Тынығу аралықтарының үш түрі бар . Олар: қарпайым, қатаң
шектеулі және төтенше.
1. Қарапайым немесе толық тынығу аралығы деп бір жаттығуды
орындап болып келесі қайталанар жүктеменің алдында ағзаның жұмыс
қабілетінің толық бастапқы қалыпқа келуін айтамыз. Толық қалпына келуін
тамыр
соғысын
есептеу
арқылы
анықтаймыз.
Мысалы,
жаттығу
орындағаннан кейін ЖСЖ 180 соғу / мин, толық қалпына келуі 60 соғу/мин.
2. Қатаң тынығу аралығы дегеніміз - бір жаттығуды орындап болып,
келесі қайталанар жүктеме жаттығушының ағзасының жұмыс қабілетінің
толық бастапқы қалпына келмеген кезде қайталануы.
3. Төтенше тынығу аралығы дегеніміз – келесі жүктеме ағзаның жұмыс
қабілетінің көтерілген кезіне, жаттығушының өзіндік дайындық ниетінің
толық көрінген кезіне тап келуі. Мазмұны жағынан тынығу бәсең (қозғалмай
жату, бұлшық еттердің белсенді қызмет етпеуі) және белсенді болып екіге
бөлінеді. Белсенді тынығу – спортшының алдыңғы жаттығуға қарағанда
қарқыны аз түріне көшуі (мысалы, жүгіруден соң ақырын жүру).
Дене қасиеттерін дамыту үшін мынандай әдістер қолданылады: