213
практика бағдарламасын орындау жөнінде келісім шартқа отыру болып табылады. Келісімшарт
бойынша химия және химиялық технология факультетінің «6М072000 – Органикалық материалдардың
химиялық технологиясы (коллоид)» мамандығы бойынша дайындаудың профильді бағытының 1,5
жылдық оқу магистранттарына өндірістік практика 4-ші қыркүйектен 11-ші қарашаға дейін өткізілді.
Коллоидтық химия білімнің айрықша шекаралық аймағы болып табылады. Коллоидтық химияның
қалыптасуы, дамуы, жетілуі химияның,
физиканың, қатты дене физикасының, материалдар
механикасының, реологияның, гидродинамиканың және т.б өзара әрекеті арқылы жүзеге асты.
Коллоидтық химияның шекаралық қасиеті оның іргелес салалардағы - биология, топырақтану,
геологиядағы жетекші рөлін нығайта түседі. Коллоидтық - химиялық заңдылықтарға мұнай шығару
және
мұнай өңдеу, құрылыс, тағам, фармацевтикалық және т.б өнеркәсіптер негізделінген.
Коллоидтық химияның қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешудегі үлкен рөлін айта кету қажет.
Қазіргі кезде коллоидтық химия дүниежүзілік мойындаған ірі ғылыми және практикалық бағыттармен
ұсынылған. Заманауи коллоидтық химия негізгі пән болып табылады және өнеркәсіптің әр түрлі
салалары үшін жоғары білікті мамандарды дайындауға ат салысады.
Мемлекет басшысы отандық жоғары оқу орындары оқыту үдерісін ғылыммен және өндіріспен
ұштастыру тәжірибесін қолдануы қажеттігіне назар аударды [1]. Осының негізінде жасалған түрлі
өнеркәсіп орындарымен келісімшарттар жасау барысында өнеркәсіптің білім беру бағдарламасын
құруға қатысу, өнеркәсіптің қажеттіліктеріне сай магистрлік диссератациялардың тақырыбын ұсыну
мүмкіндігі болып табылады. Сонымен бірге өнеркәсіп студентті жеке қорғау құралдарымен (көзілдірік,
маска, каска), арнайы киім және т.б қамтамасыз етеді, техника қауіпсіздігі бойынша нұсқау жүргізеді;
практиканттарды жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді; практиканттар жұмысын кадағалайды.
Өнеркәсіп жағынан практика жетекшісі магистранттың әл-Фараби атындағы ҚазҰУ химия және
химиялық технология факультетінде оқу барысында алған оның практикалық дағдылары мен
теориялық деңгейін бағалау мүмкіндігіне ие. Магистранттың ғылыми және практикалық зерттеу
нәтижелерін өңдеу және түсіндіру, практикалық дағдыларға ие
болу және олардың қолдануын
өнеркәсіптің әр түрлі салаларында айқын көрсете білу қабілеттіліктерін бағалау мүмкіндігіне ие.
Практиканы өту кезінде магистрант өнеркәсіптің жұмысымен танысуы қажет. Өнеркәсіп қызметінің
ғылыми-практикалық құрамы жайлы түсінікке ие болуы керек. Магистрлік диссертация шеңберінде
орындалатын, ғылыми-зерттеу жұмысын орындауға бағытталатын ғылыми жетекшінің
тапсырмаларын орындауы қажет. Берілген ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы және міндеттері
магистрант практикадан өтетін өнеркәсіп жұмысының бағытымен тікелей байланысты болуы қажет.
Сонымен қатар магистранттың негізгі мақсаты өндірістің міндеттердің білікті түрде орындауға
мүмкіндік беретін негізгі және кәсіби қызметтерді (шеберлік, дағдылар) игеру. Магистрлік
диссертация жоспарын орындауға біртіндеп өту жұмыстары жасалынды: диссертация тақырыбы
бойынша әдебиеттерді қарау және талдау, зерттеу нысандарын дайындау, ғылыми тәжірибелер жүргізу
үшін құралдарды таңдау.
Үш жақты келісім шарттардың негізінде магистранттар өндірістік
практиканы келесі
өнеркәсіптерде өтті: ЖШС «Ақтөбе мыс компаниясы», «Атырау мұнай өңдеу зауыты», «Байсерке-
Агро» ғылыми-өндірістік оқыту орталығы сондай-ақ Орал қаласындағы ЖШС «KazConstructionCroup»
және Атырау қаласындағы полипропилендік қапшықтар шығаратын ЖШС «КасХим» өндірісінде.
ЖШС «Ақтөбе мыс компаниясы». Қазіргі күнде Ақтөбе облысында екі кен орны жұмыс жасауда:
50-летия Октября және Приорское. Завод құрамында екі фабрика және зертхана жұмыс жасайды.
Байыту фабрикаларының жұмысы таныстырылды. Флотациялық байыту, соның ішінде завод көбікті
флотация әдісін қолданылды, флотациялық реагентер, жинағыштар (Аэрофлот 238, калий және натрий
ксантогенаттары, ізбес СаО, және т.б. қоспалар) туралы мәліметтер ізделінді. Лабораториялық
флотационды машиналардың жұмысы көрсетілді. ИК-спектроскопиялық және электронды-
микроскопиялық әдістермен кеннің құрамы анықталды. Магистирлік диссертация жұмысына қажетті
мәліметтер табылды. Өндірісін жетілдіру мақсатында компания жаңа технологияларды енгізіп, әлемдік
лидерлердің жабдықтарын қолданады, мысалы Outotec Technology Oy (Финляндия), Engineering
Dobersek GMBH (Германия) және Sandvik Rock Processing AB (Швеция).
Бұл экологиялық қауіптерді
минимизациялау арқылы өндірісітің интенсификациясын қамтамасыздандыруға мүмкіндік береді.
Өндірістік практика кезінде магистранттар: байыту фабрикаларының жұмысы таныстырылды,
флотациялық реагентер, жинағыштар (Аэрофлот 238, калий және натрий ксантогенаттары, ізбес СаО,
және т.б. қоспалар) туралы мәліметтер ізделінді. Электронды-микроскопиялық әдістермен кеннің
құрамы анықтау әдістерін меңгерді. Магистирлік диссертация жұмысына қажетті мәліметтер
жинақтады.
214
«Атырау мұнай өңдеу зауыты». Мұнайды өңдеу, анализдер жасау,
жалпы көптеген мұнаймен
байланысты жұмыстар «Орталық Зауыттық зертханасында» жасалады екен. Зауыт негізінен парафині
мол ауыр мұнайларды өндіреді. Зауытта, сондай-ақ сусабындар, іштен жанатын двигательдерге
арналған «Тосол-А-50 М2» майы, ыдыстар мен сантехникалық құралдарды жууға арналған «Афол»
сұйығы өндіріледі. Бұл өндірісте практикадан өткен магистранттың диссертациялық жұмыстың
тақырыбы «Мұнай негізіндегі эмульсиялардың тұрақтылығы» болатын. Осы тақырыпқа негіздей
отырып біршама зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік болды. Елімізде мұнай-газ кен
орындарының басым
бөлігі ашылған, дегенмен кейбір кен орындары әлі де игерілуде. 1 зертханада 10
шақты талдаулар істелінеді. Қолмен жасалынатын анализдерді, аппараттармен жасалынатын
анализдерді, хромотография сияқты жұмыстар атқарылады. Магистранттар көптеген анализдердің
жасалуымен, құрал-жабдықтарымен танысты. Суда еритін қышқылдар мен сілтілердің болуын және
шартты тұтқырлықты анықтау әдісін, хлорлы тұздардың құрамын және ағынның температурасын
анықтау әдісін, сүзу
коэффициентін анықтау әдісі, фракциялық құрамды анықтау әдістері қалай
жасалатынын, қандай құрал-жабдықтар қолданылатынын көрді.
Қазақ Ұлттық ауыл шаруашылығы университетімен бірлесіп құрған «Байсерке-Агро» ғылыми-
өндірістік оқыту орталығымен кафедрадан бес магистр үшін келісім шартқа қол қойылды. «Байсерке-
Агро» ҒӨОО базасында дәнді дақылдардың жаңа сорттары, пестицидтер мен биотыңайтқыштардың
сан алуан түрі, сондай-ақ ветеринарлық препараттар шығарылады. Сондай-ақ «Байсерке-Агро»
өндірістік шаруашылығы егін шаруашылығымен, мал шаруашылығымен, ет және сүт өңдеумен
айналысады. Магистранттар практика базасын толық аралап, зертханада көптеген зерттеу жұмыстарын
жүргізді. Олардың диссертацияларының тақырыптары осы өндіріс орында атқарылатын жұмыстарға
тығыз байланысты. Тақырып таңдау кезінде екі жақ зерттеу жұмыстарын өндіріспен байланыстырып,
маңызды тақырыптарды таңдағалған болатын. Сондай-ақ ЖШС «KazConstructionCroup» БҚО, Орал
қаласында және Атырау қаласындағы полипропилендік қапшықтар шығаратын ЖШС «КасХим»
өндірісінде практикадан өтті. Магистрант экструдер аппаратына шикізат
- полипропиленді салуды
бақылау. Экструдерден шыққан жіптерді лабораторияға анализге апару сынды жұмыстарды атқарды.
Зауытта «Арал Тұз», «Раменский» логотипсіз ақ қапшықтар, арнайы тапсырыспен келетін түрлі
тағамдарға арналған қапшықтар түрлері өндіріледі. ЖШС «КасХим» зауытында практикадан өткен
магистрантты үш жақты келісім шарттың негізінде ары қарай жұмысқа қабылдайтын болды.
Магистранттар өндіріс орындарында практикадан өту барысында теориялық білімдерін практикада
қолдана алды және өндіріс орындарында жұмыс істеуге құлшыныс білдіруде.
Қорыта келе Мемлекет басшысының отандық жоғары оқу орындары оқыту үдерісін ғылыммен және
өндіріспен ұштастыру тәжірибесі іске асып жатыр деуге болады. Өнеркәсіптің қажеттіліктеріне сай
білікті кадр дайындау, теориялық білімін өндіріс те практикадан өту арқылы шыңдау мәселесі шешіліп
жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: