48-ші ғылыми-әдiстемелiк конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет80/295
Дата07.02.2022
өлшемі5,84 Mb.
#92969
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   295
Байланысты:
3-книга

Қазақ тілі
өмір таныту, тәрбие беру, қарым-қатынас жасау құралы екендігі белгілі. Тіпті 
елдігіміздің бір белгісі – ұлттық тіліміздің өгейсімей дұрыс өмір сүруі. 
Тіл мен әдебиетті
оқи отырып 
адамдық борышың қалыптасады» [1,27]. Әдебиет пәні жеке тұлғаның, адамның рухани әлемін, оның 
адамгершілігін, ойлау қабілетін арттырып, сараптау, саралауға үйретеді, көңіл-күй сезімдерін, тілін, 
шығармашылық әрекет-бастауларын қалыптастыруда ерекше орын алады. 
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттейтін басты нысаны студенттерге тілді меңгерту, оқытып-
үйрету болғандықтан, ол ең алдымен тіл біліміне арқа сүйейді. Өйткені мектепте қазақ тілі пәнінен 
өтілетін материал 
тіл білімі
ғылымының негізіне сүйеніп, жоғары оқу орнына келгенде кәсіби қазақ 
тілін меңгеруге бағытталады. Бұл міндетті шешуде де тіл білімінің мағлұматтарына сүйенетіні белгілі.
 
Сондай-ақ қазақ тілін 
Қазақстан тарихы(Мәңгілік ел)
пәнімен байланыстыра оқыту арқылы 
студенттің танымдық көзқарасын, дүниетанымын қалыптастыра отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеуге 
болады. Бұл мақсатта 
«Менің Отаным 

Қазақстан», «Қазақстандағы тарихи ескерткіштер», 
«Халық қаһармандары – ел мақтанышы», «Қазақтың батыр қыздары» 
т.б. мәтіндермен жұмыс 
жүргізе отырып, студенттің танымдық көкжиегін дамытуға болады. Осы тұста оқытушыдан 
шеберлікті, ізденімпаздықты, білімділікті және ең ұтымды, ең қолайлы әдіс-тәсілдерді қолдана білуді 
талап етеді. 
Қазақ тілі проблемалары мен оларды оқыту үлгілеріне ерекше мән беріп, көп еңбек сіңірген тілші – 
ғалымдардың көрнектісі А.Байтұрсыновтың «сапалы оқытудың кілті – іздену, тиімді әдістерді тауып 
пайдалана білу, сабақ барысында үнемі түрліше әдістерге сүйеніп отыру керек» деген тұжырымын 
келтіруге болады [2]. 
Ең нәтижелі, ұзақ қалыптасқан байланыс 
қазақ тілі мен орыс тілі
арасында байқалады. Өйткені 
тілді үйретуде орыс тілінен алған түсініктеріне, ұғымдарына және білімдеріне сүйене отырып 
оқытудың маңызы зор. Сабақ кезінде студенттерге осы екі пән арасындағы байланысты ашып, қазақ 
тілін жете түсіндірген пайдалы. Бұл байланыс оқыту тиімділігін, оңтайлылығын анықтауға мүмкіндік 
береді. Орыс бөлімінде оқитын студенттерге қазақ тілін оқытып-үйреткенде грамматика орыс тілімен 
салғастырыла түсіндіріледі, айырмашылықтары мен ұқсастықтары айтылады. Осы екі пәннің 
арасындағы сабақтастықтың нәтижесінде студенттер тілді тез әрі түсіне отырып игереді. 
Қазақ тілі мәселелері мен әдістемесіне байланысты еңбектер жазып, құнды пікір айтқан педогог-
ғалымның бірі 
Ж.Аймауытов
қандай мәселені сөз етсе де, қай пәнді (педагогика, психология, 
дидактика) зерттесе де, ең маңызды орынға тіл, оның тазалығы мен дұрыс қолданылуы туралы мәселені 
қояды. Өйткені, автордың айтуынша, тіл- адам(бала) өмірінің ең алғашқы баспалдағы. Дүниедегі 
барлық тірлік ең алдымен тілден көрініс табады да, басқалары содан кейін іске асады.
Бұл мәселелер жөнінде ғалым: «... әр сабақ, әр пән бір жағынан өзіне тән мақсатын көздесе, екінші 
жағынан тіл түзетуге, тіл сабағының міндетін атқаруға тырысуы жөн, – деп айта келіп, Ж.Аймауытов 
тілді дұрыс үйрету үшін басты қағидаларды есте сақтағанды жөн санайды. Олардың қатарына баланың 
ой қабілеті мен өмірді ұштастыра отырып, 
пән аралық байланысты
күшейте келіп, көбінесе 
ынталандыру қасиетіне ерекше мән берген дұрыс деп есептейді [3,8]. 
Қазақ тілін медицина ғылымдарымен байланыстыра оқытудың да өзіндік ерекшеліктері бар. 
Мәселен, қазақ тілін оқытып-үйретуде кәсіби лексикаға байланысты әрбір факультетке арнайы 
медициналық мәтіндер беріліп, солармен жұмыс жүргізеледі. Студенттер мәтін бойынша берілген 
тапсырмалар арқылы тақырыптың жалпы мазмұнын түсінуге, аударма жасай отырып, болашақ 


93
мамандығына қатысты лексиканы игереді. Сондай-ақ сол алған ақпараттар арқылы сұхбат жүргізуді, 
сырқатнама жазуды үйренеді. Қазақ тілінде көненің көзіндей болып, көптен келе жатқан бір алуан 
сөздер анатомиялық атаулардың қазақша айтылуын білу, оны қолданысқа енгізу әрбір ағза атаулардың 
сырына үңілуге жетелейді. 
Медицина жоғары оқу орындарында қазақ тілін медицинамен байланыстыра оқыту өмір талабынан 
туған нәрсе. Өйткені мамандығына қатысты арнайы мәтіндерді оқып кәсіби лексиканы меңгеру 
арқылы өз ойын жазбаша және ауызша дұрыс жеткізуге дағдыланады. Пәндер арасындағы 
сабақтастықты іске асыруда өтілетін тақырыптарға байланысты бірімен екіншісі ұштастырыла 
өткізілсе, сабақ қызықты әрі түсінікті болады

Сондай-ақ қазақ тілі пәнінің психологиямен байланысын сабақ барысында айқын байқауға болады. 
Психология студенттің психологиялық ерекшеліктерін сипаттайтын болғандықтан, ол оқытудың әдісі 
мен тәсілін психологиялық тұрғыда дәлелдеуге көмектеседі. Сөйтіп қазақ тілін оқытуға қатысты 
материалдарды дұрыс түсініп, тәжірибе жүзінде шешуге мүмкіндік береді. Оқытушы осы орайда өзінің 
әрбір студентін, оның психикасын, материалды қабылдау және есте сақтау дағдыларының дәрежесін 
білуге жағдай жасайды, студенттерді жүйелі зерттейтін әдістермен қаруландырады. Студенттердің 
психологиясын, жеке басының ерекшеліктерін, ойлау қабілетінің даму үрдісін білмей тұрып, қазақ тілі 
пәнін оқытуда қолданылатын әдістер мен тәсілдерді тиімді пайдалану мүмкін емес. 
Сонымен қазақ тілін оқытып-үйретуде пәнаралық байланыстың негізінде халқымыздың рухани 
мәдениеті мен тыныс-тіршілігінен қажетті мәліметтер бере отырып, қазақтың этнопедагогикасының 
танымдық, тәрбиелік және дамытушылық қызметтерінің мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланған жөн. 
Доцент А.Жанәбілова «Пәнаралық байланысқа негізделген проблемалық оқыту технологиясы» 
атты мақаласында проблемалық ситуацияны шешу арқылы оқушылардың шығармашылық ойлауы 
дамиды, интеллектуалдық таным үрдісі жетіледі дей келіп, өз ойын былай білдіреді: «Пәнаралық 
байланысқа негізделген шығармашылық тапсырмалардың тіл дамытудағы тиімділігі- оқушылар бұл 
оқыту түрінде ғылыми ізденіспен, зерттеушілікпен айналысады. Ойлаумен бірге тілдері де дамиды 
[4,80]. 
Сабақ оқу – тәрбие үрдісінің ең басты, маңызды мәселесі. Жалпы алғанда бір сабақ барысында 
оқыту, тәрбиелеу, дамыту үрдістері қатар жүріп жатады. Бұл пәнаралық байланыс негізінде болатын 
құбылыс. Студенттердің танымдық белсенділігін арттыру, мәселенің шешімін өз бетінше табуға 
ұмтылушылыққа тәрбиелеу – оқытушының басты міндеті. Ол талданылатын тақырыпқа сәйкес, соны 
ұғынудың алғашқы баспалдағы болатын немесе оның мәнін ашатын материалдарды таңдай отырып, 
сабақты жан- жақты мазмұнда түсіндіреді. 
Сабақ барысында пәнаралық байланыстарды дамыта отырып, студенттердің ғылыми ой-өрісін 
жетілдіруге, мынадай жетістіктерге қол жеткізуге болады: 

сабаққа қызығушылығын арттырып, шығармашылық жұмыс істеуіне септігін тигізеді; 

студенттердің бойында өз біліміне сенімділігі, қабілеттілігі, жауапкершілікті сезіну сияқты 
қасиеттер қалыптасады

өз бетінше қорытынды жасауды, сөйлеу мәдениетін, ғылыми ақпараттарды білуге үйренеді. 
Қорыта айтқанда, пәндерді байланыстыра оқыту студенттердің ғылыми көзқарасының 
қалыптасуына, білімді жүйелі түрде алуына, танымдық дәрежесінің нығайып, молаюына көмегін 
тигізеді және олардың әрбір қоғамдық құбылысқа ғылыми тұрғыдан қарауына көмектеседі.
ХХ ғасыр басында педагог-ғалым Ж.Аймауытовтың «Сабақ беру-үйреншікті жай ғана шеберлік 
емес, ол-жаңадан жаңаны табатын өнер» деген ұлағатты сөзі ұлт болашағын ойлайтын әрбір педагогқа 
үлкен міндет жүктейді. 
Әдебиеттер тізімі: 
1.
Біләлова. А. Шешендік өнер. //Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2010, №1.
2.
Байтұрсынов. А. Қай әдіс жақсы // Жаңа мектеп. – 1928, №4. 
3.
Аймауытов Ж. Тәрбиеге жетекші. – Орынбор: Қазмембас, 1924. 
4.
Жанәбілова А. Пәнаралық байланысқа негізделген проблемалық оқыту технологиясы.//Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2009, 
№ 4. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   295




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет