Жеке күш мүмкіншілігі
статикалық кезде (дене қалыбын ұстау) және
ақырын қозғалыс кезінде пайда болады. Мысалы, еденнен жай қарқында
итерілу,
аспа
темірде
тартылу,
шалқадан
жатып
кеудені
көтеру
жаттығуларын жасағандағы спортшының өз күш мүмкіншілігін көреміз.
Күш жылдамдығының мүмкіншілігі
тез, жылдам қозғалыста пайда
болады (секіру, лақтыру т.б.). Бұл жағдайда спортшы күшіне жылдамдық
қосу арқылы, жаттығуды тез орындау арқылы жоғары нәтижеге жетеді.
Мысалы, жеңіл атлетикадағы диск, ядро, граната, найза лақтыру, жүгіріп
келіп ұзындыққа секіру жаттығулары.
Адам денесі күштің пайда болу үрдісінде үлкен маңыз атқарады.
Адамның қозғалыста өз дене салмағын есептемей, барлық мүмкіншілігімен
көрсеткен күші абсолютті күш немесе ең жоғарғы күш деп аталады.
Әр түрлі салмақтағы адамның күшін салыстыру үшін
Достарыңызбен бөлісу: |