314
Фараби мұрасын оқытыдың алғашқы сенімді қадамдарын жасап, білім беру құрылымдарын түпкілікті
өзгерістерге әкелуді талап ете отырып, ең алдымен оқытушылардың өзіндік өзгеруін шамалайды, жаңа
оқу бағдарламаларын және барлық пәндердің ғылыми-әдістемелік
кешендерін құрып, тек қана
гуманитарикалық емес, сонымен қатар математика және табиғат туралы ғылым салаларына да
өзгертуді талап етеді.
Шығыстың бірінші ұстазы әл-Фараби айтқандай, қайырымды қала,
универсумның қажетті
құрушысы, сондықтан да мінсіз және бақытты қоғам құруға қажетті қағидаларды білу үшін, осы қоғам
енетін тұтастықтың қағидалары мен заңдарын білу қажет[5].
Әл-Фараби мұрасы бастапқы құндылық, жоғарғы рухани болмыспен тікелей байланысты “адам
жаны” феноменін сөзсіз тануға негізделеді. Адам – бастапқы құндылық, әрбір адам өз дамуында этнос
өкілі ретінде этникаланудың бірнеше деңгейінен өтеді. Тұлғаның этнос субъекті ретіндегі үйлесімді
дамуының көрсеткіші – оның өз жасы мен жынысына сәйкесті, диалектикалық бірлікте этноәлеуметтік
рөлдерді игеруі болып табылады. Руханилықтың басымдылығы оқытудың мазмұнын, әдістері мен
тәсілдерін таңдауды да анықтайды. Дәстүрлі білім беру жүйесінде – білім беру, оның игерілуін бақылау
негізгісі еді. Осы мәдени мұраны талдап, іріктей білу, оны қастерлей білу, болашақ ұрпаққа жеткізу
философтардың абройлы міндеті. Бұл міндеттер мүддесінен шығуда ұлы, ғұлама ойшылдарымыздың
тұжырымдарын басшылыққа алу көзделеді[6].
Атап айтқанда: Қожа Ахмет Яссауидің «Кемел адам» ілімі, Әл Фарабидің «Жан қуаты» ілімі,
Ж.Баласағұнның «Ізгілік» ілімі, Абайдың «Толық адам» ілімі, Шәкәрімнің «Шын адам», «Ар»
ілімдерін ұрпақ тәрбиесі туралы идея тұрғысынан қарағанда шыдамдылық пен төзімділік,
саналы
тоқтам, ұстамдылық, шүкіршілік пен қанағатшылдық (тойымсыздар мен ашкөздерге қарсы) сияқты
тұлғаның қасиеттеріне тәрбиелеу қызығушылық тудырады.
«әл-Фараби және қазіргі кезең»
курсының
қойып отырған міндеттері пәннің аумағынан асып түседі.
Әл-Фараби мұрасын оқыту Қазақ Ұлттық университетінің білім беру процесін дүниетанымдық
өзгертудің нақты бастамасы, деп анық тұжырымдауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: