147
түсінуге көмектесті. Көміртегі ядросы жұлдыздарда үш гелий
ядроларының соқтығысуынан синтезделеді екен. Хойл келесідей
қорытынды жасады: осындай және басқа да кездейсоқ жағдайлардың
болуы табиғатта соқыр күштің жоқтығы, қайта «асыра-интеллект» бар
екені рас.
«Қатысу прнципі» - күшті АҰ-ң модификациясы болып табылады.
Оны тапқан белгілі американ космологы Дж.Уилердің ойынша,
бақылаушысыз Әлем ешкімге керек емес. Әлем өзіне бақылау
орнатылғаннан соң ғана тіршілік етуге кіріседі, оған дейін тек виртуалды
күй кешеді.
Финалистік АҰ-ды ағылшын физиктері Дж. Барроу мен Ф.Типлер
ұсынды. Бұл ұстаным бойынша, бақылаушыларды тудыру және қолдау
мақсатында жаратылған Әлем ғана бар. Бұл ұстаным космологияға мес,
хрситиандық догматикаға сүйенген философиялық-дүниетанымдық
ойлар негізінде пайда болған жалғыз принцип.
Финалистік АҰ-ға енген тұжырымдамалық конструкциялар:
-
тұйықтық принципі, яғни әлемнің кеңістіктік шектеулігі,
эволюцияның соңғы нүктесінде барлық оқиғалардың сызықтары
қиысады;
- әлемдегі генерирленген ақпарат гипотезасы бойынша, асыра
күрделі бағдарламаларды жүзеге асыратын компьютерлерді шығару.
Финалистік АҰ-ң болжаған әлемнің жабық моделі типін таңдауға еш
ғылыми негіздер жоқ. Финалисттік АҰ-ды ғылыми принцип сияқты
емес, адамзат дамуының алыс перспективаларының болжамы деп
қарағанымыз жөн. Өзінің әлеуметтік-мәдени
бастаулары мен оны
растайтын ғылыми дәлелдерінің жоқтығына қарамастан, финалисттік
АҰ-ды эвристикалық деуге негіз бар. Ол ескі идеялар мәнін өршітумен
қатар, жаңа мәндерді шығарады. Постклассикалық ғылым рухына сай,
ғылыми білім құрылымына ол адами өлшемді енгізді. Әрине, бұл
болашаққа деген философиялық-дүниетанымдық болжам ғана, оның
космологиялық тексеру әдістері түсініксіз, тіпті мүлде жоқ болуы
мүмкін. Бірақ кейін финалисттік АҰ когнитивті жоспардың нақты
зертеулеріне негіз болуы ықтимал. Космологиялық мәліметтер олардың
интерпретациялау мүмкіндіктерімен толыққандағы АҰ-ң күрделі
құрылымын зерттеу философияның ғылымға әсерін тереңінен түсінуге
мүмкіндік береді.
Сонымен, ХХ ғ. соңы мен ХХІ ғ.-ң басындағы космологияда өмір мен
сана кездейсоқ
және эфемерлі феномендер емес, әлемнің онтологиялық
орталығын құраушы ретінде көрінеді. Бұл көзқарастардың адамның
ғарыштық болашағындағы орны қандай болары белгісіз. Бірақ бүгінгі
күннің өзінде космологияның жаратылыстық, техникалық таныммен
148
ғана емес, әлеуметтік-гумнитарлық таныммен де байланыстылығы
күшейгенін көріп отырмыз.
Достарыңызбен бөлісу: