Бағдарламасы. 1 тарау. Жалпы ережелер


Мап»  деген терминмен берсе, Н.Бердяев оны  «объективация-ланған дүние»



Pdf көрінісі
бет141/189
Дата07.02.2022
өлшемі2,62 Mb.
#97314
түріБағдарламасы
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   189
Байланысты:
umkd-4

Мап» 
деген терминмен берсе, Н.Бердяев оны 
«объективация-ланған дүние» 
дейді. 
адам Бұл өмірде жалғыздан-жалғыз өмір сүрмейді, менің еркімнің шеңбері екінші 
адамның еркінің аумағына жеткен кезде тоқталуы қажет. Белгілі француз ойшылы 
Ж.П.Сартр айтқандай, 
«еркіндік 
дегеніміз адамның басқалардың алдындағы 
жауапкершілігінің ауыр жүгі». 
Біреу күйзеліс пен зардап шегуде болған жағдайда, 
екіншінің қанша дәулеті тасығанымен, бақытты болуы мүмкін емес. 
адамның еркіндігі - ол Дүниенің іргетасын құрайтын әр зат пен құбылыстың өз 
тәуелсіздігіне деген «үмты-лысының» саналы көрінісі ретінде қаралуы керек. Әрине, 
адамды зорлап-зомбылауға, аяқ-қолын шынжырлауға т.с.с. болады. Бірақ оның ішкі рухани 
бостандығын, соған жетуге деген ынтасын еш диктатор, патша, жауыз ешқашанда жоя 
алмайды. 


Сонымен қатар Бұл Дүниеде өз тәуелсіздігін толығынан іске асырып, өзімен-өзі өмір 
сүріп жатқан да бір нәрсе жоқ. Олай болса, абсолюттік еріктік те Дүниеде жоқ. Бұл 
мәселені ерекше талдап, арнайы жазған кітабын Э.Фромм «Еркіндіктен қашу» деп атаған 
(қараңыз: Бегство от свободы. М., Прогресс, 1991). Расында да, ойлап қарайықшы: 
абсолютті, шексіз еркіндікке жеткен адам шексіз жалғыздықтың ащы зардабын тартар еді. 
Өйткені ол барлық тәуелділіктен құлылды, өз «өзіндігімен» ғана қалып қойды. 
Уақытында К.Ясперс айтқандай, «адами ахуал - рухани» болатын болса, өз 
еркіндігімен қатар, адам басқа адамдармен байланысқа түсуге, өз болмысында басқаларға 
жақсылықтар жасауға, әсемдікке, шындыққа, әділеттікке жетуге ынталы. Ал мұның өзі 
оны қоғаммен шым-шытырық байланыстарға әкеліп, басқалардың да мүдделерімен 
санасуға ой салады. Қоғам шеңбе-рінде өмір сүре отырып, одан толық тәуелсіз болу - ойға 
сыймай-тын нәрсе. Тек дамымаған, я болмаса зұлым тұлға ғана басқалармен есептеспейді. 
Екіншіден, қажеттіктің өзі әртүрлі мүмкіндіктер арқылы кездейсоқтықтың негізінде 
көрініс тапқаннан кейін, еркіндіктің өзі адамның қалайтын мүмкіндіктерді қажымас қайрат 
көрсетіп өмірге зкелуімен тең саяқты . Яғни адам өз саналы іс-әрекетінің нәти-жесінде, 
әртүрлі мүмкіндіктердің ішінен өз қалауын таңдау арқылы оз еркіндігін іске асыра алады. 
Ал оның өзі шығармашылықты талап етпей ме?! Өйткені ол таңдалған мүмкіндік дайын 
түрде адам алдына келмейді, оны ол тудыруы керек. Сондықтан осы жаратыл-ған Дүниені 
адам өз шығармашылық дарынының арқасында әрі қарай жетілдіріп жатқан жоқ па? Осы 
тұрғыдан алып қарағанда, орыс философиясының аса дарынды өкілі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет