27
тынықпай немесе тынығу аралығымен өтуге болады. Бір айналып
жаттығуды орындау уақытын, тынығудың аралық уақытын, жаттығуды
қайталау санын мөлшерлеп белгілеу қажет. Шеңберлі орындау әдісінің
бірнеше түрі бар:
1. Жаттығуларды ұзақ, үзбей орындау. Сабақ тынығусыз, шеңбер
бойынша бірден үш ретке дейін қайталана орындалады. Сабақ міндеті –
жалпы және арнайы төзімділікті дамытады.
2. Аралық орындау әдісі бойынша. Жаттығуларды орындау аралығында
тынығу қатаң аралықты сақтауға, күш және жылдамдық, күш төзімділігін
тәрбиелеуге қолданылады.
3. Бірқалыпты орындау әдісі бойынша. Тынығу аралығы толық. Күшті
және жылдамдықты тәрбиелеуге қолданылады.
Шеңберлі жаттығу әдісін қолданар алдында жаттығуларды топтап,
жүйелеп алады, «бекеттердің» орындары, жаттығуларды орындау мөлшері
белгіленеді.
Достарыңызбен бөлісу: