48-ші ғылыми-әдiстемелiк конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет79/295
Дата07.02.2022
өлшемі5,84 Mb.
#92969
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   295
Байланысты:
3-книга

Түйін сөздер: кәсіби лексика, оқытуды ұйымдастыру, жазу сауаттылығы, мәтін тапсырмалары, 
қолайлы әдіс-тәсілдер.
 
 
Қоғам егеменді еліміздің білімді де саналы, үйлесімді дамыған, ғылымның соңғы жаңалықтарын 
игерген, дүниетанымы берік қалыптасқан, белсенді маман даярлауға мүдделі. Сондықтан жоғары оқу 
орындары мен арнаулы оқу орындары ғылым мен техниканың жоғары жетістіктеріне сай теорияны 
меңгерген, қоғам сұранысына жауап бере алатын мамандарды қалыптастыруды көздейді. Соған орай 
білім беру мазмұнын ізгілендіруде оқу пәндері көлемін, құрамын өзгертіп, жаңа пәндер енгізіп, заман 
талабына сай оқытуды ұйымдастырудың жаңа формалары мен технологияларын іздестірудің 
қажеттілігі туып отыр. 
Оқыту
таным әрекетінің ерекше түрі және білім берудің негізгі жолы болғандықтан, оны дұрыс 
ұйымдастыру білім сапасының жоғары болуына көмектестеседі. Оқыту – екі жақты үрдіс. Ол – 
сабақ 
беру
(оқытушының әрекеті), 
оқып – үйрену 
( студенттің әрекеті). Оқытушы сабақ беру кезінде 
студенттердің таным әрекетіне және тәжірибелік әрекетіне басшылық етсе, үйрету білімді, іскерлікті, 
дағдыларды меңгерту үрдісі болып табылады.
Бүгінгі таңда білім беру жүйесіндегі оң өзгерістер пәндерді өзара байланыстыра отырып, көп 
нәрсеге қол жеткізуге болатындығын дәлелдеп отыр. Осы орайда жоғары оқу орындары білім беруде 
студенттің игерген білім, дағдысымен шектелмей, оның шығармашылық белсенділігін, кәсіби 
біліктілігін өз бетімен әрекет жасау мүмкіндігін, пәнге қызығушылығын, ғылыми көзқарасын, кәсіби 
мәдениетін т.б. қалыптастыру мақсатын көздейді. 
Қазақ тілі ана тілі ретінде барлық пәндерді меңгеру, игеру құралы болғандықтан, оның қай 
тақырыбы болса да кез - келген пәнмен байланыстыра жүргізуге қолайлы. Тіл кез -келген танымдық 
іс-әрекеттердің құралы, ойлаудың формасы және оны дамытудың негізі болып табылады. Сондықтан 
да пән ретінде оқылатын қазақ тілінің болашақ қоғам иелерін тәрбиелеуде маңызы зор. 
Қазақ тілін әдебиет, орыс және шетел тілі пәндері, Қазақстан тарихы, психология, медицина 
ғылымымен және т.б. пәндермен байланыстыра оқыту арқылы да студент білім алу қажеттілігін 
түсінеді. Бұл байланыс көбінесе тіл ұстарту мақсатында жасалып, нәтижесінде студенттердің сөздік 


92
қорын байытуға, танымдық көзқарасын қалыптастыруға жол ашады, өзге тілдерде кездесетін ортақ 
грамматикалық ерекшеліктерді, ережелерді байқауға мүмкіндік туады 
Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының тарихында көрнекті тілші – ғалым Ахмет 
Байтұрсынұлының көшбасшысы болғаны белгілі. Бүгінгі таңда ғалым А.Байтұрсынұлының оқудың 
негізі білімді өз бетінше алу екені туралы айтқан пікірлері құнды екені сөзсіз. Ол педагогиканың өзекті 
мәселесі болып отырған студенттің өз әрекетіндегі субъектілік қызметін арттыру міндетіне сай келеді. 
Қазақ тілі пәнін оқыту барысында 
әдебиет пәнімен
жиі байланыстыруға болады. Қазақ тілін 
оқытып-үйретуде грамматиканы жалаң түсіндірмей, қосымша арнайы тақырыптарға байланысты 
мәтіндер беріледі. Мәселен, 
«Қазақтың көрнекті ақын-жазушылары», «Адамзаттың Абайы
»,
«
Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері»
, т.б. мәтіндерді оқыту барысында қазақ тілін әдебиетпен 
байланыстырып оқытудың маңызы зор. Бұл жағдайда студенттердің тіл байлығы кеңейіп, ойын жүйелі 
жеткізуге дағдыланады.
Сонымен қатар қазақ тілі сабағын 
әдебиетпен
байланыстыра отырып, студенттің ұғымына 
түсініксіз, ауыр тиетін сөздердің мағынасын, оның шығу тегін, тарихын, түсіндіру тиімді. Демек, сөзді 
орынды жерде қолданып, оның мағынасын жетік білетін студент өз бетімен сөйлем құрап, оны ауызша 
сөйлеу тілінде шебер қолдана алатыны сөзсіз. Осы орайда
 
А.Біләлованың мына пікіріне назар 
аударайық: «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   295




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет