313
халқының рухани дүниесінің арсындағы тарихи мәдени байланыстарын жан-жақты қарастыру,
сонымен қатар казіргі кезең мен салыстырмалы түрде талдау жасау. Ұлы дала перзенттінің ғылыми
философиялық ой-пікірлерін зерделеу.
Сонымен қатар біртұтас, рухани, білімді адамды, ғаламшар азаматын, жаһандану ғасырында өмір
сүре алатын және бақытты бола алатын адамды қалыптастыру, ол қоршаған әлемді қорғап және сақтай
алатын, өмір сүру бейнесі басқа адамдарды түсініп, әртүрлі елдердің мәдениетін және өмірлік
тәжірибесіне құрмет көрсетіп, өзінің ұлттық әлем үлгісін дамытып, қорғай алатын болуы керек[3].
Даланың да өз тарихы болды және оның айталық, Еуропа немесе Таяу Шығыс тарихынан бір де бір
өрімі кем болған жоқ. Көшпенділер өздерінің даму жолында
ешбір елдігіне ұқсамайтын,
қарабайырлықтан аулақ қоғам құрды және төл мәдениетін өркендетті. Әрбір көшпенді халықтың өзіне
ғана тән келбеті, ерекшеліктері болады. Сонау қадым замандарда, алғашқы орта ғасыр, жаңа және
жаңаша дәуірлердегі дара тұлғалардың шоғырлары әр түрлі қоғамдық өмір саласындағы атқарған сан
қилы рөлдерін, ғылым мен мәдениеттегі, саясаттағы алып тұлғалардың аймағына қарап емес, әлемдік
өркениеттің дамуына қосқан ерен ой-пікірлерін айқындап, әділ пайымдайды. Әдетте ұлы адамдардың
өнегелі өмірі мен қыруар қызметі қашанда, Отанының тіршілігімен тұтасып жатады. Заманалар көші
озып, кейбір саяси жүйелер
келмеске кетеді, бірақ та ұлы адамдар мен елдің тұтастығы, бірлігі
ажырамайды. Ол жер бетіндегі «мәңгілік ел» әрі өзгермес ақыл-ой жаратылысының бұлжымас заңы
болып табылады.
Бұл мақсат келесі күрделі
Достарыңызбен бөлісу: