25
ағзасына әр түрлі көлемде әсер ету
. Жүктеменің шамасы оның
қарқындылығы мен көлеміне байланысты.
Жүктеменің
көлемі
–
орындалған
дене қуаты жұмысының саны
(мысалы, 10 минөттық жүгіру,
жаттығуды қайталау саны т.б.).
Жүктеме қарқындылығы - ол белгілі бір уақытта дене тәрбиесі
жаттығуларын қарқынды, тездете орындау
. Жүктеменің ішкі және
сыртқы қарқынды көрсеткіштері болады. Сыртқы көрсеткіш – қозғалыс
жылдамдығы
(жүгіру,
шаңғы
жарысы,
суда
жүзу
т.с.с.),
спорт
ойындарындағы ойын қарқыны т.б. Қарқындылықтың ішкі көрсеткіштері –
жүректің соғу жиілігі, белгілі бір уақытта күш жұмсау өлшемі. Адам
ағзасына әсер ету көлеміне байланысты жүктеме:
- кіші (жүректің минөтына 130 ретке дейін соғуы);
- орта (жүректің минөтына 131-155 рет соғуы);
- үлкен (жүректің минөтына 156-175 рет соғуы);
- жоғары (жүректің минөтына 176-190 рет соғуы);
- өте жоғары (жүректің минөтына 190-нан көп рет соғуы) болып
бөлінеді.
Спортшының жаттығуларды орындау, жұмыс
істеу
қарқынына
байланысты жүктеме бірқалыпты және ауыспалы болып келеді. Бірқалыпты
жүктеме – ол спортшының белгілі бір уақытта жаттығуды орындаудағы
қарқындылығының өзгеруі (ол жоғары немесе төмен болып өзгеруі мүмкін).
Жүктеме әрқашан да тынығумен кезектесіп отыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: