Материалдары


Түйін сӛз: Абай, педагог, ғылым,оқыту,тәлім- тәрбие, ағартушы-ұстаз



Pdf көрінісі
бет113/288
Дата07.02.2022
өлшемі3,83 Mb.
#92795
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   288
Байланысты:
ЖИНАҚ БАҺАДҮР 22,10

Түйін сӛз: Абай, педагог, ғылым,оқыту,тәлім- тәрбие, ағартушы-ұстаз.
 
Ҿзін--ҿзі тану идеяларын философ, ақын Абай Қҧнанбаев мҧраларында кездестіру, оларды іздеп тауып
қазіргі кҥн кҽдесіне асыру заман талабы деуге болады. Осы орайда ақын шығармаларын зерттаушы ғалымдар 
мҽселенің осы тҧсына мҽн бермегені белгілі болды. 
Ғҧлама ақын Абай Қҧнанбаевтың ҿзін танудағы ізденістері ҽрине боз бала кезіндегі ізденістерінен бҿлек.
Мҧнда ол ҿзі айтқандай қалған ҿмірін қалай ҿткізудің мҽнін зерделеуді ҿзін-ҿзі пайымдаудан бастағанын 
кҿреміз. Ол «Бҧл жасқа келгенше жақсы ҿткіздік пе, жаман ҿткіздік пе, ҽйтеуір бірталай ҿмірімізді ҿткіздік: 
алыстық, жҧлыстық, айтыстық, тартыстық ҽурешілікті кҿре- кҿре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: 
қажыдық, жалықтық; қылып жҥрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын кҿрдік, бҽрі қоршылық екенін білдік. Ал 
енді қалған ҿмірімізді қайтып, не қылып ҿткіземіз? Соны таба алмай ҿзімде қайранмын» деп пайымдап 
келтіреді де одан кейнгі кезде не істеу керек деген ойда ҿзін пайымдауды «менің қолымнан не келеді»- деген 
ізденіс сҧрағымен жалғастырады. Осы қара сҿзінде ол ҿзінің қолынан не келетінін сараптап былай дейді: «Мал 


126 
бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар ҿздеріне керегінше ҿздері бағар. Енді қартайғанда қызығын ҿзің тҥгел кҿре 
қызығын ҿзің тҥгел кҿре алмайтҧғын, ҧры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін деп, қалған аз ғана 
ҿмірімді қор қылар жайым жоқ»-деп жазады.
44- қара сҿзінде «Адам баласы ҿзі қай жолда, қай майданда жҥрсе, сол майданджағй кісімен сырлас болады 
Оның ҥшін ҿзге жолдағылардан «бҽрекелдіні» оңды кҥтпейді. Маған «бҽрекелді» десе, осы ҿзімменен серіктес, 
сырлас осылар «бҽрекелді» дер дейді» деп ҽркімнің ҿзіне басқалардың берген бағасының ҿзін танудағы 
маңызын кҿрсетеді. Мҧнда, мысалы, кім де болса ҿз іс-ҽрекетінің нҽтижесін басқалардың бағалауы арқылы 
пайымдап ҿзінің мҥмкіндіктерін тани алады.
Ғҧлама ақын 7-қара сҿзінде ҿзіндік ізденіс белсенділігі мен салғырттықты ақыл ҿлшемі мен мҿлшерелеп 
сипаттайтын мынадай жолдар бар «...ешнҽрсеге кҿңілмен қарамадық кҿзбен қарамадық...кҿзбен кҿрген 
нҽрсенің сырын қалай болады деп кҿңілге салмадық...оны білмегеннің несі кетіпті дейміз... біреу кеткенін 
айтса: ҿз білгнім-ҿзіме...кісі ақылымын бай болғанша, ҿз ақылыңмен жарлы бол» деген деп ҿзінен басқаны 
танып-білуге ынтасы болмаған салғырттықты кҿрсетеді.
Адамның ҿзін тануы екі сипатта болса оның бірі кҿз кҿрінеу, анық байқалса, екіншісі оның ішкі жандҥниесі 
болып оны анық, тап басып танып-білу қийын. Тіпті ҽр алуан психологиялық тҽсілдерді пайдаланған кҥнде де 
терең тану мҥмкін емес. Бҧл туралы ақынның «кҿзбен кҿрген нҽрсенің де сыртын кҿргенге-ақ тойдық. Сырын 
қалай болады деп кҿңілге салмадық»- деп дерексіз ойлау, ақылмен пайымдау арқылы, сыртқы кҿрініс пен ішкі 
жандҥние арасындағы байланысты зерделеу арқылы тану керектігіне жаңсайды. Осы 7-қара сҿзінде ол 
«...оны(сырын) білмеген кісінің несі кетіпті дейміз. Біреу кеткенін айтса да ҧқпаймыз»- дейді, ол ҥшін адамның 
кҿкірегінде сҽуле, кҿңілінде сенім болуы керек екенін пайымдаймыз.
Қазіргі нарықтық экономика заманының адамдардың жандҥниесіне тигізіп отырған кесірі, оның алып келген 
пайдасынан зияны артық екенін педагог қауым айтьып келеді. Оның басты идеологиясы байлық, ақша, Абай 
тілімен айтсақ «мал» табу. Ғҧлама ақын 8- қара сҿзінде «Байлар...ҿзінде жоқты малымен сатып алады. 
Кҿңілдері кҿкте, кҿздері аспанда, адалдық, адамдық, ақыл, ғылым, білім – ешнҽрсе малдан қымбат 
демейді...Оның діні, қҧдайы, халқы, жҧрты, білімі, ҧят, ары, жақыны- бҽрі мал» дейді. Мал, мҥлікті болуды кім 
жаман кҿрсін. Бірақ адамшылықты да ҧмытпау керек қой. Бҧл ҽсіресе басқаларға ҥлгі болып, ҿнеге кҿрсететін 
ҧстаздарға аса қажет. Осы тҧрғыдан алып қарағанда баспа сҿз беттерінде кездесіп қалатын ҧстаздар қауымының 
арасында кездесіп қалатын теріс ҽрекеттер мен қасаң мінездер буыны қатпаған, жандҥниесі шыңдалмаған жас 
балалар мен жастардың санасында адамдық қағидаларына қайшы пікір туындатып, олардың да бойында сондай 
жаман мінез-қҧлық қалыптасуына алып келетіні белгілі. Демек Абай мҧрасы арқылы ҿзін - ҿзі тану дегеніміз- 
ақын шығармаларында берілген адамдардың теріс іс-ҽрекеті мен мінез-қҧлқы, жҥріс тҧрысы, санасыздық пен 
ойсыздық секілділерді «ҿз бойымда жоқ па екен» деп тексеру арқылы ондайлар бар болса жойып, жақсы 
жақтарын дамытуда ондағы пікірлерді негіңзге алу. 
Белгілі болғандай ҿзін тану жекелеген адамдардың ҥлесіндегі ғана іс емес, жалпы халықтың, ҧлыттың, 
ҧлыстың, белгілі бір топтың да ҿзін тануы тарихта бар. Осындай бҥкіл бір қауымның ҿзін тануына қатысты 
пікір Абайдың 9-қара сҿзінде бар. Айталық ол «ҿзіме-ҿзім ыза болғанымнан ба...сҿйлегенім ҿз сҿзім 
емес...кҥлгенім ҿз кҥлкім емес...» бҧл оның 2-қара сҿзіндегі ойларымен астарласады. Онда ғҧлама сол кездегі 
жалпы қазақ халқының ҿмірін ноғайлар, орыстар, ҿзбектермен салыстырмалай келе «оның бҽрі бірін-бірі қуып 
қор болмай шаруа қуып, ҿнер тауып, мал тауып, зор болғандық»-дейді. 
Адамның ҿзін-ҿзі тануының маңызды бағыттарының бірі ҿзіндік ізденуі болса бҧл туралы ақынның 10-қара 
сҿзінде «...ғылым табу керек. Ҿзің таба алмасаң балаң тапсын. Ғылымсыз ахретте жоқ, дҥниеде жоқ...» деген. 
Осы ҿзіндік ізденіс жолындағы аса маңызды ҽрекет толассыз іздену мен ҥйрену екенін ақын «кім де –кім 
ҥйреніп жетпей жатып, ҥйренгенін қойса, оны қҧдай ҧрды...»- деген 12-қара сҿзінде.
Ертеде, адамның ҿзін- ҿзі тануының ғылыми жолы психология тҧрғысынан толық зерттелмеген кездің ҿзінде, 
дін тҽрбиесі ерекше орын алғаны мҽлім. Сол кездерде ҽлеуметтендіру қызметінің бірі осы дін арқылы адамның 
ҿзін-ҿзі тануына шарт тҥзу болғаны белгілі. Қазіргі кезде де кҿптеген елдерде ҽсіресе, християн, будда 
діншілдері діннің қуатын адам тҽрбиесінде пайдаланып, адамның ҿзін тану мҥмкіндіктеріне жол ашуда. Осыған 
орай айтар болсақ мҧсылман дінінің де мҥмкіндіктерінің бар екенін ақынның 13- қара сҿзінен кҿреміз. Мҧнда 
ол иман туралы айта келіп ҽуелі не нҽрсеге иман келтірісең соған ақылмен сену; одан соң сол иман келтіріп 
отырғаныңа берік болу- деп кҿрсетеді. Сенімнің мықтылығы табандылқпен ҧштасады. Кез келген кҽсіпті 
меңгеруде сол саланың ҧстасы немесе шебері болу шексіз ҥйрену, табандылық жҽне ҿз мҥмкіндіктеріне 
сенумен ҿзін кҽсіби жетілдіру, ҧштау, жана тҥсу. 


127 
Абай шығармаларының басты ерекшелігі жеке адам не адамдар тобының мінез-қҧлқы мен жҥріс-тҧрысы, 
санасы мен сезіміндегі жаңсақ тҧстарын кҿрсете отырып оны болдырмаудың жолдарын нҧсқауында. Кейінгі 
кезде осыған орай ҽр тҥрлі пікірлер айтылыуда. Мысалы, біреулер Абай қазақты жаман кҿрген бе , неге жаман 
жағын ғана айтқан десе тағы біреулер қазақтар сондай ма? Олар мҽселенің бері жағын ғана кҿріп тҥп тҿркініне 
сҥңги алмағаны себепті осындай пікіроде болса керек. Ақынның бҧларды айтуының басты себебі, бірінішіден, 
оның халқы ҥшін жан-тҽнімен кҥйініуінде; екіншіден ол ҿз халқының теңдессіз данагҿйі жҽне патриоты, 
ҧлтшыл; ҥшіншіден, озық ойлы, болжампаз, жҽне кҿсем; ондай дамджардың жақсыға жету ҥшін жаманнан 
арлыу керек екенін алдымен айтьатыны тарихтан белгілі. Міне оның 14- қара сҿзіне ҥңілсек, мҧнда оның 
қазақтың жақсы тҧстарын кҿрсеткеніне кҿз жеткіземіз: «Айтқанға кҿнгіш, уағдаға тҧрғыш, бойын 
жаманшылықтан жиып алғыш, кҿштің соңынан итше ере бермей, адасқан кҿптен атының басын бҧрып алуға 
жараған, ҽділетті ақыл мойындаған нҽрсеге, қийын да болса, мойындау, ҽділетті ақыл мойындамаған нҽрсеге, 
оңай да болса, мойындамау –ерлік...» деген 
Осының барлығын жинақтай келе Абай «...ерлік, батырлық осы» мақтауға сиятын «жҥректі» адам міне осы деп 
кҿрсетеді. Бҧлар негізінен жҥректілік пен қоса адамгершілік қасиеттермен астарласып жатады. Ҧстаздар 
қауымына аса қажетті сапалардың бірі де осы. Демек ақынның бҧл пікірлерін ҧстаздық кҽсібіне ҿзін-ҿзі 
тҽрбиелелуде ҧстану мҥмкіндігі мол. Осы қара сҿзіндегі адамның ҿзін-ҿзі мінез-қҧлық тҧрғысынан тануына 
ықпал ететін аса маңызды тағы бір ой халқымыздың «суды сіңгін жерге сеп, сҿзді ҧғатын кісіге айт» дегенін 
ақын бір ҿлеңінде «онда ми жоқ, қҧлақ бар» деп келтірген. Ал мҧнда ол адамдардың кҿпшілігінің 
білмегендіктен емес біле тҧра іс жҥзінде ҧстамбағандықтан болатынын он жетінші қара сҿзінде ақыл, қайрат, 
жҥректі бірдей ҧстап ҧқтырушыны ғылым дей келе Абай «осы ҥшеуің бір кісіде менің айтқанымдай 
табылсаңдар, табанының топырағы кҿзге сҥртерлік қасиетті адам сол» - 
дейді. Осының ҿзі ҿзін ҿзі танып 
білуде не нҽрсеге мҽн беру керек екендігін кҿрсетеді. Мҧндай жігер - тҧрақтылық немесе беріктігі, айталық 
белгілі бір істі орындаудағы ҧстамдылығымен ҧштасады. Ал қайрат – ырықтылық, ерік кҥшінің мығымдығы 
немесе белгілі бір істі соңына жеткізу, жай ғана емес табысты, нҽтижелі тҥрде ҥддесінен шығу; байлаулылық -
табандылық-деп ҧғынып оны ҧстамдылық, ырықтылықпен тығыз байланыста қарастырған жҿн. Бірақ олардың 
ҽр қайсысы тҧлғаның іс - қимылында ҿзгеше нҽзік ерекшеліктерге ие. Ақынның осы пікірлерін адамның ҿзін 
тануында «мен қандаймын» сауалына жауап іздегенде пайдалана отырып ҿз бойындағы табандылығы, 
ырықтылығы, тҧрақтылығы негізінде бағалауға болады. 
Ғҧалама ҧстаздың 21- қара сҿзі адамның ҿзі мен ҿзін салыстырмалау арқылы ҿзін-ҿзі бағалауына қатысыты 
айтылған десек жаңылмаймыз. Ҿйткені мҧнда адамның ҿзін-ҿзі іштей тҥйсініп, сезінуіне байланысты екі тҥрлі 
сипатта бағалау- ҥлкендік жҽне мақтаншақтық деп келтірген. Сонда тҧлға ҿзін қай тҧрғыдан бағалауы керек 
дегенде ғҧлама ақын «надан атанбастығын, жеңіл атанбастығын, мақтаншақ атанбастығын, ҽдепсіз, арсыз, 
байлаусыз, пайдасыз, сҧрамшақ, ҿсекші, ҿтірікші, алдамшы, кеселді-осындай жарамсыз қылықтардан сақтанып, 
сол мінездерді бойына қорлық біліп, ҿзін ондайлардан зор есептемек. Бҧл мінез ақылдылардың, арлылардың, 
артықтардың мінезі» дей келе, адамның ҿзін-ҿзі басқаруында ҥнемі кҿкейінде тҧруы тиіс «ҿзімді жақсы демесе 
мейлі білсін, жаман дегізбесем екен» -деген ҧстаздар қауымы санасында тҧтуға тиісті тҧжырым ҧсынады. Осы 
жерде ғҧлама ақын адамдардың ҿзін тануында, ҿзін-ҿзі прайымдауында ескеретін тағы бір пікір надан, 
надандығы толық, адамдығы ҽбден толық емес, наданның наданы ҿзі адам емес-деген ҥш тҥрлі сипаттама 
береді. Ақынның осы қара сҿзін педагог мамандар ҿздері ғана танып –білуі аз, оқушыларына да жеткізуі тиіс. 
Студенттер ғҧлама ақынның тҽлім-тҽрбиелік пікірлерін практикада пайдалануына тірек болуын кҿздеп оларға 
ҽр қасысының ҿз бағдарламасын осы қара сҿз негізінде тҥзіп оны оқушылармен жҧмыста пайдалдану 
жолдарын қарастыруын жазбаша жобалауын ҧйымдастырдық. Сонымен қатар ақынның осы 38- қара 
сҿздеріндегі ҿзін тану пікірлерін жетік меңгеруіне шарт тҥзу мақсатында пікірталас, пікірсайыс, жазба 
жҧмыстар, дебат т.б. ҧйымдастырылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   288




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет