Қимыл-әрекетке үйрету әдістері:
Қимыл-әрекеттердің күрделілігіне
қарай тұтас та, бөлшектеп те үйретуге болады.
Тұтас үйрету әдісі жаттығуларды бөлшектемей толық үйрету кезінде
мынадай жағдайларда қолданылады.
- қарапайым қимыл-әрекетке үйрету кезінде;
- дене қуаты және техникалық дайындығы жоғары оқушылармен
жүргізілетін жаттығу сабақтарында;
- қимыл-әрекетті бөлшектеп үйретуге болмайтын, бөлшектесе техника
негізінің сапасы болмайтын жағдайда;
- бұрын үйренген жаттығуларды жетілдіруде.
Жаттығуларды бөлшектеп үйрету әдісі кезінде қимыл-әрекетті
бөлшектеп жеке-жеке меңгеріп, сонан соң бәрін қосып толық қайталайды.
(Мысалы, гимнастика сабағындағы алға аунап түсу, басқа тұру, жанға айналу
жаттығуларының техникасын жеке-жеке үйреніп, меңгергеннен кейін толық
қайталау және т.б.).
Күрделі қозғалыс техникасын үйренуді жетілдіруге жақындататын
жаттығулар қолданылады. Мұндай жаттығулардың техникасы негізгі,
күрделі жаттығудың бөлшектеріне ұқсас болып келеді. Бұл жаттығулар
біртұтас түрде, оқушыларға түсінікті және қолайлы болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |