Бала шоқан повестер



Pdf көрінісі
бет19/29
Дата07.02.2022
өлшемі1,6 Mb.
#94641
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   29
Байланысты:
pdf Бала Шоқан Сапарғали Бегалин

ПЕТЕРБУРГ САПАРЫ
I
Көптен құмартқан аса бір жауапты жорығын аяқтаған Шоқан Петербург
қаласына жетті. Шоқанның қолжазбаларын алып танысып, өзін құмарта
күтіп отырған Петербург жұртшылығы, ғалымдар, шетелдер ісінің
министрлігі құрметпен қарсы алды. Əсіресе Семенов-Тянышанский өзінің
құмарта ізденіп, аяғы жетпеген жеріне барып, барлық жай-күйді жан-жақты
зерттеп қайтқан жас досын сүйсіне көтермеледі.
Шоқанды сырттан естіп, өзін көруге құмартқан Игорь Ковалевский
Петербургқа келісімен өзі шақырып мəжілістесті. Шоқанның алдын ала
жіберген қолжазбасымен таныса салып, құрметтей өте жоғары бағалап,
бұрыштама жазған Горчаков министр де жүздесіп өте жақсы əңгімелесті.
Шоқанның еңбектерін талдай отырып, əрбір салаға лайықтап қолжазба
күйінде қолдануға ұсынылды. Əсіресе Қашғариямен мəдениет байланысын
күшейтіп, сауда факториясын ашу жайлы ұсыныстарға жетекші жазба етіп,
сонымен қатар Батыс Қытай елінің мəдениет байланысын тəртіптеуге де
соны қолданатын етті.
Шоқанның алып қайтқан дəлелдемелерін өте жоғары бағалаған əскери
министрлік оған əскери атағын үлкейтіп, штабе ротмистер ататын берді,
сонымен қатар еңбегін ерекше бағалап (св.Владимир) əулие Владимир
атындағы 4-дəрежелі орденмен наградталды. Оған қоса ақшадай бес жүз
сом сыйлық айрықша берілді.
Шоқан үкімет тарапынан өзіне көрсетілген үлкен сыйлықтарды ала,
алтысын да айта, өз тұсынан өзімен бірге осы жолда еңбектес болған
достарына да награда беруді өтінді. Шоқанның ұсынуымен керуен басы
Мұсабай, Семейдің көпесі Боқаш Тоқтыбайұлы, полковник Гутковский бар,
жиырма үш кісі үкімет наградаларын алды.
Осы сияқты алыс жолдан аса құнды еңбектер əкеліп, сыйлыққа, атаққа
ие болған Шоқанның аты бір ғана Петербург емес, бүкіл Россия мəдениет
жұртшылығына кең тарады. Ол өзінің көкіректе жүрген көп арманының


бірі, жоғары оқуға түсуге бой ұрды. Петр Петрович Семенов-Тянышанский
досы, оның денсаулығына жаны аши отырып, оқуға түсуіне басшылық етті.
Шоқан бір жатынан оқуға ынталы, екінші жатынан əскери жұмыстан гөрі
ғылымға арналған ерекше талант. Осыны анық ажырата таныған шетелдер
ісінің министрі Горчаков əскери министрлікке өзінің пікірін жəне Шоқан
жайлы мінездеме жазды. «Өткен жылы Қашғарияға барып, сол бір əлемге
жұмбақ болып алакөлеңке күйінде тұрған Азия өлкесінің бір саласын
көріп, ғылымға жаңалық ашып, танысып қайтты. Түрік нəсілді, тілі де
тектес елдің бəрінің дерлік тіліне жетік əрі халқының əдет-ғұрпынан толық
мағлұматы бар жас талым штабсротмистр Шоқан Уəлиханов Азия
департаментіне өте пайдалы қызмет көрсетер еді. Мен бұдан бұрын да
əскери министрлікпен осы кісінің қызметі жайлы сөйлесіп келіскен едім.
Сол келісім бойынша осы кісіні Азия департаментіне қызметке ауыстыруды
ұйғарам», — деп жазды.
Горчаков пен Азия департаментінің директоры Ковалевскийдің
ұсынысы бірлесіп, Александр ІІ-патшаның бекітуіне барды. Шоқанның
Қашғариядан алып қайтқан ғылыми да халықаралық жағдайға байланысты
еңбегінің құндылығына құлағы қанығып, біразына танысып та үлгерген
патша ағзам ұсынысты бекітіп, «1860 жыл, шілде айы» деп қол қойды.
Сонымен қатар Александр ІІ-патша өзінің бас көмекшісіне: «Сірə, маған
сол бір Азияның баласын жолықтырарсың», — деп ескертті.
Шоқанның өз талабы орындалып, Азия департаментіне қызметке
ауысып, ғылыми да, халықаралық жағдайдағы жұмысқа бірыңғай кірісті.
Əсіресе Азия елінің жағдайына байланысты жұмыспен шұғылдануды
қиялдаған мақсаты орындалды. Алдымен сол Азия елінің бір үлкен
саласында, өзінің туған елі жатыр. Ол əлі ешбір мəдениетке бірыңғай беті
бұрылған жоқ. Əсіресе өзі көзімен көріп қайтқан ана дін тұманына
булыққан елдің ауыр халі көз алдына елестейді. Шоқан үкімет орындарына
саяси да ғылымдық мəн бере жазып берген «Қашғария сапарынан» атты
суреттемелерін əлі де толықтыра түсетін көп қолжазбасын тəртіпке салуға
кірісті. Шоқанның бір бұл жолғы ғана емес, сонау Жетісу, Ыстықкөл
жорығы, 
Құлжа 
сапары 
сияқты 
жүрістерін 
де 
жинастырған
қолжазбаларының бір тəртіпке келтірілетін күні туды.
Кейінгі екі-үш жылдан бергі үздіксіз жүрісте, ылғи қыспақты қауіп-
қатерде болғаны Шоқанның діңкесіне тигенді. Ол туралы генерал-
губернатор Гасфорттың Петербург басшыларына жазған хаттарында


Шоқан денсаулығын ерекше ескерте жазуы тегін емес еді. Ол тез
шаршағыш жəне өте жүдеген болатын. Оның үстіне Петербургтың үнемі
түнеріп тұратын дымқыл ауасы, күн көзі шықпайтын ақ түні мүлде иықтан
баса түсті. Анау Сарыарқаның құрғақ та, самал ауасында туып-өскен,
Сібірдің жазғы ыстығы, жайдары қысқы суығы, шымыр да ширақ, құрғақ
қоңыр желіне жаны бөленіп шыныққан адам, мына түнерген тұманды ауа
райына бойы үйрене алмады. Жалынды, өр көкірек Шоқан елегісі
келмегенімен бойы ауырлай берді. Бірақ мына еңбегіне патша ағзамға дейін
құлақтанып құрмет тұтып отырғанда, оны қоймаға бүркей беруге жігері
көтермей, жұмыс істей берді.
Қашғариядан алып қайтқан «Сұлтан Сұтек Богдаханның «Тазкирайі»
деп 
аталатын 
шежіренамасы, 
Тоғұлық 
Темірханның 
«Тазкирайі»
шежіренамасы, қожалар тарихнамасы «Əбу Мүслим Маурузи» атты өте
қымбатты қолжазба кітаптарды бірыңғай тəртіптеп, өзі ұқыптай оқып
шығуға кірісті. Сонымен бірге Алтышəр атырабынан жинастырған тау,
дала өсімдіктерінің түрлерін де арнаулы ыдыстарға салып, түсіндірмелер
жазды. Əсіресе Азия тауларынан, далаларынан, қазбалардан табылған
минералдық яки асыл тас тектес заттарды тəртіпке келтірді. Елеусіз
жағдайларды тауып, қарындашпен түсіріп алған өзі салған реттерін бір
бөлек жинастырып қойды. Оның ішінде Азия елінің, əсіресе Қашғария
əйелдерінің киім-кешек, сəн-салтанатын бейнелейтін бір суретті өзі ерекше
өңдей түсті. Бұл — Шоқанның өзі уақытша үйленген шəукеннің суреті еді.
Ашаң да ақ құба, сұрғылт көзі күлімдеген, қара қас, қыр мұрынды, қолаң
шашын шұбырта талдап өрген келіншектің көркі сүйкімді еді. Шоқан осы
бір өзі уақытша үйленген келіншекті ұмытпас үшін ынтыға қимастықтан
суретін салып еді. Алыстағы еуропа халқына киім-кешек мəнері таныс емес
елдің əйелінің киім түрлерін, сəнділік əдеттерін жеткізу еді. Оны түсіріп
алуға бейтаныс əйелдер суретке салуына келісім де бермес еді. Жəне
мұсылман қауымында суретті күнə деп санайды. Сондықтан ол сезікті де
болар еді. Ал өзінің уақытша үйленген жары Шоқан тілегіне қарсы болмай,
бірнеше уақыт Шоқан айтуымен суретін салғызды. Бұл сурет Шоқанға ғана
ескерткіш емес, Азия елінің киім киісі, əйелдерінің салт бейнесіне таңдана
қарайтын ұйымға үлкен бір жаңалық болды. Шоқанның Қашғариядан алып
қайтқан шығыс шеберлері əсемдеген мүліктерінің ішінде осы бір суретті
салып əкелген қол-қобди бөлекше еді. Бамбук ағашынан қиюластырып, піл
сүйегімен безеп жасаған қол-қобди бірінің ішінен бірі алынатын бірнешеу
еді. Соның ең кішірегінің ішіне ақ торғынға орап салған сол сурет өте
құрметпен салынған. Осы қобдиды да, ана ақ торғын орамалды Шоқанға


сыйлаған өзінің шəукені еді.
— Енді сіз бұл жаққа ораласыз ба, жоқ па, ол мəлімсіз. Аз күн жолдас
болдық. Шариғат шартымен некелі болып, енді сол шартпен ажырастық.
Таңла — махшарда қосылуға нəсіп болсын, — деп ғазиз əйел майысып
келіп Шоқанды ұзақ құшып еді. Шоқанның шариғат жолымен ұсынған
уазифасын (еншісі деген сөз) алып тұрып, осы қол-қобдиды беріп еді. Енді
қобди, мына сурет ғылым мүлкіне айналды.
Шоқанның бұл қаладағы ең дос та үйір адамы Петр Петрович Семенов-
Тянышанский ғана. Əзірше жадырай кеңесер достардың тобына араласа
қойған жоқ-ты.
II
Осындай біраз демалыстан кейін Петр Петрович өзі келіп:
— Шоқан Шыңтысович, мен сені біраз дем алсын деп қыстамадым.
Қалай, бойыңды жинадың ба? Бүгінгі келуімдегі бір басты тапсырмама, сіз
мына Қашғариядан алып қайтқан мəліметтеріңізді бір ретке келтіріп,
осыдан жинақтап «Жол дəптерінен» дейтін очерк жазыңыз. Жəне тез
жазыңыз. Оны мына География қоғамының шығармалары ретімен бастыру
қажет. Ал сіздің мына бөлек-бөлек əрбір мекемеге берген қысқа
хабарларыңыз бытыранды болып біразда аяқсып қалады. Бұл өте құнды
ғылыми мəлімет. Мүмкін, сенің өзіңе жай бір жеңіл-желпі көрген-білген
болып көрінер. Ал үкіметімізге, ғылымға тамаша жаңалық, — деп Шоқанға
ағалық əрі ғылымдық кеңесін айтты.
— Петр Петрович, мен əлі ойымды жинақтап, тұтас бір шығарма яки
жол əсерін жазармын деп ойлаған жоқ едім. Сіз маған жаңа ой туғыздыңыз.
Алғыс айтам. Бастыруды сіз басқарасыз, мен жазуға отырам. Сізге менің
əлі айтпаған бір жаңалығым бар, — деп Шоқан Семенов-Тянышанскийге
жымия қарады.
— Шоқан Шыңғысович, сенен мен əрдайым жаңалық күтем. Алдыңғы
жылы Ыстықкөл жақта Диқанбай деген кісі мені бастап жүрді. Сол кісі бір
жерде мынадай бір қазақ мақалын айтты. Мен тілмаш арқылы жазып
алдым. «Қой асығы демеңіз, қолайыңа жақса сақа той, жасы кіші демеңіз,
ақылы асса аға ғой» деген. Мен сіздің халықтың тілін білмеймін ғой,
ақылды айтылған сөз бен білімді сіздің халқыңыз жоғары бағалайды екен.


Сондай-ақ біздер география ғалымдары мына біз сізді жассынбаймыз. Сізді
үлкен болашақ ғалым деп бағалаймыз. Біздің халқымыздың да мынадай бір
мақалы бар ғой. «Кімге көп берілсе, содан көп дəметеді» деген. Сізге
талант та, ақыл да мол берілген. Сондықтан сізден анау халқыңыздың
дəметері көп. Ол халық былай тұрсын, ғылым қоғамы мен біздің сізден əлі
дəметеріміздің ұшы-қиыры жоқ, — деп тоқтады. Шоқанның бір ауыл
«Менің тағы бір жаңалығым бар», — деген сөздерінен Семенов-
Тянышанский ақ көңіл, əділ ойынан Шоқанға деген мейірбан ықыласын
төге салғандай болды. Ал енді Шоқан Шыңғысович, мен тыңдауға əзірмін,
— деп Семенов трубкасын тартып, салмақтана отырды.
— Сіз анада маған неміс ғалымы жиһанкез Гумбольт деген кісінің
жайын əңгімелеп, ол кісінің шығармаларын маған танысуға берген едіңіз.
Сол кісінің шəкірті Адольф Шлагинтвейттің Қашғарияда қатерге ұшыраған
уақиғасын анықтап естіп қайттым, — деп аяқтағанша Семенов-
Тянышанский Шоқанды тура құшақтап, жүйесі босап сүйді де:
— Шоқан Шыңғысович, тəңірім саған ұзақ ғұмыр, қажымас қайрат
берсін. Бұл бір бүкіл еуропа ғалымдарына, тіпті барлық еуропа мемлекетіне
жұмбақ та, арман болған жайт еді. Ол бір өр талант, асқан келешегі мол
ғалым еді. Оның тағдыры жөнінде əкелген хабарың бүкіл Еуропаны
күңірентеді, — деп өзін-өзі əрең басты. Шоқан Адольф Шлагинтвейттің
тағдыры жайында өзінің шəукенінен естіген жəне сол хабардың ізімен өзі
анықтап жазып алған жайтты айтып шықты. Шлагинтвейт жайындағы
Шоқан айтқан уақиғаны тыңдап болып, Семенов-Тянышанский:
— Шоқан Шыңғысович, сіз осы Шлагинтвейт жеңінен анықтап қайтқан
хабарыңызды бүгіннен бастап отырып жазыңыз. Мен оны газетке
бастырамын. Бұған Германия, Англия ғалымдары жылап көріседі. Оның
тағдырынан олар ешбір хабар ала алмай қапалықта, — деп Семенов-
Тянышанский Шоқанға əрі шұғыл, əрі жауапты міндет тапсырды.
— Петр Петрович, сіз тапсырған нəрсе міндетті түрде орындалады.
Сондықтан да жазып, өзім қолыңызға берем, — деген уəдені Шоқан
күлімдей айтты.
— Шоқан, мен сіздің басыңызға бүгін біраз міндеттер арттым. Бұлар
менен гөрі езіңіз үшін керек. Бірақ істеледі, оған сенем, тек, кешіктіре
көрме. Тағы бір ұсынысым бар, менің осы Петербургтағы біраз əдебиетші


достарым маған бір қолқа салып жүр. Олар ақын да, халықшыл зиялылар.
Сізбен таныстыр деп өтінеді. Мына бір алдыңғы хабарды жазсаң, ол
газетке шығысымен олар мені тағы мазалайды. Мен оларға өзіңмен
келіспей, уəде бере алмадым. Олармен кездесуді қалай қарайсыз? — деп
тоқтады.
— Петр Петрович сізге дос кісі, маған да жат емес. Мен Петербургтың
зиялы қауымымен қалай танысам, солардың ортасына қалай кірем, деп
келген адаммын. Мен қуанышпен танысам, — деп Шоқан қуанып кетті.
Семенов-Тянышанский көп отырған жоқ:
— Шоқан Шыңғысович, мен сізді үйден күтем. Кешіктіре көрме. Жəне
бір ескертерім — аузың мен айналаңа сақ бол, сонау Омбыдағы Фридрихе
сияқты «достарыңның» мұнда да үндестері аз емес, — деп қош айтысты.
Шоқан жазып берген Шлагинтвейт жайындағы хабар Петербург
газетіне шыққан күні Шоқанды шетелдер департаментіне бірнеше шетел
журналистері, ғалымдары іздеп келді. Олар Шоқанның қабылдауын сұрап,
Петр Петрович Семеновтың мазасын алды. Бəрімен болмаса да Семенов-
Тянышанский өзіне сенімді бірлі-жарымына жолықтырды. Əрине
Шлатинтвейттің басынан кешкен қайғылы хал, бір ғана Шоқан біліп
қайтқан хабармен тынбады. Бірақ бұл хабар жұмбақ болып үні өшіп жатқан
бір зор уақиғаның жүлгесін тапты. Оның қымбаттылығы да сонда. Əрине,
Шлагинтвейттің күнделігі де ізделер, ғылымға қосқан жаңалығы да мүмкін
табылар. Бірақ соны іздестірер жол осы Шоқан алып қайтқан хабар ғана.
Семенов-Тянышанскидің тапсыруымен Шоқан өзінің «Жол дəптерінен»
деген очеркін жинақтауға шұғыл кірісті. Соны жазып жүрген кезінде Петр
Петрович анадағы ескертуін қайталап:
— Шоқан Шыңғысович, сен ертең демалыс ет. Біздің үйге кел.
Достармен таныс, — деп арнайы шақырды.
Шоқанның 
Петербургқа 
келгелі 
құмарта 
күткені 
Петербург
зиялыларымен кездесіп, пікір алысу. Сол мақсатының бастамасы болар
деген сəтті ынталана қарсы алды. Шоқан Семенов-Тянышанскийдің үйінде
бұрын тек атын еститін екі ақын — Аполлон Николаевич Майков, Я. П.
Полонскийлермен танысты. Бұлар халықшыл, өте мəдениетті, сол кездегі
Петербург жұртшылығының сүйіп оқитын ақындары еді. Петр Петрович
Семенов-Тянышанский Шоқанды ақын достарына таныстырып:


— Қымбатты ақын достар, таныс болыңыздар, сұлтан Шоқан
Шыңғысович Уəлиханов. Біздің Россия ғылымының Шығыс Азиядағы жас
та, талантты да қайраткері, — деп бір тоқтап. — Шоқан, Шыңғысович,
танысыңыз, анада езіңе айтып едім, біздің Россия халқының көкейіндегі
көрікті сырын шертер ақындары — Аполлон Николаевич Майков, Яков
Петрович Полонский, — деп екеуінің аты-жөнін айтып ұғындырды. Бұдан
кейін сөзді Майков бастап:
— Сіздің əріптесіңіз өте талантты ғалымды сыртынан естіп ынтызар
едік. Сізге рақмет, таныстырдыңыз. Біздің Россия халқына күңгірт жатқан
Шығыс Азияның шалғай өлкесінің шымылдығын ашып келгені ерекше
батылдық. Ол біздің Россия ғана емес, бүкіл Еуропа үшін зор жаңалық, —
деп тоқтады. Ақындар ағытыла, əсіресе Шлагинтвейт жайында əңгіме
қозғап, ынталана тыңдасты. Шығыс Түркістанның Алтышəрі жайынан,
əсіресе мемлекеттік тəртіптерінен сұрап танысты. Шоқанның Қашғарияда
Жаркент өзенінің бойындағы құм аймақтарда өсетін өсімдіктермен онда
мекендейтін жəндіктер жайынан сұрап танысты.
— Егер рұқсат етсеңіз, тұрған үйіңізге біраз уақытқа кіріп шығар едім.
Мен сіздің асқар Алатаудың мұзды қырқасынан, Жаркент алқабындағы
құба құмнан жинап қайтқан өсімдік түрлерімен танысар едім. Есту мен ұғу
бір басқа, көзбен кəріп сезім алу өзгеше ғой, — деп Майков ақын бір тілек
айтты.
— Мен сізді қазір ертіп баруға дайынмын. Құрметпен күтем, — деп
Шоқан екі ақынның екеуін де пəтер үйіне шақырды.
Достар халық жайында, əсіресе Николай І-патшаның қатал да
қайырымсыз жазалаған кезіндегі жер ауған зиялылар жайында пікір алысу
болды. Олардың біразы Николай І-патшаның өлімінен кейін еркіндік алып,
мекендеріне оралғаны айтылды. Пікірлес достарының Александр ІІ-нің
алдына тілек қойып, оларды қызметке отырғызу, еңбекке еркіндік алуларын
іздестірген жайлары өз болды. Осы ретте Федор Михайлович
Достоевскийдің Петербургқа келуі жайында пікірлесті.
Шоқан мемлекеттік департаментте бір мезгіл істейтін қызметінде
Петербург қауымының ашық пікірлі адамдарымен танысып, достар тобын
молайта түсті. Вильяминов-Зернов сияқты ірі ғалыммен, Чернышевскийдің
пікірлес достары — В. жəне Р. Курочкиндермен танысып өте жақын


достасты. «Орыс география қоғамы жазбасы» атты журналдың редакторы
профессор А. Н. Бекетовпен танысып, пікірлес болды.
Шоқанның сонау Омбыда оқыған кезінде аса үйірлескен үйінің бірі
Капустиндердің 
үй-іші 
болатын. 
Яков 
Капустинның, 
Екатерина
Ивановнаның қызы Вера Яковлевна осы Петербургта нағашы ағасы
Менделеевтің қолында оқуда. Шоқан Петербургқа жүрерде Капустиндердің
үйінде болып, Вера Яковлевнаның адресін алған. Бірақ Петербургқа келгелі
Вераны іздеуге мұршасы болмаған-ды. Осы біразда өз жұмысының басы
қайрылғандай болған соң, Шоқан Вераны тауып амандасты. Сонау бір
пароходқа шығарып салғаннан кейін дидарласпаған замандастар қуаныса
амандасып, туыстарша шүйіркелесті. Вера өзін іздеп келген дос-жар
құрбысы Шоқанды нағашы ағасымен де таныстырды. Бұрын атын естігені
болмаса, таныспаған талантты талыммен де жақсы сөйлесіп, көп пікір
алысты. Вера ой тоқтатып, білім өрісіне бой ұрып, бұрынғысынан
əлдеқайда өсіп кеткен. Екеуі де біріне бірі бір кездегі əзілдестік жайдан сөз
қозғаған жоқ.
— Вера Яковлевна, мен сізді үйімді көруге шақырамын. Алдағы
демалыста күтем, — деп Шоқан шығарып салған замандасына өтініш
айтты.
— Шоқан Шыңғысович, сіздің достарыңыз да көп, жұмысыңыз да көп.
Мен көп нəрсеге бөгет жасаймын ғой, — деп Вера көкірегінде көптен
ойлаған назының лебін осы жерде шығарды.
— Вера Яковлевна, ол сылтауыңызға мен жол бермеймін. Күтемін.
Келіңіз, — деп Шоқан ширай да, өтіне де айтты.
— Күтіңіз, барайын. Ренжитін қабақ көрсеттіңіз ғой, — деп Вера
Яковлевна жымиып Шоқанмен қош айтысты.
Шоқанның Петербургқа бет алғандағы бір жолығармын деген қымбатты
адамы осы Вера еді. Вера алдында кешірім сұрар жолы бар. Вера келеді,
сонда Шоқан əңгімені неден бастамақ? Шоқанның бір қиналған ойы осы.
Бірақ ол өзін өзі ширатып: «Жоқ, мен еш нəрсені жасырмаймын. Мен бүкіл
мемлекеттік ұлы тапсырмамен бардым. Ал ол барған елімнің тəртібіне
мойын ұсындым. Шынын айтам. Оған бағынбасам, менің де көрер
тағдырым анау Адольф Шлагинтвейттің тағдырындай болмақ. Ал ол жағы


бір болған күнде Вера екеуміздің еліміз екі қиырда, біріне бірі еркін
қойындаспаған, іргелес тату ғана көрші. Вераның елі болса мынау, патшалы
Россия, менің елім анау көшерін жел, қонарын сай біліп жүрген дала
қауымы. Вераның айтқанын істесем, маған үмітпен қараған елімнен қол
үзем. Патшалы Россияның шенді төресымағы болам. Жоқ, мен ол
болмаймын. Мен Вераға шынымды айтам».
Шоқан осындай толғаныс күндерін өткізіп, ғылыми еңбегін де, міндетті
қызметін де істеп жатты. Бір күні Петр Петрович Семенов-Тянышанский
өзі келіп, Шоқанмен амандасып, біраздан бері əдейі хабарласпағанына
себеп болған бір жайсыз хабар айтты.
— Мен кеше шетелдер министрлігінің құпия бөлімінде болдым. Мені
шақырып сұраған хабары, Шоқан Шыңғысович, сіз туралы болды.
«Уəлиханов сол Шлагинтвейттің күнделігін тауып алып, сонымен
мақтанып жүр. Жəне өзі Қашғарияда үйленіп, сол елге азамат болуға сенім
беріп келген болуы ықтимал. Уəлихановқа онша сене бермей, сақ
болыңыздар. Ол кісінің Омбыдағы жағдайы да бізге мəлім. Қай-қайдағы
патша үкіметіне сенімсіз жер ауған адамдармен үнемі байланыс жасап
отырады» депті. Мен бұл туралы Игорь Ковалевскийге айтып, Омбыдағы
Ивашкеевич Фридрихстердің жайын түсіндірдім. Ол кісі Горчаковпен өзі
сөйлеспек. Сіз оған күдіктенбеңіз. Бірақ əлі де ескертерім — аса сақ
болыңыз. Қазір сіз айрықша аңдуылдасыз, — деп Петр Петрович өзінің
достық ақылын айтты. — Сонымен қатар бір қуанарлық жай, Федор
Михайловичтің інісіне жолықтым. Ол ағасының Петербургқа келуін ізденіп
жүр екен. «Жуырда рұқсат болады» деп қуантты.
Семенов-Тянышанскийдің мына əкелген хабарлары қауіпті-қатерімен
бірге қуанышты. «Еңбегімнің адалдығына, барған міндетімді мүлтіксіз
орындағаныма зиялы əділ қауымның көзі жетеді. Қорықпаймын» деп
Шоқан əдеттегі тəуекелшіл қажырына мінді.
Анадағы айтқан уəдесі есінде болған Аполлон Майков Шоқанның үйіне
келіп, мəжілістесті. Майковке Шоқан Алатау, Ыстықкөл жəне Қашғария
жерлерінен жинаған өсімдіктер түрлерін көрсетті. Майков ақынға əсіресе
ұнағаны Алатау қиясындағы мұз белдеу өсімдіктері болды. Қытай, Индия,
Азия шеберлерінің қолынан шыққан аса нəзік өрнекпен жасалған
бұйымдар да ерекше ұнады. Майков ұзақ əңгімелесіп отырып, қайтар
шатында Шоқанға өз қалауын айтты.


— Шоқан Шыңғысович, сіз маған мына асыл бұйымдарды жайып
салып, — қалаңыз, сүйгенін алыңыз, — деп отырсыз. Мен бұйымнан гөрі,
сезім жинаған жанмын ғой. Маған мына бір мұз белдеуде өскен гүлдің
жапырағын сыйлаңыз. Ой салып, қалам тебірентер сыйлық болсын, — деді.
— Аполлон Николаевич, бар ықыласыммен сыйлаймын. Менен сізге
сезім оятар дүние табылса, еңбегім жанғаны ғой, — деп Шоқан Майковтың
қалаған гүлін кішкене əшекейлі сауытқа салып ұсынды.
— Рақмет сізге, Шоқан Шыңғысович, амандық болса лирикалық бір-екі
шумақ өлең күте беріңіз, — деп күле қош айтысты.
Аполлон 
досын 
жөнелтіп, 
Шоқан 
Манас 
жайынан 
жинаған
қолжазбаларын аударыстыра бір қарап өтті. «Көкетай асы» дейтін
бөлімінен «Қанікей көші» дейтін тарауды орыс тіліне қара сөзбен аударып
көрді. «Шіркін, ақын болсам, мына Қанікейдің сипатын қандай суреттер
едім» деп қиялдады.
Уəделі 
демалысында 
күткен 
Шоқанды 
Вера 
Яковлевна 
көп
зарықтырмады. Айтқан сағатында əзілшіл сыпайы мінезін істеп қалжыңдай
кірді.
— Шоқан Шыңғысович, сіз туралы өсек бар көрінеді. Менен несін
жасырасыз. Қашғарияда үйленіпсіз. Мүмкін, осында алып келген боларсыз.
Егер Азия əйелдерінің əдетімен паранжы жамылса, оны да жасырмаңыз, —
деп күлді.
— Вера Яковлевна, жасырынбақ ойнап көрген жан емеспін. Оны өзіңіз
де білесіз. Барлығын ашып өзім айтайын. Қашғарияға қандай мақсатпен
барғаным сізге айқын. Мен өзімнің еркімнен халқым мен үкімет
тапсырмасын жоғары санайтын жанмын. Сондықтан мен барған
мемлекеттің тəртібін бұза алмадым, — деп Шоқан ойлана төмен қарады.
— Шоқан Шыңғысович, сіз ол жатынан менен кешірім сұрамай-ақ
қойыңыз. Оны мен ұғам. Енді жай достықпен əңгімелеселік. Менің нағашы
ағам сізге сондай құмартып қалыпты. Менен сіз туралы көп жайларды
сұрады. Сірə, екеуіңіз дос болатын шығарсыздар. Оны өмір көрсетер. Енді
сіздің алып қайтқан мүліктеріңізбен танысалық, — деп Вера Шоқанның бір
сөре етіп жинап қойған дүниелерімен танысты. Онан соң Шоқанның
қолжазбаларын, жер бейнесінен, адам түрінен салып алған суреттерін


керді. Шоқан бір əсем қобдиды бірден аша қоймай, басқаларын көрсетіп
еді, Вера көңіл бөле ішін аштырды.
Бұл — Қытай шеберлерінің бамбук ағашынан піл сүйегімен оймыштап
нақыстаған аса əдемі мүлік еді. Ол мүліктің сыры сыртындағы əшекейінде
ғана емес, оның ішінде ақ торғынға ораулы жатқан Қашғардың қара көз
сұлуының суретінде еді. Осы суретті көре салып:
— Мына сурет сіздің жарыңыздың суреті болар. Жасырмаңыз, — деп
Вера қадала түсті.
— Иə, Вера Яковлевна, сол уақытша тəуелді болған адамым осы. Оны
мен ұмытпас үшін салғаным жоқ. Қашғар қыздарының киім киісі, жалпы
бейнелері мына Еуропалық халықтарға танылсын деп салдым, — деп
өзінің шын сырын сөйледі. Шоқан көрсеткен əйелдің суретіне Вера үңіле
отырып:
— Біздің естуімізіше, Азия əйелдері сиықсыз болады, шаштары
білтеленген, сойдақ тіс, тапал денелі деуші еді. Мына сіздің тəуелдіңіз
көрікті екен, — деп тоқтағанда, Шоқан іле сергіп:
— Азия жайында алыстан естігенде əр алуан сөз айтылады ғой. Сол
азиялықтар еуропа əйелдерінің сипатына жиіркене қарайды. Əр халық өзін
мадақтайды. Ол да адам баласындағы қалыптасып қалған ұлт
айырмашылығынан шыққан солақай көзқарас, — деді.
Ұсынған базарлығынан Вераның еш нəрсе алмағаны Шоқанға ауыр
тиді. Бірақ ықтиярынан аттап Вераға еш нəрсені ұстата алмады. Тек ішінен:
«Мынадан бір нəрсе алсам, соны көрген сайын Шоқан көз алдыма келер,
тез ұмытуыма сыйлағанын алмағаным дұрыс деп ұқты ғой» — деп
топшылады. Вераны шығарып салып, Шоқан өзінің жұмыстарына кірісті.
Біраз уақыт өтті. Шоқанның қолжазбалары «География қоғамының
жазбасы» атты мерзімдік жинаққа дайындалды. Осы бір жұмыс аяқталып
қалған кезде, бір күні Аполлон Майков күлімдеп жетіп келді:
— Шоқан Шыңғысович, мен сізге сезім ұшқынынан бір нəрсе туса,
əкеліп берермін деп едім ғой. Мына бір кішкене нəрсені жазған болдым.
Құр уəде болғанша, жарты түйір болса да жазба болсын, — деп өлеңін
оқыды.


Өлеңімнің аты: «Мұз белдеуде».
Қараңғы, дымқыл қуыста
Көлбеңдер жансыз құр елес
Ұялшақ жандай жас тұста
Мұз таңы қалғыр ерте, кеш.
Мені де желпір жаңа өмір
Мұзды асқар сол бір шыңында.
Жайнаған сол бір қарлы өңір
Нұр төккендей, шынында,
Білемін ол жер қорқыныш,
Адамның онда жоқ ізі,
Үн қатар жүрек шүйлеп күш,
Шақырар онда жан өзі.
— Рақмет сізге, Аполлон Николаевич. Тамаша лирика. Мінеки, сезім
өлеңі, — деп Шоқан қайта-қайта, алып оқып:
— Ең болмағанда сіздің осы өлеңіңіз менің жер кезген жүрісімнің бір
белгісі болар. Мен көшіріп алайын, — деп Шоқан жазып алды. Ақын
қиялы жүйрік қой, бір мұз белдеуге өскен бір бозғылт гүлдің қураған
жапырағынан сыршыл өлең жазды. Шіркін, шын ақынның қиялы қандай
көреген. Будалап зорлықпен ұйқастырып, өз айтарын өзі ұқпаған
ақындардың жыры мен сырынан кейде адам мезі де болады ғой. Шын ақын
шіміркене шырын төгеді. Жан жүйеңді тебірентіп, жүрегіңді шымшиды-ау,
— деп толғанды.
Шоқанның осы бір кейінгі күндердегі қуанышы сонау Омбыдан
аттанарында өзіне соғып Тверь қаласына жүріп кеткен досының інісі М. М.
Достоевский айтқан Федор Михайлович Достоевскийдің Петербургқа


келетін хабары болды. Сонау Одессаға барып, еркіндік алып, ақындық
еңбегіне кіріскен Сергей Дуров досынан да жиі-жиі хат алып хабарласып
отырды. Осындай көңілді болар шағында іштей денесін əлсіретіп, мазасын
алған сырқат шырмауына ұшырады. Амал не, өмірде бəрі тегіс берілмек
емес.
Шоқан Петербургта татар ғалымы Хұсайын Файызхановпен танысты.
Хұсайын Шоқанмен ана тілінде сөйлесіп, шығыс елінің ертегі, дастандары
жайында пікірлес болды. Сонау Ыстықкөл сапарында жинап қайтқан
Алатау қырғыздарынан Манас жырымен Хұсайын құштарлана танысып,
кейбір жағдайда пікір қорытысты. Хұсайын татар, башқұрт, қазақ елдерінің
түбірлес жыры, ауыз əдебиеті жайлы көп ізденген тəжірибелі адам еді.
Оның Шоқанға серіктесе үн қосуы өзін таты бір қанаттас досқа
душарластырды. Хұсайын досына «Манас» дəптерін бере отырып Шоқан:
— Сіз Хұсайын мырза, татар халқының ертеректен жазба қоры бар,
қолжазбасы бар дүниесіне жастай қанықсыз ғой. Бірақ қазақ-қырғыз
сияқты көшпелі елдің ауыз əдебиетімен əлі көп таныспаған боларсыз. Мен,
əрине, қазақ халқының күні бүгін əлденеше дастандарды ауыз-екі ұғып,
мүлтіксіз айтып шығатын өрен ақындарын көрдім де, білемін. Оның
біразын əкемнің алдында ағыта үздіксіз айтқандарынан тыңдағам. Ал мына
қырғыз елінің Манасты жырлайтын ақындарын «Жұмоқшы» деп атайды
екен. Олар осы «Манас» жырын жұмалап емес, айлап жырлайды екен.
Жəне бүкіл шығыс көшпелі елінің көне өмірін тегіс қамти, шіге-бүгесіне
дейін мүлтіксіз айтады. Əрине, кей жерлерінде қайталау да болады.
Жазылмаған ауыз əдебиетте ол болмай қоймайды. Қырғыз ақындарында
тек қана «жұмоқшы» емес, ғажап бір дарынды ақынына кездестім. Ол
ақынды Қашғар сапарына бет алғанда шекараға дейін ертіп бардым. Өзі бір
адал жанды, асқан төкпе ақын еді, — деп қазақ, қырғыз ауыз əдебиеті,
ақындық дарындары жайында Хұсайынға қызықтыра сөйлеп кетті.
— Шоқан мырза, сол ақын бұл күнде бар ғой. Аты-жөнін жазып алған
боларсыз? — деп Хұсайын ол ақынның аты-жөнін білгісі келді.
— Иə, жазып алғам. Тіпті жазып алмасам да Борсық пен Төлтайды
ұмытпаған болар едім. Шіркін, сол Төлтайлар, анау Боранбай манаптар,
оқыса, қырғыз елінің атақ, абыройын талай жерге апарар еді, — деп
көшпелі, сауатсыз елдің жайына күйіне тоқтады.


Шоқанның сырқатқа шалдыққан жайынан хабар алған Шыңғыс,
баласына 
аталық 
мейірбан 
ықыласымен 
хат 
жазып, 
анасының,
бауырларының сəлемдерін жеткізді.
«Шоқан, сені анаң Зейнеп, інілерің, қарындасың бəрі де сағынулы. Ал
халық та сенің абыройлы қызмет етіп шетелге барып қайтқаныңды естіп,
өзіңді көріп, лебізіңді естуге құштар. Жаз ауылға кел. Мына даланың таза
ауасы, қымыз, ат үсті сені сауықтырады. Қатты сағынудамыз» деп жазды.
Шоқан да сол туған жер, өз аулына барып дем алсам, сауығып кетермін деп
ойлайтын еді.
Шоқан сырқатқа шалдыққалы өзінің достары арқылы қаралып, ем алып
жүрген талым дəрігері бар-ды. Ол кісі де:
— Сіз сахара баласысыз. Мына Петербургтың күн сəулесі аз түсетін
дымқыл ауасы сізге ауыр. Мүмкін болса еліңізге барып, қымыз бен таза
ауада емделіңіз. Жазылып кетесіз. Саулығыңызды сақтаңыз, — деп
қамқорлық кеңес берді.
Семенов-Тянышанский, Достоевский сияқты абзал достары «ауылыңа
барғаның оңды, саулығыңды сақта» дейді. Осы жуырда ғана Сергей
Дуровтан да хат алды.
«Шоқан досым, мен сенің тек ғылыми еңбектерің емес, суретшіл
өнеріңді де «Суреттеу» журналынан көріп қуандым. Достардан алған хатқа
қарағанда, сен мейлінше шаршап, сырқатқа шалдыққан көрінесің. Ауылыңа
бар. Біраз уақытқа демалыс істе. Өзің жіберіп, сіздің ауылда болған бір
жазғы дем алысым, маған міне əлденеше жылға күш-қуат болды. Анау
сіздің Көкшетау алқабы қай аурудың болсын дауасы ғой», — деп жазды.
Шоқаннан бір жыл бұрын жай тыңдаушы болып Петербург
университетіне оқуға келіп түскен Григорий Потанин де Шоқанға:
Шоқан Шыңғысович, сіз жүдеп барасыз. Тезірек ауылға қайтыңыз.
Мұндағы еңбегіңіздің жарық көруіне қолдан келгенді аямаспыз, — деп
үлкен өтініш айтты.
— Мен өзім де қайтуға бел байлап отырмын. Жалғыз қайтпаймын,
өзіммен пікірлес бірнеше жас достар бар, соларды ала барамын. Олар
біздің елдің жайы-күйімен таныспақ. Бір кісінің үні қаншаға жетеді,


бірнеше үн қосылса біраз жерді жаңғырықтырмай ма. Ең болмағанда олар
біздің еліміздің төбесіне қамшы үйірген қаныпезер чиновниктердің иттігін
көздерімен көріп кепке жайса деп ойлап отырмын, — деді. Шоқанның
мына кейінгі ойын Григорий қуана қоштады.
Шоқан елге қайтуға қамданып жүрер алдында Федор Михайлович
Достоевскийдің үйіне келіп, біраз кеңестер шертті.
— Шоқан досым, мен сізді қалай жақсы көретінімді айтқам, əлі де
айтарым — алдымен саулығыңды сақта. Халыққа деген жақсылықты
кісіден сұрап жарымаймыз. Халық оянса, өзі еріксіз тартып алады. Тек, сол
халықтың санасын ояту ертелі-кешкі еңбектің арқауы болсын, — деп
тоқтады.
Шоқан аға досының осы бір орынды айтқан кеңесін көкейіне сақтай,
өзінің де алдағы мақсаты сол екенін таты да қайталады.
Достар ұзақ сүйісіп, қош айтысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет