48-ші ғылыми-әдiстемелiк конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет82/295
Дата07.02.2022
өлшемі5,84 Mb.
#92969
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   295
Байланысты:
3-книга

2
.0 Университет
» 
– ғылыми және білім беру бағдарламалары жүзеге асырылатын 
университет (зерттеу университеті үлгісі). «3.0 Университет
» 
– инновация экожүйесі, кәсіпкерлік 
университеті моделі болып, көбінесе шетелдік жоғары оқу орындарына тән. «4.0 Университет»
 
– бұл 
университеттің жекелегенкафедралары (барлығы емес), өнеркәсіптік кәсіпорындарда кездесетін 
мәселелерді шешу үшін ресурстар мен құзыреттерге ие болған кезде қалыптасады. 
Осындай оқу орнының рухани-адамгершілік миссиясы қалай болуы керек, адамзат болашағы үшін 
жауап бере алатын өз заманының шынайы азаматтарын қалыптастыруда оның рөлі қалай болмақ? 
Қазіргі қоғамда ерекше талқылауға ие болып жатқан түсініктердің бірі – «Рухани жаңғыру» ұғымы. 
Елбасы өз мақаласында нақтылап айтып, «жаңғыру» үшін қандай міндеттер атқаруымыз керектігі 
талдап көрсетілген.
Біздің көп жылдар бойы өз жолымен жүріп, өз дәстүрін сақтай алмаған, үстем мәдениеттердің 
ықпалында болып, өзге мемлекеттің құрамында келгеніміз құпия емес. Қазір біз өзіміздің қазақи 
дәстүрлерімізге, туған жер табиғаты мен шаруашылық жүргізудің озық бағыттарына бет бұрып, үлгілі 
тәжірибелерді дамыта отырып - қазақтың өзіндік ұлттық даму жолына түстік.
Егер біз технологиялық, экономикалық жаңғыру туралы ойлансақ, әлемнің барынша дамыған 
алпауыт елдерімен технология жарыстыру дәл қазір қиындау болуы мүмкін. Ал рухани жаңғыру 
дегеніміз ол ұлттың мәдениеті, өнері, әдебиеті, тарихы, табиғаты, ұлтық ерекшеліктері және 
шаруашылық жүргізу әдістері мен тәсілдері тұрғысынан жаңғыру деп түсінген дұрыс. Біз көп жылдар 
бойы халқымыздың бай тәжірибесін өзгенің айтуы және көрсетуімен, солардың ыңғайына қарай 
жүргізіп, сол арқылы бірнеше ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырдық. 
Енді рухани жаңғыру кезінде ең алдымен біз елін, жерін, табиғатын, халқын шын сүйетін ұрпақ, 
қалың қауым тәрбиелейміз десек, әуелі ұлттық санамыз жаңғыруы керек. Қазақтың ертеңгі ұрпағы ең 
әуелі осы елді, осы кең байтақ жерді қалай иеленгенін, бұған қанша қан төгіліп, қанша тер сіңгенін, 
мұндай ұланғайыр даланы біздің ата-бабаларымыз қалай сақтап қалғанын, бұл аумақты бізге өсіп-өну 
үшін аманаттап кеткенін, осы дархан даланың әр қарыс жері үшін батырларымыздың, хандарымыз бен 
билеріміздің қасық қаны қалғанша қалай күрескенін бүгінгі ұрпақ білуі керек. Сонда ғана тарихын тану 
арқылы қазіргі жастардың бойында қазақ екенін мақтан тұтатын, «мен мынадай ата-бабадан, намысын 
таптатпаған ержүрек, батыр ұлттан тараған ұрпақ екенмін ғой» деген түсінік қалыптасқан, елі мен 


95
жерін сүйетін шын мәніндегі отаншыл, ұлтшыл, патриот ұрпақ өсіп-өнеді деп ойлағанымыз жөн [1]. 
Өйткені кезінде ұлы ойшыл Конфуцийдің «Ең мықты заңдар халықтың дәстүрлері» дегенін 
ұмытпағанымыз дұрыс. 
Рухани жаңғыруда әрбір ғылымның, соның ішінде табиғат ғылымдарының, атап айтқанда 
география ғылымының орны ерекше. Қазақ даласының әр өңірі, әрбір төбесі, әр тал шөбі, әрбір жан-
жануары киелі. Сондықтан ата мекеннің асты да, үсті де - қазақтың байлығы. Оларды ғылыми 
географиялық тұрғыдан жеткілікті зерттеу студенттерге рухани-адамгершілік тәрбие беруде аса 
маңызды болып табылады. 
Ұлылар мекені, дүрлер даласы - қасиетті Маңғыстау жерінің таңғажайып табиғаты мен 
шаруашылық жүргізу тәжірибесін, қайталанбас киелі орындары мен аңыз-мұраларға толы тарихи 
орталықтарын, әлсіздер мен жәбірленушілерге денсаулық пен күш сыйлаған қасиетті ескерткіштерін – 
яғни өлкені талапқа сай тани отырып, оны өскелең ұрпақ санасына сіңіру арқылы біз рухани жаңғыра 
аламыз.
Жер шарының шөлді жерлерін зерттеген ғалым Борис Федорович былай деген екен: Егер сіз дүние 
жүзіндегі шөлді аймақтардың, таулардың, сортаңның түрлерін, сондай-ақ теңіз деңгейінен 132 метр 
төмен жатқан сусыз тереңдіктерді, желдің ғаламат күші мен басқа да табиғаттың тамаша 
құбылыстарын көргіңіз келсе Маңғыстаудан басқа жер таба алмайсыз [2]. 
Асанқайғы Маңғыстауға үш барып, үш кайтыпты. Екі баласы: «Маңғыстау малға жайлы қоныс бола 
алар ма?» – деп сұраған екен. Сонда Асан бабамыз: «Түбінде мал баққан шаруаға Маңғыстаудан жақсы 
жер болмас» – деген екен [2]. Маңғыстау жері ықылым замандардан құпия сырымен таңғалдырып, 
тамсантып келе жетқан киелі өлке. Бұл өңір үш жүз алпыс әулиеге мекен болған. Ел аузында 
Маңғыстаудың ойында осынша әулие болғандығы айтылады. Олардың бәрі де ел-жұртына қалтқысыз 
қызмет еткен. 
Маңғыстау үстіртке, теңізге, мұнайға бай өлке. Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік пен құрмет 
қалыптасқан өңір. Елін, жерін сүйетін адам туған топырағының кешегісін бүгінімен, бүгінгісін 
ертеңімен жалғастыра алады. 
Маңғыстау ойың терең, қырың биік, 
Жат жерге кете алмадым көзім қиып. 
Жат жерге кетіп едім сені қиып, 
Көзімнің жүре алмадым жасын тыйып, – деген екен суырыпсалма ақын Түмен Балтабасұлы туған 
жерімен қоштасып тұрып [3]. 
Рухани-адамгершілік құндылықтармен білім жүйесін дамытып қалыптастыру жаңа қоғамның 
дамуындағы мәні зор, маңызды бағыт.
XXI ғасырға аяқ басқан кезімізде, рухани байлықты, адами қасиеттер мен дене күшін жетілдіруді 
үйлесімді ұштастыратын жаңа адамды тәрбиелеу мүмкіндіктері ұлғайып келеді. Бүкіл адамзат 
баласының алдында тұрған күрделі мәселелер арасында басқа ғылымдермен қатар географияны 
зерттеу – табиғи байлықтарды, жер, су, өсімдік, жануарлар дүниесін қорғап, оларды тиімді пайдалану, 
шаруашылықты ұйымдастыру және жүргізу проблемалары кейінге қалдыруға болмайтын, 
дүниежүзілік аса жауапты талап болып отыр.
Сол себепті де жастардың бойында ізгілікті дүниетаным қалыптастыру мәселесін шешу білім 
ордаларында оқу-тәрбие ісінің алдында тұрған келелі міндет саналатыны анық. Қазақстан 
Республикасы «Білім туралы» Заңында «білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы 
адамзаттық қазыналар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру мен 
дамыту үшін қажетті жағдайлар жасалу қажет» делінген. Бұл міндетті шешуде адамгершілік 
құндылықтар негізінде білім беру арқылы жастар бойында адамгершілік біліктілікті, дүниетанымдық 
көзқарас этикасын, адами қарым-қатынас, адами қасиеттер мен сезімдерді дамыту алға қойылады. 
«Адамгершілік» ұғымының соншалықты кең, ауқымы, терең, салиқалы болғанымен, адамгершілік 
қасиеттер күнделікті өмірде сәл нәрседен, бір сәттен, әрбір қылықтан, бір ауыз сөзден, бір істен, бір 
әрекеттен байқала қалатыны белгілі. Балалардың айналасындағы адамдарға, табиғатқа, қоршаған 
ортаға, жан-жануарлар, ақ-құстар, өсімдіктер, яғни, тірі және өлі табиғаттың қай-қайсысына да болсын 
адамгершілікпен қарым-қатынас жасау қажеттілігін сезіндіруде адамгершілік құндылықтар негізінде 
білім беру аса маңызды.
Жаңа кезеңде білім берудің өзекті мәселесі – студенттерге рухани-адамгершілік тәрбие беру болып 
отыр. Осы кезге дейін білім беру саласында білімнің сапасына үлкен мән берілсе, бүгінгі күні білім 
сапасымен бірге жастардың рухани, ішкі дүниесіне де көңіл бөлінуде.
Адамгершілік тәрбиесінің теориялық мәселелері әл-Фараби, Ыбырай, Абай, т.б. еңбектерінде 
кеңінен қолданыс тапқан. Әл-Фараби «Адам өз өмірінің қожасы, сондықтан өз бағытын өзі жасауы 


96
керек. Ол не нерсеге де ұқыптылықпен қарап, жиған-тергенін орынсыз шашпай, кез келген адамға 
сырын ашпай, өзінің мақсат мүдделері жөнінде достарымен ғана бөлісіп отыруы керек. Осылайша өмір 
сүрген адамның ғана ар-ожданы таза болады» деген.
Ұлы Абай адамгершілік, әдептік нормалары жайында көптеген пікірлер қалдырды. Оның бірінші 
қоятын талабы – мораль жағынан ұстамды, таза болу, сыпайы мінезді, жақсы құлықты, әділетшіл, 
шыншыл болу. Әдепсіз, арсыз, байлаусыз, сұрамсаң, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді сияқты жаман 
мінездер мен әдеттерден, жарамсыз қылықтардан сақтанып, өзін одан жоғары санап, ондай 
қылықтарды бойына лайықсыз көрсе ғана, адам парасатты болады. Абайдың қоятын екінші талабы – 
тұрақтылық, «Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегеніне тұрарлық, мінезде азғырылмайтын ақылды, 
арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын» дейді. Үшінші талабы – әділетшілдік. Әлеуметтік 
міндеті – дүниені белсене құрушы адамның бірі болып, халқы, Отаны үшін қызмет істеуі. Ақын 
мейірімділік қасиетке терең мән береді (төртінші қара сөзі).
Адамгершілік тәрбиесі күрделі де қайшылыққа толы процесс. Сондықтан, адамгершілікке баулу 
дегеніміз – ол адамдардың үлкен бе, кіші ме, әрбір істеген ісін, сөйлеген сөзін, өзгелермен қарым-
қатынасын ақылға салып, ар-ұят таразысынан өткізіп, біліммен ұштастырып, ең әділ, ең дұрыс жолын 
таңдап ала білуі.
Бұл мәселеге байланысты Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев
:
«… жаңа жағдайларға байланысты бәрімізді 
алаңдататын мәселе – білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық 
саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани және адамгершілік 
мүмкіндігі мол тұлға қалыптастыру болып табылады», – деп атап көрсетті.
 
Студент жастар – өз заманымен қатар қадам басатын, қоғамның алға басушы күші, олардың ішінен 
әртүрлі салада қызмет ететін тұлғалар қалыптасады. Әр студент – зерттелмеген құпия. Сол 
зерттелмеген құпияны болашақ университеттерінде ашып, оның басқаға ұқсамайтын қасиетін тани 
білу – география мамандығы ұстаздары алдына үлкен талап қояды. 
Қазіргі заманғы география ғылымы – қоршаған табиғи орта, тұрғындар географиясы, экономика мен 
ауыл шаруашылығы салаларының географиясы, табиғи ресурстарды пайдалану географиясы туралы 
білімдер мен идеяларды қамтитын түрлі ғылымдар мен бағыттардың күрделі кешені болып табылады. 
Әр түрлі мәселелер мен проблемаларды бір ғылым контекстінде оқып-үйрену өте қиын және мүмкін 
емес дерлік тапсырма. Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану географиясы проблемалары үнемі 
экономикалық салалар географиясына сәйкес келмейді, ал тұрғындар географиясы проблемалары елді 
мекендердің орналасуы мен түрлі аумақтардың табиғи ресурстарын оңтайлы пайдалану географиясына 
сәйкес келмейді.
Бұл, әсіресе, әлемде күн сайын күрделеніп келе жатқан экологиялық проблемалы аумақтарға 
қатысты. Адамзаттың ғаламдық проблемалары және олардың географиясы қазіргі табиғи және 
экономикалық заңдарға сәйкес келмейді. Осының бәрі қазіргі заманғы географияны зерттеудің 
күрделілігі мен алуан түрлілігін көрсетеді. 
XIX ғасыр және XX ғасырдың соңы география ғылымы үшін жаһандық географияның өркендеу 
дәуірі болды. Заманауи ғылымның жетістіктері көптеген географиялық фактілердің шынайылығын 
тексеруге мүмкіндік берді. ХХ ғасырдың аяғында авиация, космонавтика, картографиялық 
материалдарды тексеруге және растауға, мұхиттың аса тереңдіктерін, орталық экваторлық 
ормандарды, тропикалық шөлдерді және биік таулы аймақтарды одан әрі зерттеуге мүмкіндік берді. 
Сонымен бірге, географиялық ортаға адамның техногендік әсерінің артуына байланысты жаһандық 
географиялық процестер мен құбылыстардың өзгеру қаупі пайда болды. 
ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басы географиялық қабықтың жаһандық жылынуы және 
сонымен байланысты поляр мұздықтарының еруі, атмосфералық айналымның бұзылуы және басқа 
геоэкологиялық проблемалардың туындауымен сипатталады. 
Орман өрттері, су тасқыны, ең жоғарғы температуралардың көтерілуі, жер бетінің техногендік 
қозғалысы және тағы басқалар қоғам мен табиғат өмірінде күнделікті дегендей болып жатыр. Осыған 
байланысты, геосфераның географиялық ерекшеліктерін, оның жеке бөліктерін зерттеу заманауи 
географияның маңызды міндеті болып табылады.
Қазіргі заманғы география көптеген елдерде жалпы географиялық қабық, әлемнің әртүрлі 
өңірлерінің табиғи және экологиялық ерекшеліктері туралы қолданбалы ғылымға айналды.
Сондықтан қазіргі және 4.0 Университет»
 
географиясы – Отанын, табиғатын сүйетін, шаруашылық 
жүргізу тетіктерін құрметтейтін, адамзат болашағы үшін жауап бере алатын өз заманының шынайы 
азаматтарын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады деп сенуге болады. 


97
Ал білім беру жүйесінде университеттің рухани-адамгершілік миссиясын талапқа сай орындауы 
мақсатында географияның рөлін күшейту үшін бұл ғылымның рөлі мен орнын қайта қарауда нақты 
қадамдар қажет. 
Осы бағытта тұлғаның қалыптасуына, азаматтық позицияның қалыптасуына басқа ғылымдармен 
бірге қазіргі география ғылымын терең үйрену жаңа университеттегі студенттердің өзін-өзі басқару 
органының рөлі өте үлкен болуы тиіс.
Осы бағытта оқу орнындағы жастар ісі жөніндегі комитет маңызды бөлімше болып табылады. 
Жастар ісі жөніндегі комитет – «4.0 Университеттегі» студенттердің өзін-өзі басқару органымен тығыз 
жұмыс істейтін, кураторлық қызметпен қамтамасыз ететін, университеттік, қалалық, облыстық, 
республикалық, халықаралық деңгейлердегі іс-шаралардың ұйымдастырылуына жауап беретін 
бөлімдердің бірі болуы керек.
«4.0 Университетінде» білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамгершілік 
құндылықтар негізінде, тұлғаның кәсіби өсуі мен дамуы, қалыптастасуы үшін жағдай жасау; жастарды 
тәрбиелеуге, білім алуына, жан-жақты дамуына, ана тілін, мәдениеті, ұлттық салт-дәстүрлерін 
сақтауға, әлем мәдениетінің жетістіктерін меңгеруге, ақпараттандыру және денсаулығын нығайту, бала 
құқығын дамытуға бағытталуы тиіс.
Мұнда негізгі мақсат – еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, сауатты, жауапты, өз жұмысын жақсы 
білетін, жан-жақты, әлемдік стандарт деңгейінде нәтижелі жұмысқа, кәсіби өсуге, әлеуметтік-саяси 
оңтайлы тез әрекет жасауға, қоғамда бейімделуге қабілетті білікті маман, индустриалды-инновациялық 
жағдайды шешуге лайық азаматтарды, еліміздің нағыз патриоттарын дайындау болып табылады.
«4.0 Университетінде» – «Мәдени іс-шаралар», «Спорттық іс-шаралар», Қазақстан 
Республикасының ұлттық және төл мерекелеріне арналған іс-шаралар, Салауатты өмір салтын сақтау 
бойынша және т.б. шаралар адамзат болашағы үшін жауап бере алатын өз заманының шынайы 
азаматтарын қалыптастыруда маңызды рөл атқаратын болады. Бұл іс-шаралар жалпы студенттер 
қауымына қолдау көрсетіп, оларды кәсіби дамытуға, жетілдіруге және жігерлендіруге өз септігін 
тигізеді. 
Сондықтан да, университет пәндерінен, соның ішінде география пәндері бойынша сабақ беретін 
әрбір оқытушы өзі де үнемі жетілу, іздену, даму үстінде болса көздеген мақсатқа қол жеткізетініміз 
анық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   295




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет