Бала шоқан повестер


II бөлім ҒАЛЫМ ШОҚАН



Pdf көрінісі
бет15/29
Дата07.02.2022
өлшемі1,6 Mb.
#94641
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29
Байланысты:
pdf Бала Шоқан Сапарғали Бегалин

II бөлім


ҒАЛЫМ ШОҚАН
ЖЕТІСУ САПАРЫ
I
Генерал-губернаторды шығарып салуға келген жұртшылық шағын
пристань басына сыймайды. Мəртебелі ұлықтарының ұзақ та тосын
сапарға шығуы қала жұртшылығына аса бір ірі жаңалық болып танылған.
Олардың кейбір жағымпаздары: «Уа, жасаған ием, мəртебелі мырзамыздың
сапарын оң ет. Бұл өте қауіпті жол. Генерал-губернатордың бұл жолға
аттануы — асқан ерлік. Патша ағзамға қызмет көрсетудің бұл бір ерекше
үлгісі», — десіп шу-шу етеді. Генерал-губернатордың алдынан бұрынырақ
келіп, өздерімен жүретін қошеметшілер тобына Шоқан да келіп қосылған.
— Шоқан Шыңғысович, сіз келіп те үлгерген екенсіз. Біз үлкен
кісілердің ырғатылып үйден шытуын күтіп аз кешігіп жеттік, — деп Вера
мен Елизавета Шоқанға келіп «жол болсын» деген жақсы ниеттерін айтып
үлгерді. Қашан да қауқалақтай бар ықыласымен Шоқанды сүйе
амандасатын Карл Казимирович, Екатерина Ивановналар да келіп жақсы
ықыластарын айтып жатыр. Оларға жалғаса Яков Петрович, Екатерина
Ивановна, Сергей Дуров, Ивановтардың үй іші де келген. Олардың жылы,
достық лебіздері бірінен бірі асыра айтылады.
Біраздан соң ойқастаған үш арғымақ жегілген генерал-губернатордың
солқылдақ пəуескесі де келіп жетті. Алдынан тосып алған қошеметші топ
тілектерін айтып, шуласып жатыр. Көппен бірге Шоқан да өзі қолғанат
болып еріп баратын бастығын əскери əдеппен қарсы алды. Фридрихе,
Корейериус, Кури сияқты чиновниктері өздерінің қара қауым, алдындағы
кісілікті айбаттарын мейлінше көтере ұстап, генерал-губернаторды
қошеметтеп шығарып салуға келді.
Өзіне арналған сəнді пароходтың жасаулы каютасына Гасфорттың
бəйбішесі кіріп, көріп шыққанша, пароход жүру хабарын жарияламады.


Осы бір саябыр кезде Шоқанды шығара келген достар бөлек топтана
өздерінің достық ықыластарын, кейбір ойларын айтысып жатты.
Бір əредікте Сергей Дуров: «Мен Федор Михайловичтен хат алдым. Ол
Семейде ғой. Егер уақыт тапсаңыз, жолығыңыз. Мұндағы жағдайларға ол
ынтызар ғой, бəрін айтарсыз. Жəне сізді көріп мəжілістессе, бір жасап
қалады,» — деп тапсырма айтты. Гутковскийлердің, Капустиндердің үй
іштері: «Хат күтеміз. Ұмытпаңыз!» деген достық тапсырмаларын айтысты.
Пароход гудогі беріліп, «жолаушылар орындарына отырсын» деген хабар
болған кезде. Шоқан таты да достарымен қайталай қол алысты.
Үлкендерден имене əдеп сақтай келіп хош айтысқан Вера қолын беріп.
Шоқанға қоңыр ұялы көзі мөлдірей қарап:
— Елизавета Карловна қарындасыңыз ғой. Отан хатты жиі жазарсыз.
Бізді де ұмытпаңыз, — деді. Вераның осы бір назды үні Шоқанның
құлағында көпке дейін сүйкімді лебімен келіп тұратындай сезілді. Шоқан
өз ойындағы сырын ашып айта алмай, үнемі жүрегімен алысып жүретін
шыдамды қалпын бұл жерде де айнытпады. Бірақ Вераның аз дірілмен
созған қолын батылырақ қысып:
— Хатты сізге де жиі жазам, Вера Яковлевна. Ол жағынан
жəбірленбессіз, — деп жүрек толқынын зорға билеп жымиды.
Пароход Ертістің атынын өрлей жылжып жүзе бастағанда, Шоқан
орамалын бұлғап тұрған Вера мен Елизаветата өзгелерден бөлекше көз
салды. Ол көпке дейін Вераның жаудыраған үлкен қой көзінің жалынды
жанарын көз алдынан кетіре алмады. Пароход Ертіс өзенінің атынын қақ
жарып, ақ айдар толқындарды шұбалтып біраздан соң қаланың қарасынан
көз жазды.
Ертіс бойын аздап көзі шалғанымен, ұзын арнасын жүріп көрмеген
Шоқан өз каютасына кірмей қойды. Маусым айының бұлтсыз аспанынан
тамылжыған ыстық күн бар жылуын жерге мейірлене төгіп тұр. Бірақ мол
сулы өзеннің арнасында пароход үстінен сондай бір майда қоңыр жел лебі
еседі. Оның үстіне арнасы кең асау ағынға еміне өскен өзен жағасындағы
жасыл тоғайлар, көк торын желектей жапырақ шоқтарының суға
көлеңкесін шомылдырып созылып қалып жатыр. Өзеннің кей жерінде тоғай
үзіліп, биік аңсағайланған құзар жарлауыт едірейе пароходқа жоғарыдан
үңіледі. Ертіс бойына əлі ел көп қоныс теппеген. Анда-санда казак-орыс


селениелері көрініс береді. Кей жеріндегі тырбықай тоғай ішінен
мыжырайған қазақ қыстауы да көрініп қалады. Осы көріністердің бəрі өзіне
алуан түрлі ой салған Шоқан күн еңкейе каютаға кірді. Оның алдымен
қолына алғаны жол дəптері болды. Бүгін үлкен сапарға аттанған күнін,
мына Ертіс бойын, бағанағы достар бейнесін тегіс жазып қойды.
Семейге жеткенге дейінгі пароход үстінің тіршілік көрінісі бір қалыпты.
Тек кейбір елді аялдамаларға тоқталады. Пароходқа отын алады. Пароход
үстінің жүкші, пеш жаққыш отшылары қызыл танау болып машинамен
арпалысады. Сондай бөгеліс кезінде жағаға келіп пароходты тамашалаған
жұпыны жұртты көреді. Су бойының жұртшылығы пароходтағы
жолаушыларға азық-түлік базарлауға да жөнді жаттықпаған. Бірлі-жарым
айран, сүт, май əкелгендерінің бағасын айтуға да зорға батылы барады.
Шоқанға бұл жолдың бойындағы біраз əсер қалдырған Семейге
таянғандағы бір ерекше көріністер болды. Ертіс жағасының тізеден келіп
малтығып жатқан қызыл құмын кешіп жаяу шұбаған орыс адамдарының
жігі үзілмейді. Олардың еркектері ұзын қара шекпенді сүйретіле киіп,
үлкен темір кресті мойындарына шынжырлап іліп төстеріне салбыратып
қойған. Ал əйелдері шаштарын тұмшалай ақ жаулық салып, ұзын қара
көйлек киіп, бөтелкеге құйған суларын мойындарына аса шұбырып, үздік-
создық, ерсілі-қарсылы жүріп жатты.
Осы бір көрініске таңданған Шоқан, жол бойынан хабардар кексе
жүкшінің біреуінен сұрап еді, ол жымия күліп:
— Офицер мырза, сіз əулие судан хабарсыз екенсіз ғой. Бұл осы күнгі
Семей қаласынан жаяу сопыларға бір күндік жерде, Ертіс жағасында, əулие
су бар. Мына жаяу шұбырғандар Семейдегі шіркеудің сопылары. Соған
келіп түнеп, су алып қайтады, — деп барлық білгенін айтып берді. Осы
көріністі Шоқан өзінің күнделік дəптеріне жазып қойды. Мүмкін, ол
минералды су шығар деп ерекше белгі жасады...
Пароход Семейге келгенде генерал-губернатордың пароходпен келе
жатқан хабарын алған, жаңа ұйымдасқан Семей облысының чиновниктері
көтеріле келіп қарсы алды. Алдын ала губернатордың жүрісін хабарлаған
да, оның көтермешілері: «Бұл кісі жай ғана губернатор емес, ақ патшаның
Сібір өлкесіндегі оң қолы, қалаларыңызға кірерде шіркеулеріңізден ғибадат
қоңырауын соғып құрмет етіңдер», — деп арнайы ескерткен. Сол тəртіппен


Семейдегі тұңғыш шіркеуден соғылған қоңырау үні бүкіл пристань бойын
жаңғырықтырып, қаланы ғибадат азанына бөледі. Мына сияқты құрметке
көңілдене пароходтан шыққан губернаторға: «Қош келдіңіз, мəртебелі
ұлығымыз генерал-губернатор мырза!» деп уран тастады. Бас киімдерін
алып, бастарын тізесіне жеткенше иіп құрмет көрсетуде. Онсыз да кеудесін
жоғары ұстауға əдеттеніп алған мақтаншақ Гасфорт кекірейе ернін əрең
қозғап, аяғын аса маңызды салмақпен басып, қошеметшілердің дегбірсіз
сүйемелімен сыртқа су жиегіне шықты. Семей пристаны өте қораш екен,
Гасфорт танауын көтере қарады.
Генерал-губернатордың қабағын бағып тұрған Семей облысының
бастығы полковник Хомёнтовский генералды қарсы алу құрметіне арналған
өзін бастап: .
— Генерал-губернатор мырза, кешірім етіңіз. Біздің қаламыз жас, азды-
көпті құрылысын жаңа ғана қолға алған. Əзір көзге түсер көлемді сарайдан
шоламыз. Мына сіз көріп тұрған пароход тоқтар жеріміз өте жабайы, бутан
да дұрыстап үй орнатуға қысқа жіп күрмеуге жетпей жатыр, — деп бір
тоқтап, таты да сөзін жалғады. — Сіздің мына біздің қаламызды көріп,
жай-күйімен танысуға мархабат еткеніңізге біз аса қуаныштымыз. Осы бір
жетімсіз жайларымызға рахымды көзбен қарап, қамқорлық етер, мырзаның
қолын созар деп тұрмыз, — деп тоқтады.
Пароходтан түспей жатып алдынан жəрдемге алақанын жайған
Хоментовскийдің өзінен көңіліне полковниктің өзі сұрамсақтыққа
əдеттенген бе деген түсінік келсе де, «өзінен үміт етеміз» деген сөзді есіне
алып, мақтаншақ генерал-губернатор бойын кеңге сала:
— 
Полковник 
Хоментовский 
мырза, 
құрметтеріңізге 
рақмет,
тілектеріңіз де ескерілер, — деп тоқтады.
Семейдің чйновниктерімен бірге генералдың құрметіне қазақ, ноғай
саудагерлерінен де келген аздаған адамдар бар-ды. Соларға генерал-
губернатордың айтқан алтысын əрі бас жəрдемшісі, əрі тілмашы Шоқан
қазақшалады.
— Семей шаһарының қадірлі ақсақалдары, генерал-губернатор Гасфорт
мырза, сіздердің алдынан шыққан құрметтеріңізге аса разы болып алғыс
айтып тұр. Жəне сіздерге мырзалық қолын созуға лебіз көрсетіп тұр, — деп


жеткізді. Татар, қазақ байлары да тақия, бөріктерін алып, генерал-
губернаторға разылықтарын көрсетті. Қонақтарды əзірлеген қонақ үйге
жеткізді. Шоқанға да бір бөлме əзірлеген еді, өз үйіне ол да кіріп жайғасты.
Ол күні арнаулы қонақасыларына шақырған Семей чиновниктерінің
мəжілісінде болып, кешкілікте демалыс өтті. Келер күні Гасфорт мырзаның
ұсынысымен қаланың ішін аралап, əрбір белгілі жерлерінде болды. Семей
қаласы аумағы тұтасып қалыңдамаған үйірім-үйірім бөлек топтар. Мысалы
күншығыс жақ шеті ноғай, шала қазақ бөлімдері. Батыс-солтүстіктегі
қазақ-орыс бөлімі. Ал облыстық мекеменің айналасы — ұсақ дүкендер,
школ, шіркеу сияқты көрнекті үйлері бар. Сол тұсы өсіп келе жатқан
тəрізді. Əсіресе əзірше көзге түсер құбылысы абақты үйі екен. Сыртқы
қорғанын зəулім биік етіп, орта жерінен сығырайған тор көз кішкене
терезелер қалдырыпты. Осы маңға жақын ескіден қалған үлкен тас қақпа
тұр. Бір кезде бұл тас қақпа үлкен балшық дуалдан салынған көне
қорғанның аузы болғанға ұқсайды. Өйткені қақпаның айналасында ескі
дуал іргелерінің ізі байқалады. Сол сияқты көне қорғанның қоршауының
ішінде қайдағы бір құлаған үйлер орны, көне топырақтары дөңестеліп
үйіліп жатыр.
Шоқанның бір зерттей қарағаны осы тас қақпа жəне оның
айналасындағы көне жұрт белгісі болды. Қаланың Семей аталуының өзі —
осы қорған ішіндегі жеті шатырлы балшық үйлер болғандығынан делінген
дерек тапты. Ол жеті шатыр бір кездегі көшпелі қазақ жоңғар елдерінің
бекініс етіп тұрғанын дəлелдейді екен. Шоқан күнделігіне жазып қойды.
Шоқан генерал-губернатордың бас қолғанаты жəне мына сияқты шығыс
халқының уəкілдері көрінген жерде бастығының қасынан ұзай алмайды.
Өйткені əрбір сағат сайын қасында керек болады. Сондықтан ол Дуров
айтқан Федор Михайлович жайынан хабар ала алмады. Ол үшін қаланы өз
бетімен еркін аралауы керек, оған мүмкіндік жоқ.
Бірер күн аралап қала жайымен танысқан генерал-губернатор енді
Жетісуға жүруге дайындалды. Күні бұрын берілген тапсырма бойынша
жаңа бекеттерге ат байланып, жол бойының елі дүрліге хабарланып жатты.
Қызыл қаймалы фуражкаларын қоқырайта киіп, қылыштарын салақтатып,
самай шашын будыратып ерсілі-қарсылы шапқылаған қазақ-орыс
ұрдажықтары, жолдағы елді бөріктіре құйындатуда еді. Мұндай кезде дала
мүлде даурығып кететін əдеті ғой. Əсіресе жаңадан ғана бағынған анайы,
бұйығы елге қазақ-орыстың қалпағы көрінгенде үрейлері ұшып, естері


шығатын.
II
Генерал-губернатор мінетін пəуескеге жегілген аттар үлкен паром
қайықпен Ертістің «Заречной слабодка» аталатын оңтүстігіне өткізілді.
Губернатордың өзін ерекше жабдықталған желкенді қайықпен таңдаулы
қайықшылар алып шықты. Осы қайыққа Гасфортпен бірге мінген Шоқан,
тағы басқа чиновниктер де өзен қабағына шықты. Жаңада орналаса
бастаған слободка жатақтарының қайық аузындағы жер үйлері мен
шоқайтқан бөрене үйлеріне Шоқан көз тастады. Мыналарды көргенде ол
«Нағыз жарлы жатақ осылар. Не қала болып кəсібі жоқ, не қыр болып малы
жоқ. Əйтеуір, бір күнелтуде» деген қорытынды түйіндеді.
Көп кешіккен жоқ, пəуескені көлденең тартты. Семей чиновниктері
жолға жетік басшыларын қосып, сол жерде хош айтысты. Шағыл
қырқасының етегінен бөктерлей түскен жам жолмен пəуеске жəне бірнеше
тарантас арбалар шұбатыла жортты. Тозаңытып есіліп жатқан боз топырақ
ат тұяғы, арба дөңгелегінен көтеріліп, будақ-будақ болып шұбатылып,
жолаушыларды біріне-бірін жақындатпады. Жол бойындағы жаңа
орналасқан бекеттерде ат жаңарта отырып, генералдың көші Шар өзенін
жағалай жортып келеді. Алыстан белес берген Семейтау, Көкентауларының
тізбегін артқа қалдырып, ілгері баса берді. Генералдың өзіне арналып
жабдықтап алып шыққан жол шатыры, сулы көгалды жерлерде тігіліп,
даланың кіршіксіз таза ауасында да демалыстар жасалды.
Мұндай демалыс кездерінде Гасфорт генералдың тілдесер адамы — тек
қана Шоқан. Ол көбінесе жер жайына, ел жайына, қазақ ауылдарының
көшпелі өмірлерінің жайына əуестенеді. Сол кездегі тілхат боларлық
жалғыз жəрдемшісі — Шоқан. Гасфорттың мына сияқты сахара өмірімен
хабарсыздығы Шоқанға да өте тиімді. Ол губернатордың кейбір сұрағын
тереңдете талдап, біліп, түсіндірме айту арқылы өзі де ел өмірімен кеңірек
таныса түсуде. Əсіресе əрбір белгілі бекет атырабындағы елдің ата тегі, бұл
тұсқа қай кезде келіп орналасқаны жайынан дəлсіз де болса мағлұмат
алады.
Сол тұстағы ел адамы дегендерді сұрап біледі. Ел ішіне шыққан
ұлықтардың зəбір-зорлықтарын қадағалап ұғынады. Ол сияқты оған
қиянатты жайды естігенде, Гасфорттың құлағына сіңіре, би сала жеткізеді.


Шоқанға ұнаған таудың бірі — жол үстіндегі Арқат болды. Бұл таудың
жаратылысы сондай қызықты. Шап-шағын екі бөлек шың жартастан
іргелескен Арқат тауы, əсіресе «Күйме тас» сияқты сыпырық секие біткені,
жинаған жүктей жартасқа таңдана, қызыға қарады. Осы таудың солтүстік
сыртын ала шөгіп жатқан Орда тауы, онан əрі ұзыннан желі тартып биік
қырқаларын елестетіп Шыңғыс тауының кенересі жатыр.
Алыстан белдеуленіп ақар-шақар шоқыларымен көлбеп жатқан
Шыңғыс тауын көргенде, ол өздерін бастап алып жүрген адамдардан
таудың неден Шыңғыс атанғанын сұрады. Ол туралы ел аузындағы аңыз
əңгімелерді тыңдады.
Шыңғыс тауының биік қырқаларынан ереуілдеп көрінген «Хан биігі»
жайлы аңыз əңгімені айтқан кісі: «Бұл шоқының хан биігі аталғаны, ерте
кезде Шыңғыс хан деген дүние жүзін алған үлкен хан болыпты. Ол кісінің
өз тегі монғол екен. Шығыс жақтағы елдерді жаулап боп, осы көшпелі
қазақ елдерін шабуға келіпті. Қара көпір үлкен даңқпен келген Шыңғыс
ханның, қолына көшпелі ел қарсы тұра ала ма, соғыспай бағынып,
алдарынан сыйлық алып шығып, мына Орда тауына Шыңғыс ханның
ордасын тіккізіп құрмет көрсетіпті. «Біздің сізді ұлы хан тұтып бас
игеніміздің белгісі болсын», — деп, ел аталары Шыңғыс ханның өзін анау
биіктің басына алып шытып, ақ кигізге орап төбелеріне хан көтеріпті.
Сонан сол биік «Хан биігі» бүкіл тау сілемі «Шыңғыс тауы» атаныпты.
Мына орда биігі Шыңғыс ордасын тіккеннен «Орда» атаныпты», — деп, өз
білгенінше айтып шықты. Мұны да Шоқан өзінің күнделігіне жазып алды.
Жол үстіндегі бұлақ бойына шатыр тігіліп, аққан су, көкорай шалғын,
таза ауада көңілдене бой жазып серуендеген Гасфорт Шоқанды өз қасына
шақырды:
— Мен ана Омбы қаласынан келіп, Сібір атанатын өлкенің жайын тек
кабинетте отырып қана түсініп едім. Ал жазылған географиялық
мəліметтен болмаса, мына сіздің елдің жерінен, тұрмысынан хабарсыз едім.
Маған даланың жаратылыстары, ауасы қатты ұнап келеді. Бұл жерлерде бір
кезде отырықшы елдер болды ма екен. Бізге əзірше ондай шаһар орны
тұрған белгілер кездесе қойған жоқ. Осы жағын сіз ана басшы қазақтардан
сұрастырдыңыз ба? Біздің экспедицияның мақсатының өзі осы бір
жайларды зерттеу ғой, — деп Шоқанға жүріс мақсатын ескертті.


Менмен, өзімшіл генерал-губернатордың мақтаншақ мінезін əбден
түсініп алған Шоқан елгезек қолғанат екенін сездіргісі келіп:
— Ұлы дəрежелі генерал-губернатор мырза, мен өз түсінігімше сіздің
осы сияқты ұлы мақсатпен аттанғаныңызды ұғынғам. Жəне мен сияқты
дала перзентін бағынышты қызметкеріңіз етіп өз жаныңызға мархабат етіп
не үшін ерткеніңізді де ұғынғам. Сондықтан да мына жол бойындағы əрбір
қырқаның түбін қоныстаған ел жайын, жер аттарына байланысты
жағдайларды 
сұрастырып 
келем. 
Сонау 
Еуропаның 
мəдениетті
шаһарларының қызығына бөленіп өскен сіздер сияқты ақсүйектерге мына
сияқты елі көшпелі, жабыраңқы даланың басынан өткені де əуес қой. Сізге
мына бір кешегі жолбасшы қазақтан сұрап білген жайды айтайын, — деп
Шоқан əрдайым қойнында жүретін жол дəптерін алып, Шыңғыс, Орда
таулары неден атанғанын айтып өтті.
Шоқанның мына сияқты əр нəрседен көп мəлімет туғызып, мəн бере
жазып келе жатқан ізденгіш жайына разылана генерал-губернатор:
— Шоқан Шыңғысович, мен сізді жəрдемші етіп алуда адаспаған
екенмін. Мына бір екі таудың атынан үлкен тарихтың ізін аңғарғансың.
Біздің жүріп келе жатқан жолымыз Шыңғыс сияқты ұлы жауынгердің
қанды соқпағының ізі қалған жерлер екен ғой, — деп өзінің осы жолға
кездесуін де үлкен ізденгіштікке бағалап көтеріліп қойды. Генералдың
көкейіне жылт етіп кіре қалған мақтанды қабатынан сезген Шоқан:
— Ұлы дəрежелі генерал-губернатор мырза, сіз осы жолда сонау дүние
жүзін жаулап қан жосылтып өткен Шыңғыс ханның соқпағының сорабын
жаңа көктеп өскен шалғынды шөп басқанда, соны мекендеген елге, ұлы
Россия патшалығының мейірбан достық кеңшілік мархабатын алып, аралап
келесіз, — деп бір жағы ажуа, бір жағы көтерме сөзін айтты. Жас қазақ
жігіті өзіме қолғанат етіп ерткеніме мүлде қуанышты деп ұғынған Гасфорт
Шоқан сөзінің тереңдегі төркінін түсіне қойған жоқ. Ол қайта мақтанып:
— Иə, Шоқан Шыңғысович, біздің жүрісіміз ұлы кеңшіліктің лебін елге
жеткізу ғой, — деп тоқтады.
Губернатор мырзаның тобы бөгетсіз жүріп отырып Сергиополь деп
атанатын Аякөз бекінісіне келіп жетті. Көк шалғынға бөленген өзеннің
бойына орналасқан шатын бекіністе аз да болса қала тіршілігінің белгілері


бар. Əсіресе татар, қашқарлық саудагерлер селениесі көзге түседі. Сонымен
қатар казак-орыс атты əскер бөлімінің тұрақты сақшылары да бар. Олар
ұлы дəрежелі генерал-губернаторды барлық құлшылығымен қарсы алды.
Осы жерде біраз бөгеліп, бекіннің ішкі жайынан керекті хабарларды
ұғынды. «Бұл тұстағы елдер ақ патшаның қол астына қарағанға қуанышты,
ешбір бұйрық, жарлыққа кедергі жоқ», — деген бекініс басшыларының
хабарлауын қабылдады. Бұл бекіндегі бөгеліс ұзаққа созылған жоқ.
Əредікте Гасфорт Шоқаннан: «Аякөз өзенінің аты неден қойылған жəне
мағынасы қандай?»— деп сұрады. Генерал-губернатордың сұрағына
бұрыннан өзен жайымен таныстығы жоқ Шоқан бірден айта алмады.
Генералдың сұрағы ой салған ол, жергілікті адамдардан сұрастырғанда —
«Ертеден келе жатқан атау ғой. Сірə, «Аякөз» дегені — «аяулы, мол,
құнарлы» деген өз болса керек» деп түсіндірме алды. Оған өзі
қанағаттанбаса да, губернаторға бір əредікте түсіндірді. Осы қазақ
даласына шыққаннан бері бір иесіз тəртіпсіз жатқан өлке көріп,
менменсіген дарақы губернатор: «Не деген келісімсіз атау. Осындай ат бола
ма екен, ешбір оқиғаға байланыссыз. Осыған бір дұрыс ат ойлану керек
екен» деп өзінің осы жүрген жолына ескерткіш жасай жүруді ойлағанын
аңғартты. Губернатордың ондай өрескел ойын бұлтарыссыз түсінетін
Шоқан:
— Сіздер сияқты ұлы адамдардың аяғы баспаған жер ғой. Жабайы
халық өз түсінігінше атай береді де, — деп жайма-шуақтады. Бұдан əрі
өзен аты сөз болған жоқ.
Бұл атыраптың жайымен танысқан соң, тағы ілгері жол тартты. Сонау
бір бала күнінде Арыстан ақыннан естіген «Қозы Көрпеш — Баян»
жырындағы Аякөз өзені осы екенін, осыдан салт аттыға ара күндік жерде
«Қозы Көрпеш — Баян» бейіті дейтін ескерткіш барын да сол жердегі
тұрғын адамдардан Шоқан сұрап ұғынды. Бірақ генерал-губернатордың
жүрісі аса суыт, ондай жолдан қия баса бұрылар жайға мүмкіндік жоқ. Ол
жерге сота жүргісі келген ойын Шоқан сырлас бола қоймаған бастығына
айта алмады. Сөйтіп, кептен ойында жүрген аңыз жайын қарастырар реті
келмеді. Жолда Лепсі, Ақсу өзендерінен өтіп, Матай құмдарын, егін, су
жазығын басып, бекет жолымен жүрген генералдың көшімен Балқаш
көлінің айдыны қалыспай жарысты да отырды. Екі күн бойына өздерімен
жарысып шалқыған Балқаш айдынын жолаушылар қызыға, ерекше
тамашалады. Ол туралы талай ойлар шертті. Қапал бекінісіне қанаттас
«Тас» бекетіне жеткен соң, Ақсудан алдан шығып қарсы алған Абакумов


бастаған əскери күтушілер осы жерде біраз аялдауды өтінді. Өйткені енді
Жоңғар тауының сілемі басталады. Осы «Тас» бекеттен Қапалға тура
тартқан жол тек төтелігі болмаса қиындау. Алдымен бұл бір жол тосарларға
бекін болған «Соркезең» атанған, жай жүргіншіге қауіпті жер. Өйткені жол
тар ауыз, қыспақ шатқалды өрлеп жүреді. Екі жаты аспанмен тілдескен
зəулім жартас, ойында аз сулы бұлақша. Жол сол бұлақшаны жағалап
отырады. Сондықтан біз губернатор мырзадан кешірім сұраймыз, бұдан
жатық жолымыз жоқ», — деп өтініш айтты. «Басқа жүрер жол жоқ болса,
онымен жүрмегенде қайтеміз. Оны да керіп өтелік» деген генералдың
разылығымен жолаушылар «Соркезеңмен» өрледі.
Айтса айтқандай, нағыз қатерлі жол екен. Алдынан тосса да, артынан
қуып жетсе де, жалтарар қалтарыс жоқ. Сынадай қысылып қана ат, арба
жүретін бір ауыз жол. Əсіресе жол тосар қарақшылардың деген қанды
қақпаны.
Қыспақтан етіп кезең үстіне шыққанда генерал делбешілерге атты
тоқтаттырып, пəуескеден шығып «Соркезеңнің» айналасын шолып қарады.
Осы жерде ертеде болған уақиғаларды сұрады. Тіпті арты кезі былай
тұрсын, осы жол түскелі болған бірнеше уақиға сөз болды. Бекетшілердің
өзін сан рет тонағаны, бірнеше казак-орыс əскер адамына шабуыл жасап,
жоқ етіп жібергені сөз болды. Осыларды естіген генерал-губернатор
ойланып:
— Мына қыспақты бекітіп тастаса деп тұрмын. Аты да келісімсіз екен.
Анау шың басына жеткізе тасты құлатып бітеп жіберсе, бұл бір жаңа қамал
болар еді, — деп тоқтады. Мына таудың шатқалын тасты құлатып бекіту,
əзірше қолдан келмейтін қиындық. Жəне мына шатқалдан тура аспай,
жаңадан жол тауып, бекет салу да оңай емес. Осыларды ойламастан бекін
қорғаушыларына үлкен жұмысты жүктеп тұрғанын сезген Шоқан:
— Густав Христианович, мұныңыз аса қырағылық. Жол қауіпсіздігін,
халық қамын ойлағандық. Егер мына бағыныштыларыңыздың күші жетіп
оны істей алса, қорған сіздің атыңызбен аталса деп ұсынар едім, — деп
Гасфорттың ақылға сыймас ұсынысын кекесінмен қостады. Оны шынымен
айтып тұр деп түсінген генерал:
— Ұсыныс кімдікі болса, атақ сонікі. Оған талас болуға тиісті емес, —
деп ажарлана қуаттады.


Аз бөгелістен кейін «Соркезеңнен» қозғалған жолаушылар Арасанның
жылы сулы қаптарын басып, Қапал бекінісіне келді. Алдын ала берілген
тəртіп бойынша Қапал бекінісінің жанындағы тапал ғана ғибадат үйінің
жанынан орнатылған қоңыраулар қаңғыр-күңгір соғылып, құрметті ұлы
қонақтарын қарсы алды.
Жан-жағы зəулім биік шыңдардың қоршауында, сылдыр қаққан
күмістей таза сулы шатын өзеннің бойынан келіп орнаған Қапал бекінісі
нағыз əскери бекін болып орныққан. Күйдірген қызыл кірпіштен көтеріңкі
етіп дуалдарын биіктете салып, үлкен қалалардың үлгісімен жасалған.
Қарауыл мұнаралары да келісімді орнатылған.
Бекініс бастығы, əскери лауазымы орта дəрежелі шенді, Абакумовтың
өзі бастап, генерал-губернатордың алдынан сонау Лепсі бекетінен қарсы
шыққан. Сонан бергі жол бойынан ұйымдастырылған салтанатты қонақжай
құрметпен əсем сыйға бөлеп жатыр. Жаңадан ғана патша елшілері арқылы
келісімге келіп, бағынуға бой ұрған Жетісу өлкесінің де ақсақал, атқа
мінерлері келіп, ел атынан амандық айтысып жатты. Генерал-губернаторға
таныса келген ел адамдары «жарым патша» деп дəріптей атап, адал
ықыластарын білдіріп жатыр. Сонымен қатар Қоқан хандығының бектері
əлі де тиіп-қашқан шабуылын тоқтатпай жүргенін айтып, оған осы
бекіндердің үлкен айбын болып тұрғанын да өз етеді.
Шоқан генерал-губернатор сəлемдесіп достық құрмет көрсеткен қазақ
адамдарының өздерін жеткізіп, оларға губернатор мырзаның айтқан заңды
лебіздерін аса жатық тілмен жеткізіп отырды. Осындай танысу, пікір алысу
сияқты арнаулы сəттер саябырлаған кезде, Шоқан ел ақсақалдарынан осы
атырапты мекендеген елдердің ата тектерін, шежірелерін, қай заманнан
мекендеп келе жатқанын, негізгі кəсіптерін, ауа райына дейін сұрастырып
жазып алды. Бір əредікте жер жайына, тау, су аттарына көшіп, «Қапал»
деген таудың қайдан шыққанын сұрады. Ақсақалдардың ішіндегі əрбір
сұраққа түсінікті жауап тауып отырған Байғозы Тіленші баласы дейтін
шешен кісі:
— Шырағым Шоқан, өзіміздің ханымыздың нəсілі екенсің. Қазақ өзінің
мəнісін толық түсінер жас көрінесің. Қазақ сөзінде «Қапал» деген жеке атау
жоқ болар. Өйткені қазақ өзінде қапа болу бар — қайғылы деген мағынада.
Ол жер атына қойылмайды ғой. Бұл жердің аты жер жаралып су аққаннан
«Қопалы» болатын. Оның аталу себебі — мынау жатқан алқап қопа, ши, бір


құнарлы қоныс қой, сонан айтылған болар. Мынадай сырттан келген
төрелердің тілі келмей Қапал деп атап, ылғи солай жазатын көрінеді, — деп
түсіндірді. Шоқан Байғозы қарттың ең аяғы жер, су қанының жайы неден
туатынына дейін жете түсіндіре айтқанына разыланып:
— Қария, сіздің түсініктеріңізді жазып қойдым. Айтуыңыз өте орынды,
— деп тоқтады.
— Шырағым, төре сұлтан, біз ақ патшаға қалтқысыз бағынамыз деп
басымызды иіп отырмыз. Көпшелі болсақ та, біз де көптен өмір сүріп келе
жатқан халықпыз. Біздің өз тəртібіміз, елдік салтымыз бар. Мына жарым
патшаңа айтып, құлағына сал. Біздің елдік заңымызға, тіршілік
тұрмысымызға, жер, суымызға атты əскерін баса-көктетіп ат ойнаттырып,
еркіндігімізді тарылттырмасын. Жəне біз ұлы халық деп бас иіп отырмыз
ғой, тентек-тебізіне əділ тəртібін айтып, əмір берсін, — деп тоқтады.
Шоқанды жақын тартып бар көкейдегі ел қамын шола айтқан Байғозы өзін
ел ақсақалдары мақұлдап: «Шырағым, бəріміздің де тілегіміз сол» десті.
Байғозы ақсақалдың сөзін де Шоқан Гасфорт мырзаға толық жеткізді.
Генерал-губернатор жабайы деп ойлап отырған қазақ адамдарының бұл
сияқты аталы сөз айтып, алыстан шолған тілегіне ойлана отырып:
— Біздің ақ патшаның кеңшілігі мол. Сіздерден барлық рақымын
аямайды. Соны ауыз екі жеткізуге бізді əдейілеп жіберіп отыр. Сіздердің
ішкі халықтық жайларыңызға ешкім зорлық етпейді, — деп тоқтады.
III
Қопалы бекінісінде бірнеше күн болып, атақты Жоңғар тауының біраз
жерін аралап, жер байлығын. тамашалап, генерал-губернатор Верный
бекінісін көруге аттанды. Жол үстінде Ақешкі, Қарамола бекеттерін,
Қаратал өзеншелерін басып генерал тобы тынымсыз жүрді. Жол үстіндегі
кездескен мол сулы Қаратал, Іле өзендерін генерал-губернатор айрықша
тамашалап, 
олардың 
су 
байлығын 
жергілікті 
халық 
қалай
пайдаланатындығын сұрастырды. Шоқан оған арық салып, егін алатын
кəсіп ретінде емес, əуес жайында балығын алатынын түсіндірді.
Жер жайынан хабардар адамдар осы өлкенің Жетісу атануы жайлы
түсіндірді. Балқаш көліне құятын: Лепсі, Ақсу, Қаратал, Іле, Көксу жəне
Тентек, Аякөз — жеті өзенді тұрғын елдер «Жетісу» деп атайтынын


айтысты. Алыстан айдынын ғана керіп өткен Гасфорт Балқаш көлі көзінің
байлығының да осы жақта жатқанын аңғарып Шоқанға:
— Сол Балқаш көлін қай ел мекендейді? Онда пароход, су кемесі жүре
ме екен? — деген жайды сұрауды тапсырды.
Балқаш көлін мекендеген халық көшпелі қазақ рулары екендігін білетін
Шоқан ол көлде пароход жоғын жəне оның балық байлығын пайдаланып
отырған кəсіпшінің де жоқ екенін естіген. Өйткені көшпелі қазақ елінің
негізгі сүйенері — мал. Өзенді жерді қоныстағандары аздаған дəнді астық
егеді. Əрине, ол өз ойындағы топшылануын Гасфортқа айтқан жоқ.
Анықтап білуге уəде берді.
Генерал-губернатордың пəуескесі Іле өткеліне жеткенде, «Верный»
бекінісінен келіп күтіп тұрған шен иелері де алдарынан шықты. Солардың
іріктеп дайындаған сəнді жабдықты қайық жүргізушілері бастықтары орыс
халқының ырымын істеп нан, тұз алып шықты. Қазақтардан бір топ адам
келіп Диқанбай, Жайнақ сияқты ел ақсақалдары аттан түсіп, қазақша қол
қусырып сəлемдесті. Сусар бөркін шекей киген бір жас жігіт ерекше
сəнмен келіп сəлемдесті де, Шоқанға жанаса беріп:
— Естуімізше, ханымыздың ұрпағы екенсіз. Сіздің мына бастап жүрген
ұлығыңыз — жарым патшаның алдына қазақ дəстүрімен алып келген бір
көк қасқамыз бар еді. Соны көлденең тартып, ақ тілек айтуға рұқсат сұрап
тұрмын, — деді. Шоқан бұл жігіттің аты-жөнін сұрап алып, генерал-
губернаторға қазақ халқының жоғарғы орыннан келген сый қонаққа
көрсетер құрметінің үлкені жылқыдан көк қасқа, қойдан ақ сарыбас айтып
құрмалдық ететінін түсіндірді. Сол ырымды істеуге рұқсат сұрайтынын
жеткізді.
«Губернатор рұқсат етті» деген сөз құлағына тигенде, əлгі рұқсат сұрап
келген Шапырашты Сыпатай мырза өзі бастап қос ноқтамен жұлқындырып
жетектеген көк қасқа дөненді губернатордың алдынан көлденең тартып
ниет сұрады. Гасфорт тамашалап қарағаны болмаса, ол ырымнан хабарсыз
ғой, келіп тұрған ел ақсақалдарына Шоқан:
— Мына кісі мұндайды бұрын көрмеген адам. Сіздер өз
ырымдарыңызды істей беріңіздер, — деді. Шоқанның айтқан тəртібін
естіген ақсақалдар ішіндегі ең үлкен ақсақалды кісіге бата істетіп, көк


қасқаларын алып жөнелді. Ел адамдары ақсақалының батасына қолдарын
жайып қауқылдай «қабыл болсын» деп шу етісті. Кейінгі тұрған жиын
жұрттың бəрі де шу етіп «қабыл болсын» деген сөзді үн қосып айтқанын
аңғарып қалған Гасфорт Шоқаннан сол сөздің мəнісін сұрады. «Олар халық
болып сіздің ғұмырыңызға, бақытыңызға тілек білдіріп, тəңірісіне
құлшылық еткені» деп түсіндірді.
Осы сияқты ел адамдарының қарсы алған құрметіне бөленіп, өзен
бойының масасынан алыстатып қырта шығара бір көгалға тігіп қойған
сəнді үйлеріне түсіп қонақ болды. Бір əредікте қырға шытып сейілдеген
генерал-губернатор.
Шоқан арқылы ел адамдарынан мына Іле өзенінің басы қайдан
басталатынын сұрады. Жер жайынан, осы тұстағы елдің ататегі жайынан
көп əңгімелер айтқан Диқанбай деген кісі Іле өзенінің басы Қытаймен
шектес Алатау сілемдерінен шығып, жолшыбайғы — Шарын, Шелек
сияқты əлденеше ондаған өзен бұлақтардың суымен молығып, Балқаш
көліне құятынын айтып берді. Диқанбай ақсақалдың мына сияқты бір өзен
арқылы бүкіл Қытаймен шектесіп жатқан жер жайының шектерін,
жаратылыс байлықтарын айтып бергені Шоқанға үлкен табыс болды.
Осындай бір көңілді жағдайда Шоқан генералына:
— Генерал-губернатор мырза, сіздің əрбір елеулі нəрсені тереңдей
сұрастырып, оған үлкен мəн беретініңіздің өзі, біздің отанымыздың
келешек шаруашылығына қандай мүмкіндік боларын сабақтайды. Сіздің
сұрауыңыз бойынша жаңағы ақсақал қазақтан ұғынған мына өзен
жайындағы суреттемеден маған бір ой келіп тұр. Соны айтуыма рұқсат
етіңіз, — деп өтінді.
— Иə, Шоқан Шыңғысович, сіз ойыңызға келген сұрағыңызды əрдайым
қорғанбай сұраңыз, — деді.
— Мүмкін, менің бұл ойым қазір ертерек те болар. Бірақ біздің Шығыс
Түркістанға қатынасымызды жеңілдетер еді. Мысалы, Балқаш келінен
жеңіл пароход жүргізіп Ілені өрлесе, тура барып Шығыс Түркістан шегінен
шытады. Сонда ең тете жол осы болар еді. Біздің қазіргі Шəуешек арқылы
жүретін сауда қатынасы қауіпте тұр ғой. Құлжа, Жəркент қалаларына
қатынасымыз қыр жолымен сан қия асулармен аса ұзақ жол кешеді. Ал


мына су жолы əрі тете, əрі жеңіл, жайлы пароходпен сауда мүлкі мол
жеткізіледі. Əрі арзанға түсетін жол, — деп тоқтады.
— Шоқан Шыңғысович, сіз менің ойлаған жобамды қалай сездіңіз. Бұл
бір 
тамаша 
жаңалықтың 
жобасы. 
Біздің 
бұл 
жобамыз 
Россия
патшалығының ұлы Азияның тың жатқан Шығыс Түркістан сияқты
өлкесіне сауда қатынасымызды күшейтеді. Тура қатынас болады. Мұны
Омбыға барысымен қолға аламыз. Менің осы жолғы жүрісімдегі басты
мақсат осы сияқты жол табуымыз ғой, — деп сөзін түйді.
Генерал-губернатор Гасфорт аспанмен тілдескен Алатау асқарының
қойнауына жол тартты. Сол күні генерал-губернатордың тобы жаңадан
салына бастаған «Верный» бекінісінің атырабына келіп, ат басын тіреді.
Бекініс басындағы əскери қауым да генерал-губернаторды үлкен құрметпен
қарсы алып, əскери ізет көрсетті. Жаңа салына бастаған қала бөлімдерінен
ең таңдаулы деген үйді əзірлеп, сый қонақты көмекшілерімен сонда түсірді.
«Кіші Алмалық» деп атанатын шағын өзеннің күншығыс жақ қабағынан
ірге тепкен бекініс орны генерал-губернаторға ұнады. Əсіресе осы өзен
бойын өрлеп барып биікке көтерілер жердегі — «Шыбынды сай», «Көңілді
сай» жəне «Таз қара» қырқаларын аралап, үстіртте қарлы асқардың
белдеуінде отырған жайлау елдерін көрді. Əсіресе осы өлкелердің
белдеулерінде қаптай өсіп, сыныса біткен балапан қарағайлар, онан төмен
балақ сайлардың қабақша қырқаларындағы жабайы алма ағаштарға
губернатор тобы аса таңдана танысты. Губернатор тобын осы қоныстармен
таныстырып жүрген қазақ Диқанбай деген кісі болды. Ол Верный
бекінісіндегі əскери басшыларға көп достық еткен аса сенімді адам екен.
Осы өлкенің жері, елі жайынан көп мəлімет айтты.
— Мына Верный бекінісі салынғанға дейінгі бұл жердің аты
«Алмалық» еді. Өйткені осы бір алқапта жабайы алма, өрік,шие,алмұрт
деген жемістер аса қалың өседі. Сондықтан жергілікті елдер «Алмалық»
дейді. Бəрін аралауға сіздердің уақыттарыңыз бола бермес. Теріскей Алатау
атанатын осы алқаптың əрбір бұтасы жемістің желісін тартып тұрады. Тіпті
жабайы алма аташынан cay сайы жоқ, — деп тоқтады.
— Шоқан осы бір басшы болып, жер жайын шежірелеп ұғындырған
Диқанбай деген кісіден:


— Сіздің өзіңіздің қонысыңыз қай тұста? — деп сұрады.
— Біздің ата қонысымыз осы маң болатын. Мына бекін түскелі азырақ
ірге ауыстырдық, — деп тоқтады.
— Сіз мына шекарашыларға көптен араласасыз ба? — деген Шоқан
сұрағына:
— Осы бекін басталғалы істеп келем. Сіздер сияқты ел көре, жер көре
келгендерге басшы болып жүрмін. Өткен жылы осында сонау
Петремпордан Семенов Петр деген орыс келді. Сонымен Ыстықкөлге дейін
бардым, — деді.
Шоқан бұрын бұл жаққа орыс ғалымы келгенін естімеген. Диқанбайдан
ести сала ол кісінің қандай жағдаймен бұл жақты аралап жүргенін Бутаков
деген тілмаштан анықтап сұрап, күнделігіне жазып алды.
«Верный» бекінісіне ұрымтал жақын айналаны, Алатау атырабын біраз
аралап, жер жайы ел жағдайымен танысқан генерал-губернатор, енді
Күңгей Алатау жағына шығып танысуды ойлап: «соған баруға бола ма?»
деген сұрақ қойды. Тілмаш Бутаков:
— Баруға əбден болады. Өзім бастап алып жүрем, — деді.
Генерал-губернатор Верный бекінісінен əрі басшы, əрі көтермеші болып
ерген əскери топтарымен Талғар, Есік, Түрген өзендерін етіп, Шелек
өзенінің бойына келіп жетті. Осы жерде губернатор тобы біраз тоқтап дем
алыс етті. Сол жерден Сөгеті жазығына шығып, Шарынға кететін салаларға
біраз сейілдеп, сонан Кертоғай өзегіне келді. Осы жерлердің атынан,
мекендеген елдерінің жайынан керекті мəліметтерді алып, Кеген өзенінің
бойына келді. Осы тұсқа келгенде ізі қалған қорған орны, тоғандар
кездесті. Кеген, Қарқара, Сарыжаз бойларын мекендеген Ұлы жүздің Албан
аталатын руының адамдары құрмет көрсетіп алдарынан шықты. Бұл
елдердің ел билеуші сұлтандарын Сек төре бастап əкелді. Қарқара өзенінің
бойындағы тігілген үйлерге түсіріп, сый қонаққа дəстүрлі құрмет
көрсетілді.
Қарқара өзенінің бойындағы қалың елді, олардың шаруашылығын
сұрастырып танысқан генерал-губернатор, аспанмен тілдескен Хантəңірі
биігін де алыстан көрді. Жолдағы көрген таулары мынау асқарға қарағанда


төбешік болып көрінді. Мына сияқты ғажайып жаратылыс шыңын
мекендеген елдің барлық жай, күйіне əлі түсініп жете алмаған Гасфорт бір
əредікте Шоқанға: «осы жерлердің бейнесін қағазға түсірсе, əдет-
ғүрыптарын, дін, кəсіп əрекеттерін ұқыптай жазып алса» дегенді тағы бір
қайталады.
Ол жағын өзі де аса құмартып жазып, кейбір жерлерді қағазға бейнелеп
отыратын Шоқан онан сайын шұғылдана түсті. Бір əредікте Шоқан Кеген
бойындағы Албан руының бір ақсақалынан «Кеген» деген таудың қайдан
шыққанын сұрады.
— «Кеген» деген сөз қазақ сөзі емес. Бізден бұрын осы жерлерді
Жоңғар хандығы мекендепті ғой. Олардың елін қазақтар қалмақ деп
атайды. Сол елдің атауынан қалған көрінеді. Ол қалмақ жұрты бұтқа
табынатын яки суретке сыйынып, соны тəңірі көретін көрінеді. Олардың
тəңірісінің суреті, мүсіні сақталатын, өздері құлшылық ғибадат ететін
үйлері болады екен. Ол үйде дінбасы молдалары тұратын көрінеді. Ол
молдаларының үлкенін «Геген» деп атайды екен. Осы өзен бойында
солардың «Гегені» тұрыпты. Сонан өзен аты «Кеген» атанып кетсе керек,
— деп түсіндірді.
Шоқан осы кісінің түсіндіруін толығырақ жазып алып, Гасфортқа
айтып берді. Шоқан Гасфортқа осы əңгімені айтқанда өзен бойында
серуендеп жүрген кез еді. Қонақтарға тігілген үйлердің сыртындағы
көгалда бір топ қазақ ақсақалдары күнбатысқа қарап намаз оқып жатқан-
ды.
Жығылып тұрып, жерге маңдайларын тигізе сəжде етіп жатқандарға
таңдана қараған Гасфорт:
— Шоқан Шыңғысович, мына кісілер не істеп жатыр? — деп сұрады.
Шоқан өзінің түсінігімен:
— Густав Христианович, біздің қазақ елі мұсылман дінін жаңада
қабылдай бастаған ел. Олар күніне бес мезгіл намаз оқиды. Мына оқып
жатқандары түскі намаздары, — деп түсіндірді.
— Бұл дінді олар қайдан қабылдаған? Кімдер таратып насихаттайды?
— деген Гасфорттың сұрағына:


— Бұл дінді таратушы, Бұхар, Хиуа, Ташкент жағынан жіберілетін
молда, қожалар. Жəне анада өзіңіз көрдіңіз — Семей қаласында қазірдің
өзінде жеті мешіт салынып, айшықтар күнге шағылысады. Сондағы татар
молдалары арқылы тарайды, — деп діннің қазақ даласына тарала бастаған
салаларын айтып берді.
— Ал мына Бұхар, Хиуа, Ташкенттерге қатынасы жоқ кезде, Семей
қалаларына татарлар мешіт салмаған кездерде қазақтар қандай дін
тұтынған? — деген Гасфорттың сұрағына Шоқан көп ойланып барып:
— Ислам діні таралмай тұрған кездегі Азия халықтарының діні ете
анайы болса керек. Біреулері отқа табынып, біреулері суретке — Будданың
бейнесіне яки мына қалмақтардың діні тəрізді бақсы құшнашқа сенген
болса керек. Көшпелі қазақ елі күні осы уақытқа дейін көпшілігі намаз
сабағын біле бермейді. Тек, қожа, молдалардың үйретуімен дəрет алып,
намазға жығылуды машықтанады. Оның барлық шарттарын да біле
бермейді. Ислам діні əлі қазақ даласына мықтап орныққан дін емес, — деп
тоқтады.
Шоқанның осы бір «ислам діні қазақ даласына əлі мықтап орныққан дін
емес» деген сөзі қанаттандырған Гасфорт:
— Шоқан Шыңғысович, сіз осы мұсылман дінінің барлық шарттарын
бір білетін кісіден анықтаңқырап біліп алыңызшы, — деді.
— Густав Христианович, мен оны сізге қазір-ақ айтып берейін, — деп
өзінің ауылда Əбубəкір молдадан оқығанда ұққаны бар жəне былай да
қарастырғаны бар, бажайлап айтып берді. Шоқанның айтуынан ислам
дінінің тəртібін əсіресе əйелдерге деген кіштімтайлы ережесін сөге сөйлеп:
— Шоқан Шыңғысович, сіздің айтқаныңыздай болса, бұл қолайсыз дін
екен. Осындай қолайсыз дін өзінің уытын жаймаған шатына кездескен
екенбіз. Осы елге мына христиан діні мен мұсылман дінінің аралығынан
тұрмыстарына үйлесімді бір дін ойлап тауып берсе қандай жақсы болар еді,
— деп өзінің дін ойлап шығармақ пікірін сездірді. Генерал-губернатордың
басқан-тұрған жерінен өзіне ескерткіш қалдырып, жүрген ізін тарихтың
белгілі соқпағы етпек болатын шерменде қиялын ұғынған Шоқан:
— Густав Христианович, сіздің жаңалық ойлағыш, ізденгіштігіңіз —
басқа шен иесі ұлықтардан өзгешелігіңіз. Егер тұрмысына жеңіл де


үйлесімді дін тауып берсеңіз, халық қуана қабылдайды ғой. Мен сіздің осы
ойыңызға байланысты өзім оқыған бір жайды айтайын. Сіз өзіңіз де оны
жақсы білерсіз. Ақсақ Темір хан Үндістанды барып жаулап алғаннан кейін
онда өзінің əскербасы адамын сол елге сұлтан етіп қалдырған. Кейіннен
Темірдің бір шөбересі Үндіні қайта жаулап алып билеп тұрған. Ол
шөбересі мұсылманша оқыған, мұсылман дініне жетік адам болатын. Сол
кісі Индия елінің бір тайпасына мұсылман дінін орнатып, атақты мешіт
салдырған. Ол Бабүр-Əкбəр деген кісі. Оның аты тарихқа əйгілі ғой. Қашан
болсын ұлы адамдар ашады ғой, жаңалықты. Бізде əлі күнге қара халықты
сендіріп келген бір аңыздар бар. Олар тəңірінің досы пайғамбарлар:
мысалы христиан дініндегілер Ғайсаны тəңірінің баласы да табынады.
Мұсылмандар Мұхаммедті тəңірінің досы деп соған сеніп, соның дінін
ұстанады. Еврейлер Мұсаны пайғамбар етіп, соның дінін ұстанады. Сол
пайғамбар дегендер де осы сіздер сияқты есті адамдардағы. Тек қараңғы
қауым алдында өзінше жаңалық жасап, дін жобасын ойлап шығарған, —
деп тоқтады.
Шоқанның бүкілдің тарихын əшкерелей айтып бергеніне мүлде елірген
Гасфорт, қазақ еліне жаңадан дін тəртібін ойлап табуға белін байлай, ұзақ
сөйледі. Осы əңгіменің үстінде қастарына келген əскери көтермешілер де
«қандай тамаша жаңалық болар еді», — десті. Мына көтермелеу онан
сайын желіктірген генерал:
— Шоқан Шыңғысович, сіз жас та болсаңыз қандай көп зерттегенсіз.
Шынында да, дін шығарушылар да осы біз сияқты адамдар ғой. Бұл бір
ойланып жобасын жасар алдағы ісім болар, — деді. Шоқан мұндай сəті
келіп біреуді ажуа еткенде сұрғылт өңі жайнап, тек көзі ғана күлімдейтін.
Сол əдетін істеп, ешбір сыр бермей губернатордың ойын қуаттаған болды.
Қарқара өзенінің бойына тігілген үйлерде болып, Албан руларының
əрбір ата топтарынан келген адамдармен сəлемдесіп генерал-губернатор екі
күндей сол жерде бөгеліс етті. Бұл кезде Шоқан сол рулардың шаруа жайы,
ру, тектерін анықтады. Сонымен қатар осы Албан руларымен көршілес
қырғыз елдерінің жайынан да біраз мəлімет алды. Құлжа, Қашғарға мал
апарып, ол жақтан керек-жарақ əкеліп, саудамен ел аралайтындарға
кездесті. Алты шаһармен сауда қатынасын айрықша зерттеді. Олай қарай
асып баратын жол жайын да сұрастырды. Қырғыз елінің «Ыстықкөлі»
жайынан да осы елден сұрап, көптеген хабарлар естіді. Верный бекінісінен
бері басшы болып ерген Бутаков əңгімелері де Шоқанға көп жаңа хабар


берді. Əсіресе кадетті өзінен бір жыл бұрын бітіріп, шекара əскери бөліміне
кеткен досы Григорий Потаниннің хабарын да осы кісіден естіді. Григорий
Жетісу бойына келіп, шекара əскери бөлімінде болыпты. Бұл кісінің
айтуынша Григорий, Қоқан бектерімен бірлесіп, Верный бекінісіне бірнеше
рет шабуыл жасаған Тойшыбек жасағымен айқаста болған. Сонан Шу
өзеніне дейін барып қайтыпты.
Сонау 
Омбы 
қаласынан 
арнайы 
ұйымдастырылған 
генерал-
губернатордың экспедициясы — жаңада ғана «бағынамыз» деп елші
жіберіп, бас иіп отырған елмен жан-жақты танысты. Азияның орталық
қалаларымен қатынасар жаңа сауда жолының долбарларын белгіледі.
Осындай мақсатпен аттанған генерал-губернатор дүрмегі осы жерде өз
жүрістерінен біраз қорытындылар ойласты. Əлі де бұл жақты көбірек
қарастыру керектігін сөз етісті. Бұдан былай қырғыз жеріне баруды
губернатордың жол бастаушылары лайықты көрмеді. «Ол жақты зерттеуге
басқаша экспедиция ұйымдастырылуы керек» десті.
Генерал-губернатор тобы Қарқарадан қайтарда қыр жолымен Алтын
Емелге, Сек төренің аулына дейін келді. Осы жерден Гасфорт Қапал
бекініне барып, өз атына үлкен бекініс қорған жасатпақ болған
«Соркезеңді» асып Семейге қайтты. Шоқан Алтынемелде генералдан
бөлінді. Ол Жоңғар тауының «Демікпе» дейтін атақты Жоңғар қақпасында
болды. Алакөл, Тарбағатай тауларына соғып, Жетісу өлкесінің Алтай жаққа
созылған сілемдерімен танысты. Генерал-губернатордан бөлінгенде
Шоқанмен бірте Жоңғар тауын, Тарбағатай, Алакөл бойларын аралауға
Абакумов бастаған бірнеше адам ерді.
Гасфорт сияқты «жарым патша» деп жаңғырықтыра келген ұлықты
кермеген Жетісу елінің ішінде губернатор жайында көптеген аңыз
əңгімелер қалды. Əсіресе екі таудың ақтарын бекітіп, қорған бекініс
жасатпақ болғаны генералдың өзі кетпей-ақ шекара əскерлерінің арасына
күлкі болып тарала бастаған-ды. Оның үстіне қазақ еліне жаңадан дін
шығармақ болған «данышпандығы да» ажуа ретінде елге жайылды. Оңы
əскери ажуашылдар: «Гасфорт дінінің» жобасы қандай болар екен деп
күлісетін болды.
Шоқан Қапал бекінісінен ерген Абакумов бастаған əскери басшыларды
Лепсіден қайтарып, өзінің серігімен Аякөзге соқты. Содан орталық қазақ
даласын — Қарқаралы, Баян, Көкшетау жерлерін аралап, ел ішінен


көптеген ертегі, аңыз əңгімелер, шежірелер жинады. Əсіресе қазақтың
бұрынғы көне билік жобалары, қалың мал, жесір дауы сияқты ел ішінің
көптеген əдет-ғұрып салтының тəртібін аса тəптіштеп жазып алды. Сонау
бала күнінен ойына орнаған қазақ даласын аралап танысуының бір саласын
аяқтаған Шоқан күз түсе Омбы қаласына келді.
IV
Омбы қаласына келіп, өзінің қолжазбаларын біраз тəртіпке келтіріп,
сонау Алтын Емелде қош айтысқан генерал-губернаторына сəлемдесуге
келген, Шоқанды кеңседегі достары аса қуанышпен қарсы алды. Жалғыз-
ақ:
— Сіз немене, генерал-губернатордан бөлініп, өз бетіңізбен экспедиция
құрдыңыз ба? — деп кекесінмен қарсы алған Фридрихе генерал болды.
Оған Шоқан қысылмай-ақ:
— Фридрих мырза, мен өз алдыма экспедиция құрғаным жоқ. Генерал-
губернатордың айрықша тапсырмасын орындап, қазақ даласынан, сол елдің
діні жайынан мəліметтер жинап келдім. Сіз өзіңіз Гасфорт мырзаның
жаңалығынан хабарсыз екенсіз ғой. Ол кісі қазақ еліне жаңа дін ойлап
шығаруға сөз байлап қайтқан. Соған сол барған Жетісу елімен мына
орталық қазақ даласын мекендеген елдің көне дінінің айырмасы аса қажет
қой. Біз соны жинап кешіктік. Сіз генерал-губернатордың «ұлы идеясына»
жеңіл қарайды екенсіз, — деп өзін састырды.
— Шоқан Шыңғысович, сіздің мына бір хабарыңыз ерекше жаңалық
қой, оны біз естіген жоқ едік. Мен сізді жай өз бетімен жүріп қалды ма деп
ойлаған едім, — деп жайма-шуақтады.
— Естімесеңіз, хабардар болыңыз. Густав Христианович сияқты ұлы
адамдар жүрген жерінде ұлы із қалдырмаса, аты мəңгі жасай ала ма. Ол кісі
алыстан ойлайтын адам ғой, осы жолдың өзінде бірнеше жаңалықтардың
ізін қалдырды, — деп Гасфорттың мақтауын күпсітіп қойды.
Гасфорт өзі Омбыға келіп біраз тыныққаннан кейін, қол астындағы шен
иесі көмекшілерінің қызмет тəртібімен танысқан. Сол мəжілісте
чиновниктердің:
— Жүрісіңіз ойдағыдай сəтті болғанын естіп жатыр едік, табысыңызбен


құттықтаймыз. Бақытыңыз өсе беруіне тілектеспіз, — деген жағымпаз
лебіздеріне:
— Жақсы лебіздеріңізге алғыс айтамын. Шүкір, бұл барып танысып
қайтуымыз өте сəтті болды. Тіпті ойда жоқ сан түрлі жағдайлармен
таныстық. Біз барып қайтқан Семей облысы, одан арғы Жетісу өлкесі, əлі
анайы қалыпта жатқан елдер екен. Ана жас корнет Шоқан Шыңғысовичтің
бірге болғаны сондай жақсы болды. Ол өзінің туып өскен елінің өмірін,
тілін жақсы біледі. Сонымен қатар ол мына корпусты бітіріп, үлгілі білім
алған адам. Бізге сол елдің жайынан көп сыр ашты. Өте бір талантты
офицер, — деп Шоқанды ерекше мақтатан-ды. Əлі еңбегі сіңіп
жаттықпаған қазақ баласын генерал-губернатордың осынша көтермелей
мақтағаны 
күншіл 
Фридрихе 
сияқты 
чиновниктерге 
ұнамаған.
Фридрихстың Шоқанды кекете қарсы алуының да себебі сол бір қызғаншақ
күншілдіктің алапаты еді.
Шоқан Гасфорттың алдына əскери тəртібімен келіп амандық айтып,
қызметіне оралғанын хабарлады. Шоқанды аса бір жылы қабақпен
қабылдаған генерал-губернатор:
— Шоқан Шыңғысович, қалай, жақсы жүрдіңіз бе? Қандай жаңа
мəліметтер жинадыңыз? Біздің осы жолғы барып қайтқан жолымыздың
хабарын Петербург ұлықтары да қызыға сұрастыруда.
— Густав Христианович, сіздің осы жолғы сапарыңыз ел ішінде де
үлкен жаңалық қалдырып отырды ғой. Сол сияқты енді Россия
патшалығының Шығыс Түркістан елімен сауда қатынасының жаңадан тете
жолын ашуы сөзсіз. Сондықтан Петербург мырзалары да асыға күтетін
болар.
Шоқанның мына сияқты өз ойын дəл басқан лебізі мақтандырып
жіберген Гасфорт онан сайын шалыңқырап:
— Шоқан Шыңғысович, енді сіз мына кеңсенің ұсақ жұмысын
қойыңыз. Ана жақтан жинаған мəліметтерді ғылыми тұрғыдан салалап
жазыңыз. Жаңа бағынып мойынсұнып отырған елдің жағдайына сəйкесті
жаңа тəртіп жобасын да ұмытпаңыз. Таты бір есте боларлық нəрсе, енді
осы бастан ісімізді жемісті аяқтау мақсатымен əсіресе нобайы байқалған
Алтышəрмен сауда жолы қатынасының əлі де зерттеле түсер жайын кеңірек


түсіндіре жазыңыз. Ел жөнінен бұрыннан айтылып жүрген жобалардың
кемшілігін айқындай түсіңіз, — деді.
Генерал-губернатордың ақылшы болып айтқан уасиятнамаларын Шоқан
тереңнен түсінді. Гасфорттың өзінше жаңалық ашқан болып, бұлардан
бұрын ол жақты шолып ғылыми ойлар жариялап жүрген адамдардың
еңбегін мансұқ етпек ниетін де байқады. Бірақ материалдарды қалай
қорытады, ол өз қолында. Еңбек өзінікі екені айқын. Атын кім байланады,
ол жағы белгісіз.
Генерал-губернатордың тапсырмасын алып, еркіндей шыққан Шоқан
Фридрихе мырзаға Гасфорт тапсырмаларын хабарлады.
— Генерал-губернатор өзі тапсырса, біз не дейміз. Істеңіз. Бірақ ұсақ-
түйек кемшілікті тізбектеп, ұлы жолдан алған əсерді қоқсытпаңыз. Білесіз
ғой, бұл өте жауапты іс, — деп, бұл да ескертуін шымырлай айтты.
Шоқан осындай əмірлі тапсырмаларды алып, пəтер үйіне келіп біраз
тынықты. Ол Гасфорттың тапсырмасынан да, Фридрихстың: «ұсақ-түйекті
тізбектеп» деп ескерту істегенін қатты ауырлады. Фридрихстың оны
айрықша ескертіп отырғаны əншейін емес. Осы Батыс-Сібір өлкесіне
қарасты қазақ болыстарының жұмысын өзі басқаратын Фридрихе, анау
барып қайтқан елден естіген қиянат хабарың болса, оны аузыңнан шығарма
деп отыр. Ал Шоқан, елдің ішінен қырға шыққан патша чиновниктерінің
қиянатын қылға тізіп, аса күйзеліп келген. Əсіресе ел есебін, шаруа есебін
алуға шыққан экспедициялардың қиянатын естігенде, төбе шашы тік
тұрған.
Шоқан пəтеріне өзі жоқта жиналған журнал, газеттерді қарап алды.
Сонан кейін сонау Омбыдан аттанғалы тек хат жазып қана амандық
білдіріп отырған достарымен дидарласуға кірісті. Ол алдымен Карл
Казимировичтің үйіне келді. Алдынан есік ашып қарсы кездескен
Екатерина Ивановна Шоқанды өз баласындай мейірлене сүйіп амандасып,
Карл Казимировичке:
— Шоқан Шыңғысович келді. Мүлде сағынып қалып едік, — деп
сүйінішін айтты. Карл Казимирович қауқалақтап о да құшағын жая əкелік
жүрекпен амандасты. Тек Елизавета ғана үйде болмады. Шоқанды қонақ
бөлмесіне алып кірген Карл Казимирович:


— Петр Петрович, танысыңыз, менің сізге айтқан азаматым осы еді,
сəтімен жақсы кездестіңіз, — деді.
— Өте көңілді, — деп кең маңдайлы, шықшыт сақалы желбіреген ақ
сары кісі. — Петр Петрович Семенов, — деп қолын берді. Семенов деген
фамилияны естігенде, Шоқан Верный бекінісіндегі Диқанбай мен Бутаков
айтқан фамилияны есіне түсірді. Анық сол ма, жоқ па деген оймен:
— Петр Петрович, ғафу етіңіз, сіз Жетісуда, Ыстықкөлде болдыңыз ба?
— деді.
— Мен сізден сұрағалы отыр едім, жас офицер, Карл Казимировичтің
айтуына қарағанда сіз де сол жаққа барған болсаңыз керек. Онда біз
сапарлас болған кісілер екенбіз, мен ол жаққа бір емес, екі рет бардым, —
деп күлімдей тоқтады.
— Е-е, Карл Казимирович, сізге айтып қойған екен ғой. Мен сол Жетісу
өлкесінен жуырда оралдым. Сіздің Верный бекінісіне соғып, қырғыз
Ыстықкөліне дейін барғаныңызды өзіңізді бастап алып жүрген Диқанбай
деген қазаң та, Бутаков та айтты.
— Олар өте дұрыс айтқан. Мен Петербургтан əдейі арнайы экспедиция
ұйымдастырып бардым. Ол жақтың жағдайы біздің елімізге өте қажетті
болып отыр. Əсіресе жағрафиялық ғылымға көп жаңалық табылатын өлке.
Сонымен қатар қырғыз Алатауы, Ыстықкөл жайлы алып қашты көп
қауесеттер бар. Мына біздің батыс елінің ғалымдары ол өлкеге
ауыздарынан суы аға ұмтылады. Бірақ оларға тереңдей кіріп кетуге
мүмкіндік аз. Өйткені Хиуа хандығы Шығыс Түркістанға христиан
дініндегі елдің адамын еткізбейді. Бір кездегі Қытайдан Шығыс
Түркістанды, Жетісу өлкесін басып Батысқа баратын жібек жолы бұл кезде
топырақ басып, соқыр сүрлеуге айналған. Əсіресе Батыс елдерінің Азияға
істеген озбырлық қылықтары да халық арасын жауластырып, пəле себуде.
Сонымен қатар дін қоршауы да аз кедергі емес, — деп Семенов біраз
ойланып қалды.
Ол кісінің өзін байыпты тыңдап, əр алуан ой жүгіртіп отырған Шоқан:
— Петр Петрович, сіз тау қырғыздарының қай-қай жерлерінде
болдыңыз? Алтышар жаққа соққан жоқсыз ба? — деп сұрап қалды.


— Шоқан Шыңғысович, мен қырғыз Алатауының біраз жерін
араладым. Əсіресе менің көп қарастырғаным Ыстықкөл маңы болды.
Өйткені атақты талым Александр Гумбольд деген кісі Ыстықкөл маңында,
Құлжа қаласына жақын жерде жанар тау бар деп, соны бүкіл батыс
ғалымдары болып іздестірген еді. Мен көбінесе соны анықтауға көңіл
бөлдім. Ол маңда жанар тау жоқ. Тек, аспанмен тілдескен Тянь-Шань
тауының үстіртінде атақты Ыстықкөл бар. Ол көлді жан-жақты
қарастырдым. Дегенмен тілін білмеген, əдет-ғұрыптарына бейтаныс елді
тілмаш арқылы тілдесіп зерттеу аса қиын. Жəне біз барған тау қырғыздары
екі жарылған өзара бітімсіз жау. Бір жаты Россия патшалығының қол
астына кіруді мақұлдайды. Сіздің туыстарға үн қосады. Ал бір жағы Хиуа
хандығымен қол ұстасып, Россия уəкілдеріне қолдан келген қастығын
аямайды. Сондықтан ондай алысып отырған елдің ішінде басқа ұлттың
адамының жүруі аса қауіпті. Біз тек Верный бекінісінен алған
шекаршылардың қорғауымен аралап отырдық, — деп сөзін аяқтады.
— Петр Петрович, сіздің айтып отырған ғалымыңыз Гумбольд қазір бар
адам ба? — деген Шоқан сұрағына:
— Бар адам. Қазір қартайған. Ол кісімен мен екі рет кездестім. Неміс
ғалымдарының ішіндегі əлем сырына, жаратылыс ғылымына аса жүйрік
адам. Араламаған жері аз. Оңтүстік Америкада да болған. Орал, Алтай
атырабында да болған. Сіздің қазақ даласын да аралаған. Каспий теңізінде
де болған адам. Бара алмаған жері — алып қашты сөзден естіген аспанмен
тілдескен Алатау алқабындағы жанар тау. Бірақ ол кісі бармағанмен біз
бардық. Онда жанар тау жоқ, — деп тоқтады.
— Сіз, Қашғармен сауда араластыруға біздің Россия елінің төте жолы
қай бағытпен жобаланса дұрыс болады, осыны байқадыңыз ба? — деген
Шоқан сұрағына:
— Мен, əрине, Алтышар, Қашғар қатынасы жайында қарастырдым.
Бірақ оның нағыз сенімді қауіпсіз жолын дəл айту қиын-ақ. Тек, сол
Азияның өз адамдары арқылы болмаса, басқа ұлттың адамына аса қауіпті,
— деп тағы да өз қорытындысына келді. Шоқанның мұны сұраудағы
мақсаты, өздерінің жинап қайтқан материалдарына қатынасты ойластырған
жобаларына қандай тиімді ой айтар екен деген пікір еді. Оған Петр
Петрович Семенов айрықша бағыт нұсқаған жоқ.


Шоқан Гутковскийлердің үйінде атақты талым Семеновпен кездесіп
танысқаннан кейін, ғылым жолына бұрынғыдан да құштарлана тусті.
Əзінің экспедициядан жинап қайтқан мəліметтерін қорыта, түйіндеген
ойларын тереңдете түсті. Сонымен қатар Гумбольдтің тағы басқа сол
сияқты жиһангез əлем сырын зерттеген ғалымдардың еңбегін іздестіріп,
біразын қолына түсіріп те алды. Сол Гутковскийдің үйінде кездесіп, шын
ықыласпен танысқан Семенов өзі Омбыдан аттанғанша Шоқанды көзінен
таса етпеді. Үнемі байланыс жасап, ғылыми ақылшы болып алды.
Шоқан жұмысын біраз ыңғайлағаннан кейін Капустиндердің үйіне
келді. Олар да сағына көрісіп мейірлене мəжілістесті. Тек бұл үйдің ішінен
Шоқанның кездестірмеген адамы Вера Яковлевна болды. Əрине, Шоқан
бірден Вера Яковлевна қайда деп сұрап, жеңілтектік істемеді. Алдымен
салмақты амандасып, өзінің ұзақ жүріп қалған жайларын айтып, сабырлы
отырды. Вера жөніндегі сөзді Екатерина Ивановна өзі бастады.
— Шоқан Шыңғысович, сізге Вераның кейінгі хаты барған жоқ па? Ол
Петербургқа жүрерде хат жазып еді ғой. Менің байқауымша ол хатты
алмаған сияқтысыз.
— Ғафу етіңіз, Екатерина Ивановна, Вера Петербургқа жүріп кетті ме?
Онда оқуға барды ма? — деген Шоқан сұрағына:
— Шоқан Шыңғысович, сізге Вера айтқан жоқ па? Питербургта
Вераның нағашы атасы бар ғой. Сол кісі «Вераны Петербургта оқыталық,
маған жіберіңдер», — деп сұрап жүрген. Сол нағашы ағасы: «Вераны
түсіретін оқу орнына келісіп қойдым, тез жіберіңдер», — деп телеграмма
беріп, жіті шақырып алды. Оқуға түскен хатын күтіп отырмыз, — деп
Екатерина Ивановна Вераның Петербургқа аттанған жайын айтып берді.
— Кешірім сұраймын, Екатерина Ивановна, ол Вераның нағашы атасы
сіздің ініңіз бе, атаңыз ба? — деген Шоқан сұрағына:
— Ол менің інім. Дмитрий Иванович Менделеев. Ол кісі ғылыммен
шұғылданатын адам, — деді.
Шоқан Менделеевтің атын бұрыннан естігені барды. Бірақ қандай
ғылыммен шұғылданады, оны анықтап білмеген-ді. Əсіресе Верамен сан
рет əңгімелесіп жүргенде, бұл туыстары жайынан сұрастырып білмеген-ді.


Омбыдағы достарының біразымен кездесіп, жүріп қайтқан жағының
жайын, əсіресе Гасфорт мырзаның жүрген жеріне өзіне ескерткіш белгі
орнатқысы келетін даңғой қылықтарын кейде күйіне, кейде ажуалай
əңгімеледі. Бұл жағынан оның кеп əңгімелескен досы Сергей Дуров. Ол
Шоқанға осы жолға аттанарда-ақ:
— Сіздің генерал-губернаторыңыз тек қана есерсоқ емес, орыс
патшалығының барлық есуастық зұлматының айнасы. Ол бір ғана Гасфорт
бойындағы өрескелдік емес, бүкіл мемлекеттік тəртібіміздің жүйесі, — деп
сипаттап еді. Шоқан осы сапарында, Дуров досының айтқан пікірінің айна-
қатесіз бейнелерін көріп қайтты.
Шоқан жүрген жолынан жинаған мəліметтерді жан-жақты ғылыми
тұрғыдан жазып жинақтады. Оның ішінде Гасфорт арнап тапсырған қыр
халқының əдеті, діні жайынан көп нəрселерді талдап қағазға түсірді. Осы
жазу үстінде Шоқанның ақылшы жетекшісі Петр Петрович Семенов
болды. Ол Шоқанға өзі орыс тіліне аударған Риттердің Азия халқының жер
байлығын пайдалану жайындағы еңбегін, сонымен бірге Гумбольдтің
жиһанкездік еңбектерін беріп таныстырды. Осы сияқты тамаша дос тапқан
Шоқан ғылымға көзі ашылып ынтыға түсті.
Шоқанның жүріп қайтқан сапарынан алған ғылыми деректеріне Петр
Петрович Семеновтың мына берген кітаптары қосымша ұйтқы болды.
Шоқан жинап қайтқан мəліметтерді жазып бергенде, танысып шыққан
генерал-губернатор сондай қуанды. Гасфорттың өзі ойлаған топшылауынан
əлдеқайда терең екен. Өздері естіп бара алмай қайтқан тау қырғызының
өмірі, Ыстықкөл сияқты ерекше жаратылыс ғажайыбын тездетіп анықтап
білу өте қажеттігін айқындай түсіпті. Шоқанның өзімен бірге жүргендегі
алғыр да білімді қызметіне разыланған жəне мына жазып берген еңбегінің
ерекше құндылығына сүйсінген генерал-губернатор оның қызмет орнын
жоғарылатып, поручик атағын бергізді. Сонымен қатар Шоқанды
Петербургтағы осы экспедицияны ұйымдастыруға басшылық еткен
мекемеге 
де 
мақтап 
хабарлады. 
Солардың 
сұрауымен 
Гасфорт
экспедицияның хабарламасын жəне бұрынғы баяндаманың да көшірмесін
жібертті. Бір жағынан Шоқан жазған, жинаған мəлімдемелер арқылы өзін
де жоғарғы жерге мақтана жеткізе, Шоқанды да көтермелеп қамқоршы
болып алды.
Жүріп қайтқан жолы жемісті болып Сібір өлкесінің билеушісіне сенімі


артқан Шоқан еркіндей тылымға керекті жайларға көп көңіл бөлді. Сол
жылдарда 
Орынбордың 
губерниялық 
ведомствосында 
басылған
В.В.Вильяминов-Зерновтың «Қырғыз-қайсақ халқының Қоқан хандығы
кезіндегі тарихи мəліметі» атты еңбегін жаздырып алды. Сонымен қатар
бурят азаматы Доржи Банзаровтың еңбегімен де осы кезде танысты. Ол
осы бір кезде Азия елінің жайынан жазылған еңбектердің қандайын болсын
тауып, танысып отырды. Фин халқының жас ғалымы Кастронаның «Россия
қол астындағы Азия халқының тіршілігі» деген еңбегімен де танысып өтті.
Сол сияқты Шоқан якут халқының өмірін зерттеп, ауыз əдебиетін жинаған
Николай Чижовтың еңбегімен танысып, якут тілінің қазақ тілімен тұқымдас
көп ұқсастығы барлығын да кездестірді.
Əсіресе өзінің туған елінің, онымен қанаттас тілі, əдеті-ғұрпы тұқымдас
елдің тіршілігіне деген ынтызары күшейді. Олардың бəрін салалап
тереңдей жазуға қолындағы дəлелдемелер əлі аз. Көбінесе танысқан
жайлары біреулердің жазғаны. Ол көзімен көріп, анығырақ жете танысуға
құштар-ақ. Осындай терең ойға қанат қақтырған Петр Петрович Семенов
еді. Барнаулға жүрерде Шоқанға ерекше бір ой салды:
— Мен мына генерал-губернаторыңа бір жайды тапсырғалы отырмын.
Ол — ана Алатаудың күнгейін мекендеген қырғыз елінің жай-күйімен жете
танысу. Жəне олардың біздің Россиянин, қол астына қосылуға ынталанып
отырған руларынан қол үзбей қатынасты күшейту. Сен сияқты сол елдің
тілін, əдет-ғұрпын білетін адамдардан ғылыми экспедиция жіберу. Егер ол
кісі осыны ұйымдастырса, сен дайын бол. Өте қажет. Онда бізбен де
байланысың күшейеді, — деп ақыл айтты.
— Ондай ұсыныс болса, мен дайынмын. Ал, сіз, осы ойыңызды
аяқсытпаңыз, — деп Шоқан Семеновтың қолын алды.
Шоқан Карл Казимировичпен екеуі Гасфорттың өзіне сөйлесіп, жаз
шыға Дуровтың қырға шығып дем алуына рұқсат алды. Əрине, Дуровтың
қырда танысы жоқ. Жүдеу досын Көкшетау жайлауына таза ауа, қымызға
жіберуге, аулына Шоқан өзі хат жазып, хат күтіп отырғанды.
Қолжазба қағаздарының əрқайсысына үңіліп отырған Шоқанның есігін
біреу қақты. Есікті ашып жіберіп «Гриша!» деп бас салған Шоқанды əскери
киімімен о да қаусыра құшақтап: «Шоқан досым!» деп біраз қысып тұрды.
Екеуі құшақтарын жазып, амандық сұрасты.


— Григорий Николаевич, мүлде жауынгер офицер болып алыпсың ғой.
Қайда жүрген жайыңнан хат та жазбадың, — деген Шоқан кінəсына
Григорий:
— Менің жүрген жерімде жүрсең, сен де хат жазбайсың. Сен генерал-
губрнатордың кеңсесінің бұрышынан орын алып, китəбия чиновник болып
отырсың, — деп о да өзінің достық əзілін айтып жығынды болар емес.
Шоқанмен алғашқы əңгімелесе бастағанда əлдеқалай ғылыми қиялдар
естіп, Григорий Николаевич өз құлағына өзі сенбегендей боп отырды. Ол
Шоқанның шағын бөлмесіндегі кітаптарын көріп, аз уақыттың ішінде
мұншалық құнды кітап жинап алғанына таңданды. Əсіресе оның
таңданғаны Сергей Дуровтың Шоқанға сыйлай берген кітаптары болды. Ол
кітаптар жайлы Григорий хабарсыз еді.
Атақты петрашевтардың қолжазба еңбектері өз алдына бір ерекше
дүние.
— Шоқан, сен патшалы Россияның бүкіл Сібір өлкесін билеп отырған
бас мекемесінде чиновник болып істеп отырып, мына сияқты əдебиеттерді
қолжазбадан жинап табынасың, — деді. Мұны Григорий Шоқанды кінəлай
айтқан жоқ. Бір жағы əзілі, бір жаты кітаптардың мазмұнына өлі
мойындамаған атүсті қарағандығы да бар еді.
— Григорий, кешірім ет, сен анау анайы, қарусыз ба¬сын иіп, мойнын
төсеп отырған бейкүнə қазақтарға қамшы үйірген шекарашылардың
даңғаза айқайына əбден құнығып алып, əдебиет, ғылым дүниесінен
тосаңсып қалғансың ғой. Мына сияқты халық қамының қайраткерлерінің
асыл ой-пікіріне əлі де үрке қарайсың ба?
Əй, білмеймін, əзірше ондай зар заман пікірден гөрі, мына езілген
халықтың бүгінгі тіршілігін дұрыстау жолына қызмет істеу керек. Сіздің ел
сияқты екі оттың ортасында талан-таражға ұшырап отырған елді ана Азия
түнегінен аршып алып жарыққа сүйреу керек, — деп өзінің шекарашылар
тобында жүргендегі қоқандықтармен айқасын Жетісу елін жарыққа сүйреу
деп санайтынын айтты.
— Григорий, сенің бұл пікірің өте дұрыс. Бірақ Азия хандықтарымен
бүгінгі Россия қанаушыларының халыққа істер зəбірінің айырмасы аз. Тек,
Россия, мына сияқты зиялы қауымының халық қамын алыстан ойлап


жүргізіп отырған күресі игілікті жол. Оған сен атүсті қарама!..
Шоқанның кейінгі сөзіне Григорий қарсы дау айтпай, екеуі басқа
əңгімеге көшті. Олар сонау корпуста оқып жүргендегі жиһангездік жүрісті
аңсайтын жайларын таты қозғады. Ол жөнінен екеуі де ұлы мақсаттарының
бастамасын қолдарына алған тəрізді. Əсіресе екеуі екі түрлі жаймен болса
да аспанмен тілдескен Алатау өлкесін, бір кездегі жұмбақтай көрінген
қазақ даласының біраз жерін көріп танысқан. Ұлы мақсаттары алда, осыны
ойласты.
— Григорий, Омбы қауымының кейінгі жылдардағы өмірінен хабарың
аз шығар. Сенің ана Жетісудағы ат үстінде құйғыта шапқан екпінің
қаланың қамау көшесіне иліге алмай отыр ғой. Онда сені мен кейінгі
жылдарда тапқан жаңа достарыммен таныстырайын, — деп Шоқан
Григорийді Дуровтың үйіне ертіп келді. Шоқанның сұрауымен кеңсе
қызметінен босап, Көкшетауға жүруге əзір отырған Сергей Дуров Шоқан
досын қуана қарсы алды. Шоқан таныстырған Григорий Николаевич
Потанинмен танысып əңгімеге кірісіп кетті. Сергейдің Григорийден қызыға
сұрағаны шекарашылар өмірі, ондағы халық жайы болды. Əсіресе
Григорий Потаниннің Құлжа қаласындағы Россия консулы Иван Захаровқа
Қапал бекінісінің бастығы Абакумовтың тапсыруымен күміс ақша қорын
апарып берген жолындағы көрген білгені Құлжа қаласының бекіндері,
ондағы Қытай мемлекеті уəкілдерінің қылығынан көп жайларды айтты.
Сергей Дуровтың Достоевскиймен бірге айдалған азапты сапарын
айтқаны, петрашевшілдердің күресі жайынан сөйлегені Григорийді мүлде
жаңа бір дүниеге алып келгендей болды. Оның Шоқанмен алғашқы
кездескендегі кейбір таңырқаған ойларының бəрі атүсті екенін енді əбден
түсінді. Ол өзінің біраз тосаңсып қалғанын іштей мойындап, Шоқанға
мүлде бас иіп алды.
Омбыда болған күндерінде Григорий Шоқансыз бір күн уақыт өткізген
жоқ. Ол өзінің Алтай тауынан, Шарын бойынан жинаған өсімдік гүлдерін,
ол жақтан əкелген сирек кездесетін құстардың, аңдардың терілерін
Шоқанға сыйлап, олардың жайынан ғажап жаңалықтар айтты.
Осы бір күндерде Шоқанды Гасфорттың өзі шақырып қабылдады.
— Шоқан Шыңғысович, сізді шақыртқаным, мен Петербургтан


мынадай тапсырма алдым. Біздің былтырғы барып қайтқан сапарымыз
Петербургтегі ұлықтарға қатты ұнаған. Соны əлі де толықтыра түсу үшін
ана тау қырғызы, Ыстықкөл атырабын жете тексеріп танысуға экспедиция
ұйымдастыруды ұсынған едім. Соны дұрыс деп тауып, маған толық билік
беріп отыр. Оның үстіне мына бір қағазды қырғыздың Боранбай
Бекмұрадов деген манабы жазады. Əрине, мен аударма арқылы аздап
таныстым. Сіз өзіңіз де оқыңыз.оның да сұрайтыны — біздің Россия
патшалығының қол астына қарап, көршілес ана сіздің Жетісу елімен бірге
болғысы келетінін айтады. Сонымен бірге: «бізге сенімді уəкілдеріңізді
жіберіп, барлық жай-күйге таныссаңыздар», — деп сұрайды. Маған осы
ойды салған Петербургтың жаһангез ғалымы Петр Петрович Семенов еді.
Мен енді сол қырғыз Алатауына баратын «Ыстықкөл экспедициясын»
ұйымдастыруды шешіп отырмын. Ол экспедицияны Семейдегі полковник
Хоментовский басқарады. Бұл жерден баруға сізді лайықтап отырмын.
Бутан қалай қарайсыз? - деді.
— Густав Христианович, сіздің ол сияқты сенім көрсеткеніңізге шын
жүректен алғыс айтам. Мен сіздің əрдайым қызметіңізге əзірмін. Бүгін жүр
десеңіз де дайынмын, — деп Шоқан тəртіптілік көрсетті.
— Өзім де сіз осылай қабылдар деп ойлап едім. Сенімімді ақтадыңыз.
Онда мен сіздің жүруіңізге бұйрық жаздырам. Хоментовскийге дайындық
істеуіне бүтін бұйрық жіберем.
Ал мына Боранбай манаптың хаты сізде болсын. Кейін архивке бересіз,
— деп Гасфорт Шоқанға үлкен сенім көрсеткен ықыласын айтты.
Шоқан Гасфорттың тапсырмаларын алып үйіне қайтты. Оның қазіргі ең
бір алаң жайы Дуровты аулына аттанды-ру, сонымен қатар Петр Петрович
Семеновқа хат жазып, жүруін хабарлау болды. Шоқанның жаңа
экспедицияға жүретін болғанына Карл Казимирович, Яков Петровичтер аса
қуанышты еді. Олардың Шоқанға:
— Шекарадағы əкімдер ана момын халықты жəбірлемесін, осы жағына
айрықша көз сал. Сенің мына сияқты жауапты сапардағы міндетіңнің ең
бастысы да сол халықтарды Россияға дос етіп жақындату ғой, — десті.
Шоқанның күткен хаты да сəтіменен келіп, Сергей досын аулына
аттандырды. Омбыда біраз бірге болып, Григорий де өзінің қызметіне кетті.


Шоқан достарының ендігі тілегі «еңбегің жемістене берсін» болды. Өзі де
осы жүрісті аңсай күткен, асқан ынтамен аттанбақ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет