«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы


ТН-10 ӨСІМДІК ЭКСТРАКТЫСЫМЕН ОНЫҢ НЕГІЗІНДЕГІ



Pdf көрінісі
бет11/35
Дата07.02.2022
өлшемі0,93 Mb.
#90083
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35
ТН-10 ӨСІМДІК ЭКСТРАКТЫСЫМЕН ОНЫҢ НЕГІЗІНДЕГІ 
ФИТОҮЛДІРЛЕРДІ АЛУ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ
 
Әбдімәлік Н.Ж. 
Ғылыми жетекшісі: х.ғ.д., профессор Әбілов Ж.Ә. 
х.ғ.д., доцент Жумагалиева Ш.Н. 
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 
abdimalik.nazerke@mail.ru
 
Қазіргі 
уақытта 
халық 
медицинасында 
тамарикс 
өсімдігінің 
тұндырмалары мен қайнатындылары қан кету кезінде тоқтататын зат ретінде 
қолданылады. Өсімдік жапырақтарының тұндырмасы ревматизм, көкбауыр 
аурулары, диарея кезінде көмектесетін және зәр айдаушы, анестезиялық 
қасиеті бар зат ретінде қолданады. Тамарикстің балғын шырынын ауыз 
қуысының шырышты қабаты қабынған кезде ауызды шаю үшін 
пайдаланылады. Жыңғылдың антиоксидантты, антибактериалды және 
вирусқа қарсы қасиеттері анықталған.
Алматы облысында жиналған 
Tamarixhispida
өсімдігінің жерүсті 
бөлігінің ылғалдылығы –7,80%, жалпы күлділігі – 9,0%, өсімдік тұзды 
топырақты жерлерде өсетін болғандықтан сульфатты күлділігі жоғары мәнге 
ие - 10%;хлорсутек қышқылында ерімейтін мөлшері - 3%, органикалық 
қышқылдар мөлшері – 1,3% анықталды. Өсімдік шикізатынан құрғақ 
экстракт 
алу 
процесін 
оңтайландыру 
мақсатында 
бұл 
жұмыста 
ультрадыбысты өңдеу қолданылды.Экстракциялаудың дәстүрлі әдістері 
уақыт жағынан ұзақ, орындалуы қиын және эффектиктілігі төмендеу болып 
келеді. Өсімдік шикізаттарын экстракциялау процесі кезінде ультрадыбысты 
әсер етуді қолдану жаңа және перспективті әдістердің бірі болып табылады. 
Басқа экстракциялау әдістерімен салыстырғанда ультрадыбыс көмегімен 
экстракциялау - жеңіл, тиімді, улылығы төмен және арзан тәсіл болып келеді. 
Ультрадыбысты өңдеу экстракция уақытын 25 минутқа дейін қысқартуа 
мүмкіндік береді, бұл жағдайда экстрактивті заттар шығымы дәстүрлі 48 
сағатық экстракциялаудың25% шығымымен салыстырғанда 37%-ға дейін 
артады. Ультрадыбысты экстракциялау көмегімен алынған ТН-10 құрғақ 
экстрактында флавоноидтар мөлшері 1,6 %-ға 2,6%-ды құрады, сонымен 
қатар бұл әдісті қолдану нәтижесінде тері илегіш заттардың мөлшері 10%–ды 
дейін өскені анықталды.
Ультрадыбысты экстракциялау нәтижесінде алынған құрғақТН-10 
экстрактысы және поливинил спиртімен бентонит сазы негізінде 
фитоүлдірлер жасалынды. Фитоүлдірлерді стандарттау көрсеткіштері 
анықталды. Ылғал өткізгіштігі-1,44-1,72%, ылғал сіңіруі-3,6-5,7%, орташа 
қалыңдығы-0,2-0,5мм,максималды жуктеме мөлшері-6500г , орташа салмағы- 
1,5-1,7г стандартқа сай келді.Сонымен, ультрадыбысты экстракцияны 
қолдана отырып алынған ТН-10 экстракты негізінде фитоүлдірлер алынып 
зерттелінді.
 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы 
259 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет