С. Торайғыров атындағы Павлодар



Pdf көрінісі
бет15/45
Дата07.02.2022
өлшемі14,15 Mb.
#95540
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45
2014 жылдың 11 ақпаны 
күні С.Торайғыров атында-
ғы Павлодар мемлекеттік 
университетіне мемлекеттің 
маңызды стратегиялық 
құжаты – Қазақстан Респуб-
ликасы Президенті Н.Ə.На-
зарбаевтың Қазақстан халқына 
арнаған Жолдауын түсіндіру мақса-
тында ақпараттық-насихат топ мүшелері 
Қазақстан Республикасы Парламент Сена-
тының депутаты Владимир Бобров, Қазақстан 
Республикасы Парламент Мəжілісінің депутаты 
Мейрам Пшембаев, облыстық маслихаттың хатшысы 
Марат Кубенов келді.


№ 12 (134) 
желтоқсан, қоян жылы 2011
7
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің газеті
Сұхбат
– «ЖОО үздік оқытушысы» гран-
тына ие болдыңыз. Қандай еңбек-
теріңіздің арқасында мемлекеттік 
грантқа қол жеткіздіңіз деп ойлай-
сыз?
– Жалпы «Жоғары оқу орнының 
үздік оқытушысы» мемлекеттік гран-
тын тағайындаудың өз талаптары 
бар. Ол талаптар «Жоғары оқу орны-
ның үздік оқытушысы» атағын беру 
қағидалары мен берілген мемле-
кеттік гранттың жұмсалу бағыттарын 
бекіту туралы» Қазақстан Респуб-
ликасы Үкіметінің ережесінде нақты 
көрсетілген. Мен сол ережеге сəйкес 
жұмыс жасадым. Негізінен үміткердің 
ғылыми жəне педагогикалық қызмет-
тегі жетістіктері бағаланады. Мен 
жоғары оқу орнында істеген он бес 
жылға жуық қызметімде біршама жұ-
мыстарды атқардым деп ойлаймын. 
Конкурсқа тек кейінгі бес жыл ішін-
дегі жұмыс нəтижелерін ұсындым. 
Соңғы жылдардың еншісіне тиетін 
1 монография, 3 оқу құралы, 1 оқу-
əдістемелік құрал, 50-ден аса ғылы-
ми мақалалар. Ғылыми мақалалар 
аймақтық, республикалық, халықа-
ралық конференцияларда, Thomson 
Reuters, SCOPUS тізіміндегі импакт – 
фактор журналдарында, ЖАК тізімін-
дегі жəне шетелдердегі (Қырғызстан, 
Түркия, Украина, Ресей жəне т.б.) 
ғылыми жинақтарда жарияланған. 
«Білім академиясының үздік доценті» 
номинациясында 2009 жылдың үздік 
ғалымы (ИнЕУ) жəне университет кө-
лемінде «Үздік оқытушы – 2013» бай-
қауының жүлдегері болдым.
Сонымен қатар, грант беруде 
ұйымдастыру жұмыстары мен тəр-
бие жұмыстарына үлкен мəн бері-
леді. Факультет аралық, университет 
ішілік, қала, облыс, республикалық 
ұйымдастыру шараларына қатыс-
қан жұмыстарымыз есепке алынады. 
Педагогикалық қызмет бойынша оқу 
əдістемелік кешендер, жаңа техно-
логиямен оқыту, жетекшілігіммен 
орындалған студенттер мен магист-
ранттардың ғылыми жұмыстары, 
облыстық, республикалық пəн олим-
пиадаларындағы жетістіктері баға-
ланады. Конкурсқа ұсынған сандық, 
сапалық көрсеткіштерге сай ғылыми 
жəне педагогикалық қызметім са-
ралана келіп, грантты иелендім деп 
ойлаймын. Сонымен қатар, бұл көп 
жылғы еңбегімнің бағаланғаны деп 
есептеймін.
– Мемлекет бөлген грант аясын-
да қандай ғылыми жобалар мен ең-
бектер жасауды көздеп отырсыз?
– Конкурсқа құжат тапсырғанда 
бір жылғы атқарылатын жұмыстар-
дың жоспар-кестесі бірге өткізіледі. 
Жоспар-кестеде 2014 жылы орын-
далатын көптеген ғылыми, оқу əдіс-
темелік еңбектер қатарын көрсеткен 
болатынмын. Онда монография, оқу 
құралы, оқу əдістемелік құралдар, 
ғылыми мақалалар жоспарланған. 
«Жоғары оқу орнының үздік оқыту-
шысы» грантының оқытушыға бе-
рер басты игілігі – ол дүние жүзінің 
үздік университеттерінде білімін 
жетілдіріп, ғылыми зерттеу жұмыс-
тарын тиімді жүргізуге, шетелдік же-
текші ғалымдармен халықаралық ын-
тымақтастықты дамытуға мүмкіндік 
беруі. Осы жылдың сəуір айында, бұ-
йыртса, тағылымдамалық іс-сапар-
мен Түркияның Стамбул универси-
тетіне аттануды жоспарлап отырмын. 
Таяу шетелде өтетін тағлымдама 
сапарым Омск қаласындағы екі уни-
верситетке жоспарлануда. Міне, осы 
сияқты жұмыстар биылғы жылдың 
еншісіне тиіп отыр.
– Түркияға жасайтын ғылыми із-
деніс сапарыңыздан елге не əке-
лемін деген ойыңыз бар?
– Грант жалпы, оқу-əдістемелік жұ-
мыстар үшін де беріледі. Сондықтан 
мен Түркия еліне барғанда түрік жо-
ғары оқу орындарының білім беру 
барысымен, оқыту технологиясымен, 
ғылыми жаңашылдығымен танысу-
ды көздеп отырмын. Сонымен бірге 
Түркия еліндегі қазақтардың əдеби 
мұрасы мен тілін зерттеуді де мақсат 
еттім. Бұйыртса, алда бұл жұмыстар-
дың да нəтижесімен танысатын бо-
ларсыздар деп ойлаймын.
– «ЖОО үздік оқытушысы» сынды 
мемлекеттік бағдарламалар қазақ 
ғылымына берері көп. Дегенмен, 
Сіздің ойыңызша айтулы бағдарла-
ма несімен ерекше?
– Енді бұл бағдарламаны мемлекет 
тарапынан ғалымдарға берілген мол 
мүмкіндік санаймын. Бүгінгі күні нə-
тижелі еңбек етіп жатқан ғалымдар-
ға Елбасымыз ғылыми жұмыстармен 
табысты шұғылдану үшін даңғыл жол 
салып берді. Сонымен қатар, жоға-
рыда атап өткендей, əлемнің жетекші 
университеттерінде тағылымдама-
дан өтуге, білім беру жобаларын іске 
асыруға үлкен мүмкіндік береді. Мен 
бұл бағдарламаның ғылым мен білім-
ге бергені көп, əлі де жемісі зор бола-
тынына сенімдімін.
– С.Торайғыров атындағы ПМУ 
ғалымдары елдің өркендеуі мен 
ғылымның дамуына қаншалықты 
үлесін тигізіп келеді?
– С.Торайғыров атындағы Павло-
дар мемлекеттік университетінің ел 
дамуына, жалпы ғылымға тигізген 
үлесі зор деп есептеймін. «Жоға-
ры оқу орнының үздік оқытушысы» 
мемлекеттік грантын иелену үшін 
конкурсқа биылдың өзінде респуб-
ликамыздың 92 жоғары оқу орнынан 
555 үміткер қатысты. Солардың 200-
і үздік оқытушы атанды. Сол тізімде 
біздің университет ғалымдары да 
бар. Биыл да Павлодар мемлекеттік 
университеттің 3 ғалымы үздіктер 
арасынан көрінді. Тіпті университет 
қана емес, біздің Қазақ филологиясы 
кафедрасының ғалымдары арасы-
нан жылда бір оқытушының «ЖОО 
үздік оқытушысы» грантының иегері 
атануының өзі үлкен жетістік, қазақс-
тандық ғылым мен білім беру ісіне қо-
сылған үлкен үлесі деп білемін.
– Жақында ҚР Президенті Н.Ə.На-
зарбаевтың Қазақстан халқына 
«Қазақстан-2050: бір мақсат, бір 
мүдде, бір болашақ» Жолдауы жол-
данды. Биылғы Жолдаудың басым-
дықтары мен ғалымдарға қандай 
міндет жүктеп отырғандығы тура-
сында сөз қозғасаңыз.
– Биылғы жылғы Елбасымыздың 
халқына жолдаған Жолдауын тың-
дадық. «Мəңгілік Қазақстан» жобасы 
аясындағы мақсат-міндеттермен та-
ныстық. Елбасымыз Н.Ə.Назарбаев: 
«Қазақтың Мəңгілік Ел ғұмыры ұрпақ-
тың мəңгілік болашағын баянды етуге 
арналады. Ендігі ұрпақ – мəңгілік қа-
зақтың перзенті», – деп айтқаны, бізді 
жігерлендірді, қайраттандырды. Ел-
басымыз Мəңгілік Ел ұғымын халық-
тың басты бағдарламасы – «Қазақс-
тан – 2050» Стратегиясының негізі 
етіп алды. Оның да өзіндік себебі 
бар. Өресі биік, білімді, салауатты, 
зайырлы əрі руханияты биік қоғамды 
қалыптастыру үшін өз ұлтыңның бо-
лашағына сенімді болуың қажет. 
Сондықтан, біз сол Мəңгілік Елдің ір-
гесін берік ету үшін, біз бүгін бəсекеге 
қабілетті мемлекет болуымыз керек. 
Жаһанның алдыңғы қатарлы мем-
лекеттерімен тереземізді теңестіру 
үшін, яғни бəсекеге қабілетті болу 
үшін білім мен ғылымды дамытуымыз 
шарт.
Елбасымыз биылғы Жолдауында 
мемлекетіміздің 30 ел қатарына өту 
жолдарын баяндап өтті. Жолдауда 
ғылымға көп көңіл бөлініп отыр. Ел 
дамуы, экономикалық өркендеу тіке-
лей ғылыммен байланысты. Сондық-
тан жалпы ғылымға, жаңашыл ғылы-
ми жобаларға, ізденістегі ғалымдарға 
əрдайым қолдау болатынына мен 
сенімдімін. Ал, білімге келер болсақ, 
бала-бақша жасынан жоғары оқу ор-
нына дейінгі білім беру ісіне жыл өт-
кен сайын жағдай жасалуда. Жыл са-
йын білімге деген талап та күшейтіліп 
келеді.
Мəңгілік Ел болу мақсатында Қа-
зақстан білім мен ғылымына мəн беру 
керек. Елімізді өркендету жолындағы 
сол білім мен ғылымды дамыту біздің 
міндетіміз деп санаймын.
Еңбектегі ұстанымыңыз қан-
дай?
– Еңбектегі ұстанымым – студент-
терге білімді теориялық негізде ғана 
емес, оның адамдық құндылықтарын 
қалыптастыратын тəрбиемен бір-
ге беру. Өйткені тəрбиесіз берілген 
білімнің пайдасы аз. Кез келген ұстаз 
шəкіртіне біліммен бірге өмірлік тəлім 
беруі тиіс. Студенттің білімімен қа-
тар, адамгершілігі мол болуы қажет. 
Бұл ұстанымымды студенттерім де 
жақсы біледі. Тіпті студент үздік оқып, 
бойында адамшылығы болмаса, бұл 
оның кемшілігі деп санаймын.
– Тіл ғылымының бел ортасын-
да қызмет етіп жүрген ғалымсыз. 
Сіздің ойыңызша бүгінгі қоғамда 
қазақ тілінің дамуына кедергі бола-
тын нендей мəселелер бар?
– Бүгінгі күні тіл мəселесі – өзекті 
мəселе екені рас. Алайда, қазақс-
тандықтардың мемлекеттік тілді иге-
руде алға жылжып, дамып келе жат-
қанын аңғаруға болады. Қазақ тілін 
басқа ұлт өкілдері терең меңгеруде. 
Қазақ тілінің қолданыс аясы кең құ-
лаш жайып келеді. Жоғары оқу орын-
дарында қазақ тілін өз деңгейінде 
меңгерту білім берудің басты мəсе-
лелерінің бірі болып отыр. Өйткені 
мемлекеттік тілдің аясын кеңейту 
дегенде басты назар оның қоғамның 
барлық салаларында белсенділігін 
арттыруға ауатыны белгілі. Бұл рет-
те қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретін-
де терең қолданысқа түсуі болашақ 
мамандардың күнделікті өз кəсіби 
əрекеттерінде тілді еркін қолдана 
білулерінен бастау алары аян. Сон-
дықтан кейінгі жылдары орыс тілінде 
білім алып жүрген топтарға мемле-
кеттік тілде «Кəсіби қазақ тілі» пəні 
қосылды.
Мемлекеттік қызметкерлер мен 
«Болашақ» бағдарламасы стипен-
диясына үміткерлердің қазақ тілін 
меңгеру деңгейін бағалау жүйесі 
ҚАЗТЕСТ орталығында тест əзірле-
меші болып үш жыл қызмет еттім. 
Сондағы байқағаным жылдан-жылға 
қазақ тілінің дамуы мен мемлекеттік 
тілді меңгеру деңгейін бағалаудың 
жетіліп келе жатқандығы. Жыл өткен 
сайын тест тапсырушылардың жоға-
ры нəтиже көрсетуі мені қуантады.
Бүгінде елімізде жүргізіліп отыр-
ған «Үш тұғырлы тіл» саясатына да 
оң көзқарас танытамын. Дегенмен, 
қазақ тіліне басымдық берілуі қажет. 
Өйткені, қазақ тілі өзінің мемлекеттік 
мəртебесінен іс жүзінде айырылып 
қалмауы тиіс. Ресми түрде мемле-
кеттік мəртебеге ие қазақ тілі қара-
пайым тірлігімізде де мəртебесі биік, 
құрметке лайық болғаны абзал.
– Бүгінгі қазақ жастарына, сту-
дентке қандай баға бересіз?
– Əр заманның өз деңгейі бола-
ды. Үлкен кісілердің аузынан «біздің 
кезде жастар жақсы еді…», дегенді 
жиі естиміз. Бірақ, өз басым бүгінгі 
жастарға көңілім толады. Бүгінгі сту-
дент жаңашыл, жан-жақты білімді, 
техниканы меңгерген, бірнеше тілді 
біледі. Қалқыған, бір қалыпты өмірге 
қанағаттанбай, алға зор ұмтылыспен 
жүруді мақсат етеді. Біздің кезімізде 
тілдерді, жаңа технологияны меңге-
руге жағдай болмады. Бүгінде білім 
аламын дейтін жастарға барынша 
жағдай жасалған. Осы күннің жаста-
ры өмірге, білімге құштар жандар деп 
бағалаймын.
– Мағыналы əңгімеңізге рахмет!

Әңгімелескен Жанар Әбдіқалиқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет