Бала шоқан повестер



Pdf көрінісі
бет8/29
Дата07.02.2022
өлшемі1,6 Mb.
#94641
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29
Байланысты:
pdf Бала Шоқан Сапарғали Бегалин

ЖАҢА ДОСТАР АРАСЫНДА
Шоқанның ауылдағы əдетімен таңертеңгі ұйқыға маужырап жатқанын
көріп, Уəсіл ағай оятуға қимай сəл бөгеліп қалды.
— Шоқан, Шоқан, — деп дыбыстады. Өзі де оқу ойында болып, сергек
жатқан Шоқан басын жастықтан жұлып алды.
— Шоқан, сен енді тұр, жуын, киін. Тамақтанайық, оқуға бару керек, —
деп Васил ағай жұмсақ қана жымия сөйледі. Шоқан мектепке баратыны
есіне түсіп, сергектене орнынан тұрып, киініп, сыртқа шықты. Алғашқы
оянған бойында сыртқа шыққанша əкесін де, Бейсенді де есіне түсіріп
ойланбаған еді. Күнде қораның ішінде тұратын пəуеске, пысқырынып
лапас астында тұратын үш күрең ат бір де бірі жоқ. Қора іші қоңылтақсып
босап қалыпты. Шоқанның жүрегі аузына тығыла, əлденеден көңілсіздене
қалды. Ол жан-жағына жалтақтай қарап, үйге кірді де, Васил ағайына
ойлана қарап:
— Васил аға, атекемдер қайда? — деді.
— Ə, олар таң елең-алаңда жүріп кеткен. Сен енді корпус оқушысы
боласың. Сенің ендігі жолдасың, серігің қала жұртшылығы, — деді. Шоқан
кешегі əкесі алып берген корпус балаларының формасын киіп, Васил
ағайына еріп корпус үйіне келді.
Алдарынан күліп қарсы алған Сергей ағай Шоқанмен анада өзі
үйреткен тəртіппен амандасып, жылы туысқандық шыраймен қарсы алды.
Біраз уақытта Сергей Сотников:
— Василий Иванович, сіз енді қайта беріңіз. Қазір балаларды класқа
бөледі. Оны өзім басқарысамын. Шоқан Кадет корпусының оқушысы ғой,
— деп көтермелеп қойды.
— Иə, онда мен қайттым. Шоқан, үйді өзің табасың ғой. Оқуыңа
орналас, — деген өзін айтып Дабашинский қызметіне кетті. Балалар да


жинала бастады.
— Ə, Шоқан, аман ба, — деп Григорий Потанин де келді.
Кешегі танысуынан бері үйірленіп алған Шоқан өзінің ауылдағы төл
жолдасы келгендей Григориймен үйірлесе түсті. Қазақ тілін жетік
білмегенмен, айтқанды түсініп шамалы өйлей білетін Григорий Шоқанға
бірден бір табылмас серік болып сезіледі. Өзіндей, өзінен де кіші біраз бала
корпус үйінің алдында топтала жиналып біріне бірі тосырқай қарап
тұрысты. Анадай шет жақтан басына тақия киген, қамыт аяқтау, секпіл бет
бір бала ақырындап Григорий мен Шоқанның қасына келді. Ол біраз
қипақтап тұрды да:
— Сіз қырғыз тугіл мə? — деді Шоқанға.
— Жоқ, мен қазақпын, — деген езді Шоқан ажарлана айтты да, — Сен
өзің кімсің?
— Мен татар баласымын.
— Атың кім?
— Исмім Ғазиз Мұзаппаров. Немене, сен мұнда оқуға келдің бе? — деді
Ғазиз.
— Иə, оқуға келдім.
— Мұнда военныйларның балаларын ала ғой. Нишік сен мұнда
түшмəксің? — Ғазиздің мына сөзіне Шоқан анықтап жауап айта алған жоқ.
— Ал, балалар, корпусқа кіріңдер, — деген кезекші искери адамның
айтуымен балалар корпус ішіне кірді. Шоқанды Сергей ағай ертіп өзімен
бірге оқитын балалар тобына қосты. Балалар қалай топталды, кімнің
баласы қай бөлімде оқиды, оны Шоқан ұғынып біле алған жоқ. Тек
Ғазиздің «нишік сен мұнда түшмəксің?» деген өзі көңіліне түйткіл болып
қала берді. Оқуға топтағанда Григорий өткен жылғы оқыған тəртібімен
екінші группа балаларына қосылып кетті. Ғазиз ғана өзімен бірге топталған
бірінші группа балаларының ішінде қалды. Орысша бір ауыз өз білмейтін
Шоқанға Ғазиз көмектесті. Əжесі Айғанымның бір кісілермен сөйлесіп
отырғанда айтқаны бар-ды: «Адам сөйлескенше, жылқы кісінегенше»


деген. Алғашқы кездескенде «сен қырғыз түгіл мə?» деген өзінен көңіліне
дық алып қалған Шоқан Ғазизді іштей ұнатпаса да, өз тілінде сөйлесіп
ұғынысқаннан бастап үйірлене берді.
Григорий тек сабақ əредігіндегі демалыста ғана кездеседі. Бар
маңындағы тіл қатысары Ғазиз. Бұл екеуі өздерінің жан-күйлерін айтысып,
əңгімелесіп жүретін болды.
Алғашқыда Дабашинскийдің үйіне келіп жүрді де, артынан Шоқанды
Сергей ағайы балалардың жатақханасына орналастырды. Енді Шоқанның
Ғазизбен төсегі де қатар қойылып, мүлде жақындасып кетті.
Ə, дегенде тілін ұқпай, оқуды жобамен, кейде Ғазиздің, көмегімен
байыптап ұғынған Шоқан, жаңа жыл қарсаңында ойын сөздерін, сабақ
жайын еркін түсінетін болды. Бұрынғы тіл білмей шеткері тұратын
тұйықтық жадырап, өзімен сабағы бір балалармен ойыны үйлесіп еркіндей
бастады.
Алғашқыда Шоқанды жексенбі күні Сергей өзі келіп үйіне ертіп кетіп
жүрді. Тегіс қазақша білетін Сотниковтың үйі Шоқанға қырдағы
ауылындай аса бір жылы болып сезіледі. Əсіресе Сергей ағайдың əзілшіл
жайдары мінезі, қазақуар əңгімелері сондай көңілін көтеріп тастайды.
Ғазиз де жексенбі күні өзінің сол қаладағы ағайының үйіне кетеді. Бұл
күн корпус балаларының асыға күтер мейрамы болатын.
Жаңа жыл қарсаңындағы демалыста Васил ағай езі келіп, Шоқанды
үйіне алып кетті. Сергей Сотников бұл демалыста Дабашинскийдің үйінде
болуына қарсы болған жоқ. Оның себебі жаңа жыл қарсаңында Шыңғыс
қалаға келіп қайтамын деп хат жазған болатын.
Шыңғыстың анадағы айтуы бойынша тез келмеуінде есебі болды.
Қалаға, корпус тұрмысына еті үйренгенше көзіне көрінсем, қайтамын деп
балалық істер. Мектебіне, балаларға да əбден бойы үйренсін деп, əдейі
кешігіп келді. Жəне Дабашинский мен Сотниковке хат жазып, Шоқан
жайын үнемі сұрастырып, жатақхана тұрмысына Шоқанның бойы
үйренгенін де осы жаңа жыл қарсаңында білді. Бұл келісінде ол қаланы
жатырқап тұрған қыр баласын көруге келген жоқ, корпустың оқушысын
көруге келді.


Шоқан Дабашинскийдің үйіне келгенде, атекесі Бейсен екеуі алдынан
шықты.
Шыңғыстың құштарлана сүйіп, қыса бауырына басқан жылы
құшағынан босаған Шоқан тура барып Бейсенді өзі құшақтай алды. Бейсен
де Шоқанды көтере құшақтап: «Əжең, апаң, Жақып, Əлібай — бəрі сəлем
айтты», — деді.
— Мысық ше? — деді Шоқан жұлып алғандай.
— Мысықты көргенім жоқ, — деп Бейсен жай елеусіз жауап берді.
Бейсеннің «Мысықты көргенім жоқ» дегені Шоқанға сондай ауыр тиді.
Неге ауыр тиді? Себебі не? Оны Шоқан ажыратып қорытынды ойламады.
Қораның ішінде үш бірдей жарау аттар омыраулары қырауытып, бүгіліп
тұр. Күймелеген жеңіл шананың жетегін Бейсен қаңтара көтеріп тастапты.
Анадағы əкесі мен Бейсен кетіп қалған күнгі таңертеңгілік көңілсіздік жаңа
ғана орнына келгендей Шоқан тура аттардың қасына барып біраз тұрды.
Шеткері тұрған кер аттың жалынан ұстап, омырауынан сипады.
— Малмен үйреніп өскен ауыл баласы, қараңыз, малын сағынып
қалған. Біздің үйдің ішімен сəлемдескен де жоқ. Барып атына сəлем берді,
— деп Басил ағай анадай жерде тұрып əзілдеді.
— Иə, иə, ол солай, оның ауылдан келгеніне көп болған жоқ қой,
сағынады ғой. Ауылда да атты жақсы көретін, — деп Шыңғыс
Дабашинскийдің өзін қоштады.
Шоқан бірнеше күндей əкесімен бірге болып, шанамен Ертіс бойына
шығып серуен де жасады. Жатақхана, мектеп ішінің өмірі бұйықтырып
қалған Шоқан, сонау кең даласына шыққандай еркін жүріп, біраз сейіл
құрды.
Қысқы жаңа жыл демалысы аяқталып, Шоқан қайта барып жатақ үйіне
орналасты. Шыңғыс та баласын апарып салып қайтып кетті. Шоқанның аз
уақытта қала, жатақхана тұрмысына бойы үйреніп, аздап та болса орысша
тілге жаттыға бастағаны Шыңғысқа үлкен қуаныш болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет