«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы


МЕДЕУ ТАУЛЫ АЙМАҒЫНДА ӨСЕТІН URTICA DIOICA L



Pdf көрінісі
бет3/35
Дата07.02.2022
өлшемі0,93 Mb.
#90083
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
МЕДЕУ ТАУЛЫ АЙМАҒЫНДА ӨСЕТІН URTICA DIOICA L. 
ӨСІМДІГІНІҢ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ИЛЕГІШ ЗАТТАРДЫ АНЫҚТАУ 
Ахтаева М.Б. 
Ғылыми жетекші: Г.Е.Азимбаева 
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ. 
Бұл зерттеу жұмысында Алматы қаласы, Медеу таулы аймағында 
өсетін 2017-2018 жж. жинап алынған Urtica dioica L. (қосүйлі қалақай) 
өсімдігінің жер үсті бөлігінің құрамындағы (жапырағы, сабағы) илегіш 
заттары анықталды. 
Жер шарында қалақай өсімдігінің 850 түрі бар. Ал Қазақстанда 3 түрі 
кездеседі, кең тараған түрі – қос үйлі қалақай (Urtica dioica L.). Биіктігі 60-
170см, жапырағында қысқа күйдіргіш түктері бар. Орын талғамайды, әртүрлі 
бау-бақшада, орманда, тұзды жерлер, қыраттар мен жазықтарда т.б жерлерде 
өседі. Сонымен қатар суық пен шөлге төзімді. Қос үйлі қалақай аталу себебі 
аналық және аталық гүлдері екі түрлі ортада орналасқан [2,3]. Urtica dioica 
L.-дәрумендерге және биологиялық белсенді заттарға өте бай. Сонымен қатар 
Urtica dioica L. өсімдігі медицинада бүйрек, асқазан, ірің аралас іш өткенде 
(дизентерия), ішек құрт ауруы (гельминтоз), коршихан (фрункулез), 
ревматизм, демікпе өкпе туберкулезін емдеуге және қақырық түсіруші, 
безгекке қарсы, қатерлі ісік болғанда, қан кеткенде және шашты түсірмеуге 
пайдаланады.
Илегіш заттар немесе таниндер – өсімдіктердің кез келген мүшесінде 
кездесетін көп атомды, азотсыз ароматты қосылыстар. Алғаш рет терминді 
1796 жылы француз ғалымы Сегеном ашқан. Ол өсімдіктердің экстрактісінде 
илегіш заттар илеу нәтижесінде пайда болатындығын анықтаған. Яғни 
илегіш заттар термині теріні илеу деген мағынаны білдіреді. Қазіргі кезде 
илегіш заттардың жіктелуін К.Фрейденбергтің классификациясы бойынша 
атайды: 
1. Гидролизденетін илегіш заттар: А) галлотанин-эфирлі галл қышқылы мен 
қанттардан тұрады; Б) қантсыз эфирлі фенолкарбон қышқылы;
В) эллаготанин-эфирлі галл қышқылы мен қанттардан тұрады. 
2. Конденцирленген илегіш заттар: А) флаванол-3 туындылары;
Б) флавандиол-3,4 туындылары; В) оксистильбен туындылары 
Лабораториялық жағдайда өсімдіктің құрамындағы илегіш заттарды 
сапалық анықтау үшін классикалық әдіс жүргізілді. Зерттеу нәтижесі 
бойынша Urtica dioica L. өсімдігінің жапырағында 4,8% конденсирленген 
және 
4,6% 
гидролизденген 
илегіш 
заттар 
табылса, 
сабағында 
конденсирленген илегіш заттардың мөлшері 2,6% көрсетсе, гидролизденген 
илегіш заттардың мөлшері 2,88% тең. 
Илегіш заттардың көбі оптикалық активті ауада тез тотығады және 
түрлі түске немесе қара түске боялады. Суда және органикалық еріткіштерде, 
спиртте, ацетонда т.б. жақсы ериді. Бұларды қыздырғанда және күн 
сәулесінде оңай тотығады. 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы 
251 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет