Материалдары


Түйін сӛз: Қазақ батыры,М.Ӛтемісов, патриот, ел, халық



Pdf көрінісі
бет115/288
Дата07.02.2022
өлшемі3,83 Mb.
#92795
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   288
Байланысты:
ЖИНАҚ БАҺАДҮР 22,10

Түйін сӛз: Қазақ батыры,М.Ӛтемісов, патриот, ел, халық. 
 
ХІХ ғасырдың бірінші жартысы Заманымыздың заңғар жазушысы Мҧқтар Ҽуезов Махамбеттің ақындық 
қҧдыретін жоғары бағалай келіп, былай деп жазды: «… Махамбет бҧрынғы, соңғы қазақ ақындарының ішіндегі 
ең бір кҥштісі деп саналуға тиіс. Махамбет жырлары ҿз заманындағы ең қанды, ең ҽсерлі сҿз, кҿпшіліктің ҿз 
ҥні, ҿз тілі, ҿз арман талабы». Бҧл классик ақынымыздың шығармашылығына берілген ҽділ баға деп білуіміз 
керек. 
ХІХ ғасырдың 30-40 жылдарында Қазақстанның батыс аймақтарын мекендеген ел ҿмірінде ерекше із 
қалдырған ҧлт-азаттық кҿтерілістің рухани кҿсемі, қазақ поэзиясының классигі Махамбет Ҿтемісҧлының 
туғанына 200 жылдық мерейтойын ЮНЕСКО-ның шешіміне сҽйкес халықаралық деңгейде ҿткізілуінің 
тҽлімдік жҽне тағылымдық мҽні орасан зор. Қазақтың Махамбеттей біртуар ҧлының 200 жылдық 
мерейтойының ЮНЕСКО кҿлемінде аталып ҿтілуі егемен еліміздің еңсесін биіктете тҥседі. 
Махамбет–қазақ халқының кегі, ызасы, намысы, жігері, қайтпас қайсарлығы, яғни, Махамбет – қазақ 
халқының кегі мен ызасынан, намысы мен жігерінен жаралған наркескен рухани қару.
Жауынгерлік рухтағы ҿршіл жырлардың інжу маржанын ҧрпағына мҧра еткен Махамбет – ерлік пен 
намыстың ақыны. Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Ақтамберді жыраулардың жалғасы Махамбет – сан ғасырлар 
бойғы тҽуелсіздікке ҧмтылған бабалар рухының нақты кҿрінісі. 
Махамбеттің жырлары – ерліктің, ҿрліктің гимні, қайсарлықтың символы. 
Ерегескен дҧшпанға қызыл сырлы жебедей қадалған Махамбет – жақсыларға еп, жамандарға кҿп, лапылдап 
тҧрған ҿрт. Аңдамаған жалынына шарпылады. Жауырынан етін алса да жалынып, жалтақтауды білмес, қыңқ 
етпес табандылық ердің еріне бітеді. Халық қайғысын айтуға хан ҧлынан қаймықпау да, «бас кесермін, 
жасырман» деп, қасқая қарап тҧру кез келгеннің қолынан келе қояр ма екен? 
Махамбет ел, халық жҥрегінен мҽңгілікке орын тапты. Оның жырлары елдің рухын кҿтеретін, ерлікке, 
елдікке бастайтын ҧран іспетті. Сондықтан да болар халқымыз Махамбеттің есімін де, отты жырларын да қатты 
қастерлеп, ҧрпақтан ҧрпаққа рухани қазына ретінде аманаттап жеткізіп отырды. 
Махамбеттің қай ҿлеңін алсақ та, оның негізгі лейтмотиві – жас ҧрпақты ерлікке патриотизмге, 
адамгершілікке тҽрбиелеу. Демек, оның шығармаларындағы айтылған қағидалар кҿтерілген мҽселелер бҥгінгі 
педагогиканың уақыт талабына қойып отырған мҽселелерімен ҥндесіп жатыр. Ескі идеология, тарихнама, 
ҽдіснама бойынша тарихтағы жеке тҧлғалардың ролі дҧрыс бағаланбады, бҧрмаланып біржақты тҥсіндірілді. 
Ҽсіресе, тарихи тҧлғалардың алатын орнын, еңбектерін бағалауда ескі идеологияға негізделген кҿзқарасқа, 
ҽдіснамаға сҥйенілді. Ел билеген хандар мен билерді, қолына қару алып елін қорғаған батырларды еліне білім 
мен ғылымның нҽрін себуде ерекше еңбек сіңірген ойшылдарды, атап айтқанда, Махамбет, Исатай, Жҽңгір 
ханның тарихтағы орны, еңбектері біржақты бҧрмаланып бағаланды.Тек ғана соңғы жылдары тарихқа жаңа 
кҿзқарас тҧрғысынан егемендігіміздің нҽтижесінде Махамбет сынды алыптарымыздың еңбектерін жаңаша 
зерделеуге мҥмкіншілік туды. Бабамыздың мҧрасы кҿп жылдар ескерусіз келді. 
Махамбет ҿлеңдерінде ҧрпақ тҽрбиесіне қатысты тҽрбиенің сан-алуан салалары атап айтқанда, 
адамгершілік-имандылық, сҧлулық, елжандылық, экологиялық тҽрбие туралы жан-жақты сҿз болады. 
Махамбет шығармаларының жастардың бойында жағымды адами қасиеттер мен қҧндылықтарды 
қалыптастыруда алатын орны ерекше. 
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында сҧрапыл жырларымен халықты кҥреске шақырып ҥндеген Махамбеттің 
ақындық дарыны ерекше. 
Ҿлең-тҽрбие қҧралы. Кҿне заманнан бері халықымыз тҽрбие қҧралы ретінде ертегі, аңыздарды, батырлар 
жырлары мен дастандарды, ҿлеңдер мен терме, баталарды, мақал-мҽтелдерді, қанатты сҿздер мен шешендік 


129 
ҿнерді, ырым-тиым сҿздерді тиімді пайдаланып, ҧлттық дҽстҥрімізді жалғастырып отырды. Кҿтеріліс кезінде 
Исатай бастаған қолдың алдында тҧрып, оларды жеңіске жетелеп, ҧран кҿтеріп, ҿлеңмен жігер берген 
Махамбет ақынның басты қҧралы - ҿршіл жырлары болды. 
Кҿтеріліс жеңіліске ҧшыраса да, ол ҿз рухын жоғалтпады. Халықты кҿтеріліске қайта шақырып, ҿлеңмен ой 
салып, халық санасын оятуға кҥш салады. Амал не, қараңғы халық ойын тҥсінбеді, оның ҿлеңінің қҧдіретіне бас 
исе де, ақын соңына ермеді. Патша ҽскерінің қаруынан сескенген халық ақынның ҿлеңмен шақырған ҥндеуіне 
қҧлақ аспады. Жалғыздықтан кҥйінген ақын, ҿз сырын ҿлеңмен айта берді. Ақын: «Мен едім» деген ҿлеңінде: 
Бҿз ағаштан биік мен едім, 
Бҧлтқа жетпей шарт сынбан, 
Ел қҧтқарар, ер едім 
Жандаспай ақыры бір тынбан, - деп ҿршілдігін жырлап кҿрсетеді. 
Ақын ҿлеңінің тҽрбиелік мҽні ерекше халық санасын оята тҥседі. Ақын ҿлеңдерінің тҽлімдік-тағылымдық 
негіздері тереңде жатыр. Ақынның «Кҥн қайда?» деген ҿлеңінде: 
Қарт бҧғыдай билерден 
Ақыл сҧрар кҥн қайда? 
Бізді тапқан ананың, 
Асыраған ананың, 
Ризалықпен жайласып 
Қолын алар кҥн қайда?-деп халықымыздың халықтық педагогика 
негіздерін алдымызға тартады. 
Махамбеттің ҿлеңдерінің бастан аяғына дейін жырлаған негізгі ҿзекті тақырыбы – жастарды елін, туып 
ҿскен жерін қорғау ҥшін «жалаулы найза қолға алып, жарақты жауды тоқтатып» туған халқы, елі ҥшін 
кездескен қиыншылықты жеңе білуге жас ҧрпақты ҥгіттеді. 
Махамбеттің:
Толарсақтан саз кешіп, 
Тоқтамай тартып шығуға 
Қас ҥлектен туған катепті 
Қара нар керек біздің бҧл іске. 
Қабырғасын қаусатып, 
Біздің бҥйткен бҧл іске, - деп аталатын ҿлең жолдарында жастарды 
қандай ма болмасын қиындықты жеңе білуге, туып ҿскен Отанын, елін сҥюге, елжандылыққа тҽрбиелеуге жас 
ҧрпақты ҥндеді: 
Махамбеттің «Қызғыш қҧс» ҿлеңінде де ақынның еліне деген сҥйіспеншілігі тамаша ҿрнектелген. Ақын 
психологиялық параллелизмді шебер қолдана отырып, қызғыш пен ҿз дағдырын салыстырады. Махамбет кҿл 
қорыған қызғыштай елі ҥшін отқа тҥседі: 
Ау, қызғыш қҧс, қызғыш қҧс, 
Қанатың қатты, мойның бос. 
Исатайдан айырылып, 
Жалғыздықпен болдым дос. 
Ау, қызғыш қҧс, қызғыш қҧс, 
Ел қорыған мен едім 
Мен де айырылдым елімнен 
Кҿл қорыған сен едің, 
Сен де айырылдың кҿліңнен. 
Махамбет ҿз туған халқының перзенті ретінде ҿз елінің болашағынан ҥлкен ҥміт кҥтті, елдің еркіндігін 
аңсады: 
Еділдің бойы ен тоғай, 
Ел қондырсам деп едім. 
Жағалай жатқан сол елге, 
Мал толтырсам деп едім… 


130 
Махамбеттің бҧл арманы бҥгінде орындалды, іске асты. Бҥгінде 
Қазақстан Республикасы – егеменді ел. Тҽуелсіздік алған мерзімнің ішінде Президентіміздің басшылығымен 
біршама жетістіктерге қол жетті. Қазақ тілінің мың оралымдығы, қасиетін ҧғындыруда ақын жырлары – ҧрпақ 
тҽрбиесінде баға жетпес байлық. Махамбеттің Исатай бейнесін кҿркем сомдауы, халық кегінің жолында 
кҿтеріліске шақыру болашаққа, келер ҧрпаққа деген нық сенімі жыр жолдарында ҿте кҿркем берілген. Ҧрпақ 
бойында ҧлттық рухты, ҿзіне деген сенімділікті, халқына деген қҧрметті қалыптастыруда Махамбет ҿлеңдерін 
тҥсіне отырып оқыту қажет. 
Біздің парызымыз – осы тҧлғаны ҧрпаққа таныту, оның жырларын ҿшірмей мҽңгілікке сіңіру Махамбет 
ҿлеңдері барша елдік, ерлік қуатымен, кҿркемдік қҧнарымен шетел тілдеріне аударылса, ҽлем халықтары 
сҥйіп оқитын қымбат шығарма, қазақтың тілін, ерлігін танытатын асыл қазына болары анық. Осы баға жетпес 
асылымызды оқыта отырып, жас ҧрпақтың ҿзін тани білу ҥн қосу. Жыр жолдарын ҧрпақ тҽрбиесінде орынды 
қолдану – ҧстаз міндеті. Махамбет жырлары миллиондаған жас жҥректерге ерлік рухын дарытып, ҥміт отын 
жағып, кҥш-қуат берері сҿзсіз. 
Махамбет поэзиясында оқушыларды жақсы ҿнеге, адамгершілікке ҥндеген терең философиялық тҥйін, 
парасатты ой, қайсарлық пен нҽзіктік аз емес. Оқыту ҥрдісінде оларды тҽрбиелік мақсаттарға ҧтымды 
пайдалана білу, ҿскелең ҧрпаққа дҽйектілікпен жеткізе білу – парызымыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   288




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет