Аралық орындау әдісі
. Бұл әдістің мәнісі көп рет қайталанған
жаттығудың орындау қарқыны жоғары (минөтына 160-180 рет жүрек соғу
жиілігі) және тынығу аралығы қатаң болуында. Жаттығуды орындаған соң
тынығу кезінде жүрек соғысы минөтына 120-140 ретке жеткенге дейін
созылады да, сонан соң жаттығу қайталанады. Әрбір жаңа жүктеме ағза
толық бастапқы қалпына келмеген кезде беріледі. Тынығу белсенді немесе
бәсең болуы мүмкін, жаттығу тізбекпен орындалады (мысалы, 7х200). Бұл
әдістің көмегімен аз мерзімде жалпы және арнайы төзімділік қасиетін
дамытуға болады.
Жоғарыда аталған әдістер дене тәрбиесі тәжірибесінде жеке ғана емес,
топтастырыла, жіктестіріле қолданылады (мысалы, бірқалыпты аралық
жаттығулар әдісі, өзгермелі-аралық жаттығулар әдісі т.б.). Осындай әдістерді
топтастыру тәсілдері ағзаның функционалды мүмкіндіктерінің өсуіне тиімді
әсер етеді және кең көлемде дене қасиеттерін дамытады.
Достарыңызбен бөлісу: |