6 №№ 1-2 (162-163) қаңтар-ақпан, жылқы жылы 2014 Жаңалықтар желісі
Бетті даярлаған Құралай Шаймарданова
Ақпараттық-насихат тобымен кездесуге С.Торай-
ғыров атындағы ПМУ басшылығы, факультет декан-
дары, құрылымдық бөлімдердің жетекшілері, магист-
ранттар мен студенттер қатысты.
Павлодар мемлекеттік университетінің ректо-
ры, э.ғ.д., профессор Серік Өмірбаев өз сөзінде:
«С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік
университеті ұжымы Елбасының биылғы Жол-
дауын ерекше шабытпен қабылдады. Бүгінгі күні
біздің жоғары оқу орнында Ұлт Көшбасшысы
Н.Ə.Назарбаевтың жоғары мектептерді модерни-
зациялау бағытындағы белгілеген мақсаттарын
жүзеге асыру алғышарттары бар деп сеніммен
айта аламын», – деді.
Жалпы, университет басшылығы, профессорлық-
оқытушылар құрамы мен студенттік жастар өздерін
мазалап жүрген өзекті сауалдарына депутаттардан
жауап алды.
Мұнымен қоса, ақпараттық-насихат тобының мү-
шелері мемлекет Басшысының «Қазақстан жолы –
2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жол-
дауының маңызды басымдықтарын түсіндіре келе,
ЖОО-ның өркендеп, дамуы үшін жан-жақты қолдауға
дайын екендіктерін жеткізді.
Өз кезегінде, Қазақстан Республикасының Пар-
ламент Сенатының депутаты Владимир Бобров өз
баяндамасында: «Мемлекетіміздің жарқын болаша-
ғы мен елдің əлеуметтік-экономикалық дамуының
кепілі – білім екені даусыз», – деп ел болашағын тіке-
лей білім беру ісімен байланыстырды.