіз сандар, электрондық поштаңыздың атын, жәй 
ғана әріптер жиынтығы, шет ел жұлдыздарының аты, shaslivaia, 
kotenok, т.с.с. сөздерін жазбаңыз. 
Ру, жүзді білдіретін сөздерді де алып тастаңыз. 
Қысқасы, никнеймыңыз сіздің атыңызбен байланысты болу 
керек. 
Есіңізде болсын, әлемдегі ең мықты брендтер негізін 
қалаушының атынан немесе тегінен түрған. Мысалы MERCEDES
COLGATE, SUZUKI тағы басқалар. 
Жеке брендті қалыптасыру өз атыңыздан басталады. 
Қазірде инстаграм парақшасы паспорт іспеттес. Rumi Group 
компаниясына түйіндеме жіберген адамдардың міндетті түрде 
парақшасын тексеріп шығамыз, жұмысқа алу немесе алмауда 
шешімге бірден бір септігін тигізетін критерий. Бұл әдіс бізден 
басқа да көптеген компаниялардың құралы. 
Егер инстаграмда ерекше логин иегері болсаңыз, мысалы 
Qazaq_qyzy, Batyr_bala секілді онда қалдырасыз. 
"ИМЯ" тармағына аты-жөніңізді толық жазуыңыз керек
мысалда көрсетілген "Meirbek Zhumabekov" деп
Маңызды:
Жеке парақшасы мен бизнес парақшасы 
бірлескен қатысушаларға бөлек тапсырма. Екі парақшаны 
бөліңіз. Бизнес парақшаңыз бизнес туралы болу керек. Жеке 
парақшаңызда өзіңіз туралы ақпарат болу керек. Есеп беруге 
жеке парақшаңыздың сілтемесін жібересіз.
2. Дұрыс сурет таңдаңыз.
Сурет таза жарқын фонда болуы 
керек. Студияда түскен профессионалды сурет болса тіптен 
жақсы. (Фотосессияға түскен соң, фотоны жаңартыңыз.) 
Суретте барынша өзіңізді ұтымды көрсетуге тырысыңыз. Тойда, 
отырыста, туған-туыс, дос-жарандармен түскен сурет, түсініксіз 
заттардың суреті, гүл, табиғат, мемлекеттік рәміздердің кескіні
ру, жүзге байланысты тағы сол сияқты суреттер қоюға болмайды. 
Тек өзіңіздің суретіңіз.
3. Өзіңіз жайлы ақпарат беру.
Төмендегі сұрақтарға өзіңізге 
шынайы жауап беріңіз.
· Мен кіммін?
· Мен немен айналысамын?
· «Негізін қалаушы», «авторы» сөздерін қолданыңыз
· Миссиям қандай?


· «Көмектесемін» сөзі көмек болады.
· Байланыс құралы
· Сілтеме болса көрсетіңіз, осы жерде бизнесіңіздің сайтына 
немесе парақшасына сілтеме беруге болады.
Осы сұрақтардың жауабынан парақшаңыздың басты бетіне ақпарат
етіп толтырыңыз.
Дұрыс және бұрыс рәсімделген инстаграм парақшаларының 
мысалын келтірдік.
7-сурет. Парақшаны дұрыс толтырудың мысалы
Сайт жасауды үйренгіңіз келе ме? Versus академиясының сайт жасау 
бойынша марафонына қатысыңыз. Толық ақпарат
8-778-066-66-08 нөмірі бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет