«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы


ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТОПЫРАҒЫН СУЛЫ



Pdf көрінісі
бет2/35
Дата07.02.2022
өлшемі0,93 Mb.
#90083
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТОПЫРАҒЫН СУЛЫ 
ЭРОЗИЯДАН ҚОРҒАУ ӘДІСІ 
 
Алдабергенова М.А. 
Ғылыми жетекшілер:х.ғ.к., доцент Мұсабаева Б.Х., 
б.ғ.к., доцент Касымова Ж.С.
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті 
aldabergenova_madina@mail.ru 
Әлемдік маңызды проблемалардың бірі – ауылшаруашылық жерлерінің 
топырағының құнарсыздануы. Топырақтың құнарлылығының және эрозияға 
төзімділігінің төмендеуінің маңызды себебі: физикалық қасиеттерінің 
нашарлауы және топырақ құрылымының жойылуы. 
Орындалған ғылыми зерттеудің мақсаты: Топырақтың құрылымына әсер 
ететін жаңа құрылым түзуші (ИПК - интерполимерлі комплекс) алу және 
алынған ИПК су эрозиясынан қорғау үшін қолдану. 
Объект ретіндеШығыс Қазақстан облысының күңгірт-күрең топырағы 
таңдалды, топырақ беткі егістік қабатынан (0-20 см тереңдікпен) алынды.
Негізгі агрохимиялық анализ нәтижелері: далалық ылғалдылық - 3%
(гравиметриялық әдіспен); сулы сығындының рН мөлшері: рН- 6,909±0,007 
(потенциометриялық әдіспен); тұзды сығындының рН мөлшері: рН-
7,207±0,015 (потенциометриялық әдіспен); гидролитикалық қышқылдық - 
0,89мг*экв/100г (Каппен әдісімен); органикалық заттардың мөлшері - 
2,60%±0,14 (гравиметриялық әдіспен); гумус мөлшері - 1,03%±0,02 (Тюрин 
әдісімен); аммонийдің алмасу мөлшері NH
4
+

0,61мг/100г±0,06 
(колориметриялық әдіспен); фосфордың мөлшері Р
2
О
5
- 2,25мг/100г±0,12 
(Чириков әдісімен); механикалық құрамы – құмдытопырақ (пипетка 
әдісімен). 
Осы алынған нәтижелер бойынша топырақ құнарсыз болып табылды. 
Құнарлығын арттыру мақсатында топыраққа ИПК енгізілді. 
ИПК синтезі 3% лимон қышқылында ерітілген 0,01 М хитозанға0,01 М 
натрий альгинатыныңсулы ерітіндісін қосу арқылы жүргізілді. Түзілген 
ИПКқұрамыкондуктометрия 
әдісімен, 
ИПК 
бөлшектерінің 
заряды 
динамикалық лазерлі шашырау әдісімен, ИПК тұнба массасы гравиметрия 
әдісімен анықталды. Нәтижесінде ИПК құрамы [ХТЗ]:[АлNa] =[1]:[1,5] 
қатынасында екенітабылды.
Топыраққа ИПК енгізіп, топырақтың су эрозиясының тұрақтылығына 
зерттеу жүргізілді. 
Топырақтың сумен шайылып кетуге төзімділігінің шамасы келесі 
нәтижелерді берді: бақылау – 90,91%; хитозан 10
-3
М – 93,69%; Naальгинаты
10
-3
М – 84,89%; құрамы [ХТЗ]:[АлNa] = [1]:[1,5] ИПК – 99,5%. 
Сонымен, топырақты сулы эрозиядан қорғау үшін биополимерлер 
негізінде алынған ИПК қолдану тиімді екені анықталды. 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы 
250 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет