Букенов М. Ж. Джылысбаев Д. Б. Кудериев Ж. К. Волейболдан оқу-жаттығу үрдісін


Қарапайым қозғалыс жылдамдығы дегеніміз –



Pdf көрінісі
бет47/87
Дата07.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#93896
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   87
Байланысты:
Bukenov Voleibol

Қарапайым қозғалыс жылдамдығы дегеніміз – 
алдын ала белгілі 
қозғалыспен, бірақ кенеттен берілетін дыбысқа жауап (спортшының дыбыс 


30 
берілген кезде белгілі қозғалыс әрекетін тез орындауы). Қарапайым қозғалыс 
жылдамдығы қандай да бір қоздырғышқа кері жауап қайтару уақытымен 
бағаланады. Қоздырғыштар – жаттықтырушының, төрешінің дауысы,
сөрелік тапаншаның атылуы, шапалақтың соғылу дыбысы, жарықтың жарқ 
етуі, төрешінің жалау ұстаған қолын сермеуі және т.б. Мысалы, 100 м 
жүгірудегі сөрелік тапаншаның атылуы немесе төрешінің дауыстаған 
бұйрығы 
бойынша 
жүгіре 
жөнелу. 
Қарапайым 
көру 
– 
қозғалыс
жылдамдығының ұзақтығы спортшыларда орташа 0,10-0,20 секөндтан, 
спортпен жаттықпайтындарда 0,15-0,25 секөндтан көбірек уақытта болады. 
Берілген дыбысқа жауап спортшыларда 0,05-16 секөндқа дейін, жай 
адамдарда 0,20-0,35 секөндтан көбірек уақыт мөлшерінде болады. 
Қарапайым қозғалыс жылдамдығын тәрбиелеу әдістемесі екі кезеңге 
бөлінеді де, әр кезеңде өзіне тән дене тәрбиесі әдістері қолданылады. 
Бірінші кезеңде көп тараған әдістер мыналар: 
Қайталау әдісі.
Кенеттен болған дауысқа көп рет, әрбір ретте тезірек 
сезіну мүмкіншілігін жақсарту. Мысалы: төменгі сөреден дыбыс бойынша 
тез жүгіріп шығу, әр түрлі дене қалпында тұрып, отырып, жатып, сол 
қалыптан жаттықтырушы берген дыбыс бойынша тез сезіне жүгіріп шығу 
және т.б. 
Ойын әдісі
. Әр түрлі қозғалмалы ойындар. Спорттық ойындар 
(баскетбол, үстел теннисі, волейбол, бадминтон т.б.) ойнау немесе ойын 
элементтерін қолдану. 
Жарыс әдісі
. Дене тәрбиесі мұғалімі мен жаттықтырушының 
басқаруымен жарыс, бәсеке түрінде берілетін әр түрлі эстафеталық 
сипаттағы жаттығулар. 
Екінші кезеңде «сенсомоторлық» әдістеме қолданылады. Бұл әдістеме 
спортшының жылдам қозғалысы және сол жылдам қозғалған әрекетке 
жұмсаған аз уақыт аралығын айыра білу қабілеттілігіне негізделген. Іс 
жүзінде ол былай орындалады: спортшы жаттықтырушының жылдамдық 
уақыты туралы хабарын ала отырып сөрелік дыбысты өте тез сезуге 
тырысады. Сонан соң келесі жаттығу кезеңінде ол сезіну жылдамдығын өзі 
бағалайды, жаттықтырушы содан кейін ғана уақыт ұзақтығын хабарлайды. 
Спортшы мен бапкердің уақыт ұзақтығын бағалауы бірдей болған кезде, 
жаттығушыға алдын ала келісілген жылдамдықты сезіну тапсырмасы 
беріледі. Ақырында спортшыда уақытты дәл қабылдау қабілеттілігі 
қалыптасады, ол сезіну жылдамдығының жақсаруын тездетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет