Индустриалдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы бойынша мамандарды
дайындаудың және өнеркәсіптің әр түрлі салалары үшін жоғары білікті мамандарды шығарудың негізгі
бағыттары еліміздің жастарына жұмысқа орналасуына берілген үлкен мүмкіндік.
Магистранттардың ғылыми-тәжірибелік қызметін, көптеген әдістерді меңгеріп алуға ниеттенуін
және үлкен габаритті жабдықтарды меңгеруді белсендіру үшін, магистранттарды ақылы қызметке
қабылдаған дұрыс (лаборант, стажер және т.б.).
Өндіріс жақтағы практика жетекшісі магистранттарды көптеген әдістермен және технологиялармен
таныстырып, сонымен қатар магистранттарға өз бетімен жұмыс істеуіне сеніп, рұқсат берсе жастарға
өте үлкен көмек болар еді. Өндіріс орны практика өту кезінде магистранттардың теориялық,
практикалық білім деңгейін көре отырып, олардың келешекте қызметке орналасуына қызығушылық
тудырады деп ойлаймыз.