Статикалық (қозғалмайтын) күш салу әдісі. Қатаю ұзақтығы бір
орындауда 6-8 секөнд, күш салу шамасы 70-тен 100 %-ға дейін. Бір жаттығу
сабағында 3-5 рет қайталанады, тынығу аралығы әрбір қатаюдан кейін – 30-
60 секөнд. Бұл әдіспен жаттығу кезінде жоғары күш жақсы дамиды.
Жылдамдық, оның түрлері, дамыту амалдары мен әдістері Жылдамдық дегеніміз – адамның белгілі бір уақыт аралығында
кеңістікте жылдам қозғалған әрекеті. Жылдамдық үш түрде пайда болады:
1. Қарапайым және күрделі қозғалыс әрекеті жылдамдығы.
2. Дербес қимыл жылдамдығы.
3. Қимыл жиілігі.