Есимова О.А., Керимкулова М.Ж., Омарова Қ.И., Адильбекова А.О. ӨНЕРКӘСІПТІҢ ӘР ТҮРЛІ САЛАЛАРЫ ҮШІН ЖОҒАРЫ БІЛІКТІ МАМАНДАРДЫ ШЫҒАРУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ Аңдатпа. Мақалада мемлекет басшысының отандық жоғары оқу орындары оқыту үдерісін ғылыммен және өндіріспен ұштастыру тәжірибесі туралы айтылған және химия және химиялық технология факультетінің 1,5 жылдық кәсіби магистратурада оқитын магистранттары үш жақты келісімшарттардың негізінде өндірістік практикадан өткені жайлы мағлұмат берілген. Өндірістік практиканың нәтижесінде магистранттардың өндірістен алған тәжірибелерінің негізінде біліктіліктері көтеріліп, ғылыми-зерттеу жұмыстарын өндіріс базасын қолдана отырып жүргізгені жайлы айтылған.