2014 жылдың 8-9 қаңтар күндері С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін- де жалпы білім беретін пəндер бойынша оқушы- лардың республикалық олимпиадасының об- лыстық кезеңі өткізілді. Облыстық олимпиаданы ПМУ қабырғасында ұйым-
дастыру мен өткізу ізгі дəстүрге айналған. Облыс-
тық кезеңінен өткендер Павлодар өңірінің намысын
республикалық деңгейде қорғайды. Олимпиадаға
қатысушылар аймағымыздың бетке ұстар ұрпағы,
еліміздің болашағы.
Дарынды жастарды қолдау ретінде ПМУ əкімшілігі
облыстық олимпиада жеңімпаздарына арнайы
гранттар бөлді. Математика, физика, химия, биоло-
гия жəне Қазақстан тарихы пəндері бойынша бірінші
орын алғандарға бес грант тағайындалды.
Университеттің Ғылыми кеңесінің шешімі бойын-
ша тағайындалған гранттарды оқу жұмысы жөніндегі
проректор, п.ғ.д. Н.Э.Пфейфер ұсынды. Құттықтау
сөзінде Нелли Эмилевна осындай білім сайыстары-
на қатысып, жан-жақты дамыған білімді, мəдениетті,
отаншыл ұрпақ болып жас жеңімпаздарымыз елімізді
Президентіміздің ұлттық жобасы бойынша ұсынған
интеллектуалдық ұлттың қалыптасуына себепші бо-
лады деп айтқан болатын. Сонымен қоса, Н.Э. Пфей-
фер ПМУ əкімшілігі болашақ республикалық олим-
пиаданың жеңімпаздарына да қолдау көрсетуге
дайын екендігін жеткізді.
ПМУ-дың арнайы грант иегерлері: физика пəнінен
олимпиада жүлдегері «Жас дарын» маманданды-
рылған мектебінің оқушысы Марат Абубакир, химия
пəнінен олимпиада жүлдегері Дарынды ер балалар-
ға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернаты-
ның оқушысы Тілеуханов Мұрат, математика пəнінен
олимпиада жүлдегері Дарынды балаларға арналған
Абай атындағы № 10 лицей-мектебінің оқушысы Қа-
биденов Ануар, Қазақстан тарихы пəнінен олимпиа-
да жүлдегері Ы. Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған облыстық гимназия-интернаты-
ның оқушысы Қайырбаева Нəзгүл, биология пəнінен
олимпиада жүлдегері Ы. Алтынсарин атындағы да-
рынды балаларға арналған облыстық гимназия-ин-
тернатының оқушысы Болатов Айдос.
ПМУ ҒАЛЫМЫ ҚАУЫМДАСТЫРЫЛҒАН
ПРОФЕССОР АТАҒЫНА ИЕ БОЛДЫ
Металлургия кафедрасының доценті, т.ғ.к. Ораз-
бике Ибраева «Металлургия» мамандығы бойын-
ша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылы-
ми атағын алды.
Ғылыми атақ ғалымның дамуына зор үлес қосып
жүргені мəлім. Қауымдастырылған профессор
(доцент) ғылыми атағы Қазақстан Республикасы
Бiлiм жəне ғылым министрлiгiнiң Бiлiм жəне ғылым
саласындағы бақылау комитетi ғылыми ұйым-
дардың, жоғары оқу орындардың Ғылыми кеңес-
терiнiң кандидатуралар ұсынуы негiзiнде аталған
ұйымдардың қызметкерлерiне бередi.
С. Торайғыров атындағы ПМУ ғалымы, қауым-
дастырылған профессор (доцент) Оразбике
Тоқтарханқызы ресурстарды жəне қуат сақтау,
сонымен қатар, металлургиялық өндірістің эколо-
гиялық қауіпсіздігін жетілдіру мəселелерін терең
зерттеуде.
Бүгінгі таңда О.Т. Ибрае-
ваның 75 ғылыми жəне ғы-
лыми-əдістемелік еңбектері
бар. Оразбике Тоқтархан-
қызы «Экология жəне ме-
таллургия
саласындағы
экологиялық менеджмент»
ғылыми-оқу құралдың, «Бо-
лат жəне ферроқорытпалар
өндерестегі технологиялық
газдар мен ағынды сулар-
ды тазарту заманауи жүйелері» оқу құралы, ба-
қылау жұмыстарды орындау жөніндегі үш əдісте-
мелік нұсқаулық, оқу құралы ретінде ұсынылған
7 кітапшалардың авторы.
Аталмыш ғылыми атақтың сəйкестелген куəлігі
мемлекеттің əрбір білім беру жəне ғылыми ұйым-
дарында мойындалады.