52
Мақсаттар мен міндеттердің сырттан алынбай, балалар ұжымының
мүшелерімен бірлесіп шығарылатынын
және балалар қозғалысын
ұйымдастырушылары (тәлімгерлер) тек балалар ұйымы (бірлестігі) алдында
тұрған міндеттердің мақсаттары мен міндеттерін ресімдеуге ғана
көмектесетінін есте сақтаған маңызды.
Және бір жағдайды ұғынып алған абзал: мақсат бір мәселе, қиыншылық
туындағанында пайда болады. Мәселені,
немесе қиыншылықты табу,
«түйсікпен сезіну» қызмет мақсатының (яғни, мәселенің шешімінің)
анықталғанын білдіреді. Мәселе – әлдебір заттың қалаулы күйі (идеал бейнесі)
мен оның нақты (шынайы) күйі арасындағы алшақтық. Мәселенің шешімі
дегеніміз – әрекеттердің бар көптеген нұсқаларының ішінен нақты күйінен
(заттың, біреудің) қалаулы күйіне өтуге мүмкіндік беретін біреуін таңдауды
білдіреді. Мысал үшін, аға тәлімгер өз жұмысында бір мәселеге кезікті:
балалардың қоғамдық бірлестіктегі төмен деңгейдегі белсенділігі,
бастамашылық білдірмеуі (шынайы күйі). Сондықтан ол мақсатын шығарады –
балалар белсенділігін көтеру, олардың әлеуметтік шығармашылығы үшін
жағдай тудыру (қалаулы күйі). Мақсатын жүзеге асыруды педагог бірлестікте
балалардың өзін–өзі басқару жүйесін құрудан бастағанды жөн көрді (мәселені
шешу нұсқасы). [12].
Міндеттер бағдарламаның әрбір бағыты үшін әзірленеді.
Сол себептен бағдарламаның «Мақсатты тұжырымдау» тарауына негізгі
(басты) мақсат та, оны нақтылайтын міндеттер де кіреді. Тәжірибе көрсетіп
отырғанындай, балалар бірлестігінің бағдарламасы көп мақсатты бола алмайды.
Басым мақсаттардың саны, әдеттегідей, бесеуден аспауы тиіс. Бағдарламаға
әдетте 1 негізгі мақсат 3 нақтылайтын міндет кіреді.
Мақсаттарды және міндеттерді дұрыс анықтау үшін бірнеше қадамның
орындалуы шарт
[12]
:
1-
қадам. Әлеуметтік тапсырысты зерделеу — балалар ұйымының,
мектептің, мектептен тыс мекеменің, ауылдың, қаланың тәрбиелік жүйесіндегі
орны
мен рөлін анықтау; баланың, оның отбасының, қоғамның балалар
ұйымына қатысты қажеттіліктерін зерделеу. Балалар ұйымдарының қала,
облыс, республика,ТМД деңгейіндегі қызметінің бағдарламаларымен танысу.
2-
қадам. Балалар ұйымының алдын ала психологиялық-педагогикалық
диагностикасы мен басшысының өз бетінше диагностикасы. Бейнелеп
айтқанда, педагог үшін «Балалар нені қалайды және неге шамасы жетеді?», «Ол
өзі нені қалайды және неге шамасы жетеді?» деген
сауалдарға жауап тапқан
маңызды.
3-
қадам. Жалпы мақсаттар мен міндеттерді шығару. Бұл кезеңде
«қалаймын» және «шамам келеді» деген ұғымдар арасында таңдау жасап, нені
істеу «қажет» екені анықталады.
4-
қадам. Балалар ұйымының спецификасын және оның қатысушыларының
жеке ерекшеліктерін зерделеу. Осыны мақсатқа бағыт алу үшін, дәл осы
мақсаттар мен міндеттерді алдын ала шығарудан кейін жасау қажет.
Нәтижесінде сіз балалар бірлестігінің жас және жыныс ерекшеліктерін
53
ескерген, балалардың алған бағдары, олардың қызығушылықтары мен еркін
шығармашылық әрекеттерін, қоғамдық немесе жеке мәртебесі, жеке тұлғаның
әлдебір
қасиеттері мен қабілеттері, отбасылық жағдайы, үлгерімі, мектептегі
жағдайы және т.б. көрінісін тапқан толық сипаттамасын аласыз.
5-
қадам. Бағдарламаның іске асырылатын жағдайын зерделеу. Біріншіден,
балалар ұйымы үшін базалық болып табылатын мекеменің ерекшеліктерімен
және педагогикалық мүмкіндіктерімен байланысты жағдайлар. Екіншіден,
балалар ұйымы мүшелерінің отбасылық қарым-қатынасының ерекшеліктерімен
байланысты.
6-
қадам. Бағдарламаның нақты мақсатын шығару.
Бұл қадамда ұстаз мақсат пен міндеттің формулировкасындағы (оларды
жазбаша ресімдеу) қиыншылықпен жолығуы мүмкін. Сондықтан біз
мақсаттарды және міндеттердің формулировкасы
бойынша жалпы ережелерді
келтіруді жөн көріп отырмыз:
-
формулировканың екі нұсқасы мүмкін: етістік немесе зат есім формасы
(«дамыту» - «дамуы», «қалыптастыру» - қалыптасуы);
-
мақсаттардың және міндеттердің блогында тек бір не етістіктен, не зат
есімнен жасалған нұсқадағы формулировка болуы тиіс;
-
қажетті ақырғы нәтижені нақтылау қажет. Мысалы, «оқу жылының
соңында «Мейірімділік бекеттерінің» жұмысын ұйымдастыру» деген
мақсаттың формулировкасында оның ақырғы нәтижесін «ұйымдастыру» сөзі
сипаттайды;
-
мақсатқа қол жеткізудің берілген мерзімін нақтылау. Күнтізбелік мерзім
–
бұл мақсатқа қол жеткізілгені не жеткізілмегеніне жауап берудің межесі;
-
тек «не» және «қашан» орындауы тиіс екенін көрсетіп, «қалай» және
«қашан» істелуі керек екеніне толық үңілмеу керек.
Мақсаттар «не?» сұрағына жауап беру керек. Бағдарламаның соңында неге
қол жету керек? Кезінде Аристотель мақсатқа «не үшін істеледі?» деп анықтама
берген. Міндеттер «Қалай?» Белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін біз
қалай әрекет етуіміз керек?» деген сұрақтарға жауап беруі тиіс.
Мақсат
үдерістің «не?» деген сұрағына жауап берсе, міндет – үдерістің «қалай?»
сұрағына жауап береді.
-
мақсаттар мен міндеттер өзара байланысуы тиіс, яғни мақсаттардағы
сөздер міндеттерде де кездесуі тиіс.
Мақсаттар мен міндеттерді бағдарламаны орындау уақыты бойында көз
алдында ұстау оның орындалуына кепілдік береді.
Мақсатқа қолдың жетуі оның формулировкасына тәуелді,
сондықтан
мақсаттың дұрыс аталуы - табысқа бағытталған бірінші қадамыңыз.
Біздің білім беру саласын жаңғыртудың мақсаты – белгілі әлеуметтік рөлін
атқаруға, пайдалы істерді жасауға шамасы келетін жетік, тұтас тұлғаны
дайындап шығару. Бұл ұстаным мақсаттарды белгілеудің жаңа
Достарыңызбен бөлісу: