Құрметті оқырман, "Қазақша smm" марафонын тәмамдап, жаңа


-суретте көрсетілгендей әр батырманың астында сандары



Pdf көрінісі
бет4/37
Дата07.02.2022
өлшемі6,28 Mb.
#89202
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
қазақша смм

4-суретте көрсетілгендей әр батырманың астында сандары 
белгіленген:
1.
Үйге ұқсас батырманы басу арқылы, негізгі жаңалықтар 
лентасына өтесіз. Бұл жерде сіз жазылған (оқитын) барлық 
адамдардың посттарын көре аласыз. Жоғары жақта, аккаунттың 
аватарына (негізгі суретіне) бассаңыз, сол адамның stories-терін 
көре аласыз. Жоғарыда оң жақта фотоаппарат секілді батырма 
бар. Оған бассаңыз, сіз өзіңіздің инстаграм stories-іңізбен (сурет 
немесе видео) бөлісе аласыз. Жоғарыдағы оң жақта қара түсті 
нұсқаушы батырма (стрелкаға ұқсас) бар. Бұл батырма арқылы 
сіз Директке түсесіз. Директ – бұл басқа қолданушылармен 
жеке хабарламамалармен алмасуға арналған бет.


2.
Бұл батырма сізді «Поиск» парақшасына алып келеді. 
Бұл жерде сіздің қызығушылығыңзға байланысты басқа 
қолданушылардың посттары көрсетіледі. Олар «видео», 
«музыка», «кино», «сән» және т.б. болып бөлінеді. Сонымен 
қатар, бұл бетте сіз басқа қолданушыларды аккаунттарының 
аты (@) арқылы немесе түрлі хештегтер (#) арқылы таба аласыз.
3.
«+» батырмасы лентаңызға жаңа сурет немесе видео 
жүктеуге мүмкіндік береді. Фото және видеоны сол терезеде 
түсіруге немесе альбомнан таңдап алып жүктеуге болады.
4.
Жүрекшеге басқанда, сіздің посттарыңызға like басқан 
немесе сізге жазылған адамдардың тізімін көресіз.
5.
Сіз қайтадан өзіңіздің аккаунтыңызға – басты бетке қайта 
ораласыз.
Бизнес парақшаға ауыстыру
Жарнама жіберу үшін, статистиканы көруге, аналитика жүргізу үшін 
парақшаңызды, бизнес парақшаға ауыстырған абзал.
4-сурет


Өзіңіздің парақшаңызды да бизнес парақшаға ауыстыру үшін, 
“редактировать профиль” батырмасын басқанда, шыққан тізімнен 
“Перейти на бизнес-аккаунт” деген нұсқасын таңдап, ары қарай өтесіз. 
Өзіңіздің салаңызға қатысты категорияны таңдаңыз. Енді сізде де 
бизнес парақша.
5-сурет. Versus академиясының парақшасы бизнес парақшаға ауысқан
6-сурет. Бизнес парақшаға өту барысы.


Хэштег ұғымы
Хэштег — әлеуметтік желілерде, блогтарда мәліметтерді тақырып 
бойынша топтауға қолданылатын таңба. Мәліметтеріңізді хэштегтер 
арқылы белгілеудің нәтижесінде, басқа қолданушылар қызыққан 
тақырыбын хэштег арқылы тауып, аудиторияңыздың санын үлкейте 
алады. 
Бірақ, хэштегті де қолдана білу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет