Ойын және жарыс әдісі
Ойын әдісі.
Дене
шынықтыру
үрдісінде спорттық және қозғалмалы
ойындардың элементтерін қолдану – ойын әдісі деп аталады. Ойын әдісінің
мынандай өзіне тән ерекшеліктері мен белгілері бар:
1. Белгілі бір мақсатқа (жеңіске) жету үшін ойынның жоспары және
тәртібі арқылы ойнаушыларды ұйымдастыру.
2. Ойын әрекеттері кезінде ойнаушылардың бәсекелестік, жеңіске деген
ұмтылысының, көңіл-күйлерінің көтерілуі.
3. Ойын барысында жаттығушылардың өз бетімен қимыл-әрекет жасауға
шешім қабылдауы (ойынға қатысушы жүгірудің, секірудің, лақтырудың
жолын өзі таңдайды).
4. Қимыл-әрекеттердің алуан түрлілігі, олардың ойын барысында, әр
түрлі жаттығуларда кенеттен пайда болуы.
5. Ойын барысындағы ойынға қатысушылардың әр түрлі қарым-
қатынастары.
Ойын әдісінің көмегімен дене қасиеттерін (күш, төзімділік, шапшаңдық,
ептілік) кешенді дамытуға, бұрын үйренген қимылдарды жетілдіру және
оқушылардың өзіндік қасиеттерін тәрбиелеуге (батылдық, тапқырлық,
ұйымдастырушылық, өз бетімен шешім қабылдаушылық), бұдан басқа да
көптеген мақсаттарды жүзеге асыруға болады. Жаттығуларды ойын әдісімен
жүргізу
оқушыларды
қызықтырып,
жақсы
әсер
қалдырады,
бірқалыптылықтан құтқарады. Ойын әдісінің бір кемшілігі, жүктеме
мөлшерін дәл біле алмайтынымыз.
Достарыңызбен бөлісу: |