48-ші ғылыми-әдiстемелiк конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет234/295
Дата07.02.2022
өлшемі5,84 Mb.
#92969
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   295
Байланысты:
3-книга

Нысанбекова Л.Б.
«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕКЕ ҚҰҚЫҚ» ПӘНІ БОЙЫНША ТАҚЫРЫПТЫ БЕКІТУ 
НЕГІЗІ РЕТІНДЕ ЖАҒДАЯТТЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ҚОЛДАНУ
Аңдатпа. Мақалада құқықтық пәндерді оқытудың әдістерінің бірі, оның ішінде, ХЖҚ-ты 
тәжірибелік оқытуға ерекше назар аудару міндеті қарастырылады. Түсіндіру үрдісіндегі заманауи 
және инновациялық оқыту әдістерінің қажеттілігі анықталған. Нәтижесінде біз осы әдістердін 
бірін, яғни жағдаяттық есептерді қолданып тиымды жақтарын көрсетіп сабақ жоспарын 
ұсынамыз.


276
Түйін сөздер: құқық, оқыту әдістері, тәжірибелік сабақтар, жағдаяттық есептер.
Кіріспе
. Заң мектептерінің оқу жоспарларында басқа профильді пәндер арасында ХЖҚ оқытудың 
ерекше рөлі келесідей: ХЖҚ бойынша тәжірибелік дайындықты меңгеріп жатқан студент, дәстүрлі 
түрде саланың теориялық ұстанымымен, ғылыми мектептермен, танымал ғалымдардың 
монографияларымен, процедуралық заңдармен және сот практикасымен танысады. Атап айтқанда, 
нақты істерді оқып, процесстің нақты субъектілерінің құқықтарымен, міндеттерімен және 
функцияларымен танысатын рөлдік ойындарға қатысу мүмкіндігіне ие болады. Осы жағдайдағы 
оқытушының рөлі болып оқу барысында дәлме-дәл сабақ беріп, өз білімін жеткізу емес, студенттің 
білім беру қызметін ұйымдастыру табылады.Сол үшін студент сабаққа қызығушылық білдіру үшін 
әртірлі әдістерді қолдану керекпіз және оны болашақта тәжриебеде қолдануға мімкіншілік туғызуы [1].
Оқытушы оқушының академиялық қызметін оқу материалдарының мәтінін немесе мұғалімнің 
сөздерін пассивті сіңірмейтіндей, керісінше, екі дерек көзінен де қажетті ғылыми ақпаратты белсенді 
ойлап және шығаратындай етіп ұйымдастырады. Сол себепті, оқытушы білім беру қызметінің және 
тәрбиелеудің, сондай-ақ өзіндік жұмыс барысында, практикалық және зертханалық сабақтарда 
ұйымдастырушысы болып табылады.
«Халықаралық құқық» мамандығы бойынша негізгі бейінді пән ретінде «Халықаралық жеке құқық» 
пәнін оқу барысында жағдаяттық есептерді шешу үлкен маңызға ие, өйткені ол өмірлі мен ойдан 
шығарылған жағдайларға негізделген мәселелерді шешу үшін студенттердің өз білімін және 
тәжірибесін қолдану дағдыларын меңгеруін бақылауға көмектеседі [2]. Жағдаяттық есептермен жұмыс 
дәрісханада да, дәрісханадан тыс та (СӨЖ) екі кезеңде жүргізілуі мүмкін. Бастапқыда, оқытушы өткен 
тақырып бойынша есептерді келесідей сұрақтарға негіздей отырып дайындайды: тақырыпты, 
тақырыптың жағдаяттық есептермен өзара байланысын анықтайды; есептің сұрақтары мен студенттер 
екпін етуге міндетті мәселелерді құрастырады. Құрастырылған сұрақтар студенттерге дұрыс шешім 
табуға көмектеседі; есептің қиындық деңгейіне байланысты бағалау жүйесін құрастыру. Дәрісханадан 
тыс уақытта жағдаяттық есептерді шығару үшін, студент сипатталған жағдайды зерделеп, бар 
мәселедердің тиянақталуымен, жағдайдың дамуының болжауымен және мәселелі жағдайдың шешу 
жолдарын іздеумен байланысты тапсырмаларды орындау керек. Кейіннен, оқытушы бақылау 
мақсатында жағдаяттық есептерді оқытылып жатқан пән бойынша емтихан сұрақтарының қатарына 
қоса алады. Енді дәрісханалық және дәрісханадан тыс сағаттарда жағдаяттық есептерді қолданудың 
артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастырайық.
1) Жағдаяттық есептерді дәрісханада шешу жұп немесе топ ішінде мәселелі жағдайды талқылау 
ретінде құрылуы мүмкін, сондай-ақ тәжірибелік бақылау мақсатында жекеше қолданылуы мүмкін. 
Жағдаяттық есептерді шешуді қолдану кезіндегі бақылаудың артықшылығы келесіде: біріншіден, бұл 
үлкен аудиторияны қамтуға мүмкіндік береді, себебі сабақ барысында оқытушының тек екі-үш 
студентті немесе «жылдам» жауап алу барысында әр студентке 2 мин. (егер группада 30 студент болса) 
бөліп отырып, жай сұрастырғанына қарағанда, есептерді қолдану кезінде барлығын бір уақытта 
сұрастыру мүмкіндігі туады. Оқытушы есептерді шешу нәтижелерін бекітіп қана қоймай, сондай-ақ 
талдау жасау арқылы студенттерді бақылай алады, мәселен: студент нешінші талаптан нәтижеге қол 
жеткізді, шешуге неше уақыт қажет болды және т. с. с.
2) Жағдаяттық есептерді өзіндік жұмыс ретінде дәрісханадан тыс шешу(СӨЖ). Есепті дәрісханадан 
тыс шешудің артықшылығы - үйде ыңғайлы уақытта шешу мүмкіндігі; сондай-ақ студент өзінің 
жолдастарының пікірлерне көңілін бөлмей, өзіне берілген тақырыпқа толығымен араласып, жекеше 
ойлана алады. Оқытушы есептерді өзі құрастырған соң, студенттің сұрақтарға толықтай жауап 
беретіндігін, әлде ғаламтордан ақпарат алып мәтінді көшіріп алатындығын немесе біреудің 
көмектескендігін көру арқылы, студенттің өзін бақылау мүмкіндігі пайда болады. Оған қоса, 
дәрісханадан тыс қашықтықтан бақылаудың кемшіліктері де бар, себебі сабақтан тыс уақытта 
студенттің тапсырманы орындауға өзін-өзі мәжбүрлеуі қиынға соғады, сондай-ақ студеттің басқасынан 
шешімді сұрау арқылы қулық жасап көруі әбден ықтимал.
Нәтиже: Жағдаяттық есептерді бақылау құралы ретінде оқу үрдісінде оқушылардың өз 
мақсаттарына жетуі үшін қолданылады. Студент тек өз білміне ғана сене алатынын түсінгенде, ол 
көбірек оқуды бастап, өз мақсаттарына талпынады және сабақта тыңдаушылардың қатарынан, белсенді 
студенттердің қатарына өте бастайды. Жағдаяттық есептердің бақылау кезіндегі айтарлықтай маңызды 
артықшылығы болып білімнің дайын түрде емес, оқу арқылы берілуі табылады. Басқа адамдарды 
тыңдау және түсіну қабілеті пайда болады. Оқушылар үшін мұндай мүмкіндіктерді әрбір әдіс іске 
асыра алмайды. Оқытушы әрбір студент ешбір қиындықсыз желіге кіріп кез-келген ақпаратты таба 
алатындығын ұмытпауы тиіс. Сондықтан, жағдаяттық есептердің Ғаламтор желісінде «дайын 


277
жауаптары» болмауы міндетті. Бұл дегеніміз, мұндай тапсырмаларды құрастыратын оқытушы 
казустерді жасауға бар ынтасымен қарауы керек. Осылайша, жағдаяттық есептерді шешу білім беру 
үрдсінің тиімділігін арттырады, себебі, жағдайды модельдеуге, логикалық ойлауға және жаңа 
материалдарды, фактілерді меңгеру үшін жағымды ынталандыруды қалыптастырып, алдағы уақытта 
жаңа ақпарат алуға мүмкіндік береді, студент өзіне берілген жағдайды елестетіп және талдап бастайды; 
мәселенің негізінде жатқан мәселелерді келтіреді. Жағдаяттық есептерді оқу үрдісіне енгізу жаңа 
ақпаратты меңгеріп қана емес, өз біліміңді тексеріп, сондай-ақ қашықтықтан бақылау кезінде де 
мүмкіндік береді.
Қорытындылай келе, әрбір оқытушының міндеті - студенттің өз тақырыбына деген 
қызығушылығын қалыптастыру. Ал сабақтың негізгі мақсаты: студенттерге нормативтік-құқықтық 
актілерді қолдануға, ситуациялық есептерді шешуге, командада жұмыс істеуге үйретумен басқа пәнге 
танымдық қызығушылықты қалыптастыру; қарымқатынас дағдыларын үйрету: басқаларды тыңдау, 
ескертулерге барабар жауап беру; сөйлеу мәдениетін дамыту.
Құқықтану әдіснамасын білмейтін оқытушы-заңгер қазіргі қоғамның сұранысы бойынша білікті 
маман даярлауға қабілетсіз. Құқықтық мәселелердің құрылымын жақсы сезінбейтін оқытушы ешқашан 
заңды ойлауды үйретпейді және құқықтық сананы тәрбиелемейді. Заңды оған оқшау басқа да пәндер 
сияқты оқытуға болмайды, ол мүлде түрлі тәсілдерді талап етеді. Ең алдымен, бұның себебі, мұғалім 
алдымен дұрыс жауапты біліп, ал студент - оқытушының қандай жауаптар ұсынатынын нақты білуге 
міндетті, үстем жүйедегі құқықты оқыту, орталығында адамның жеке басы орналасатын 
интеллектуалдық құқық курсының негізгі қағидаларына қайшы келеді [3]. Өз пікірін оқушыға таңу 
әрекеті, оның құқықтарын бұзғанды білдіреді. Сол себепті, құқықты оқу барысында оқытушының 
көзқарасы түпкілікті шындық емес, және оқушының көзқарасы тіпті анық қателер болған жағдайда да 
құрметтелуі керек. Осындай сабақтардың негізгі қағидасы‒ оқытушы мен оқушының арасындағы 
ынтымақтастық қағидасы болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   295




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет