Бағдарламасы. 1 тарау. Жалпы ережелер


Әлеуметтік, мораль мәселелері



Pdf көрінісі
бет137/189
Дата07.02.2022
өлшемі2,62 Mb.
#97314
түріБағдарламасы
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   189
Байланысты:
umkd-4

Әлеуметтік, мораль мәселелері
 
Ізгілік пен залымдық, жақсылық пен жамандық, Б.Спинозаның ойынша, 
нақтылы қалыптасқан әлеуметтік ахуалдан шығатын нәрселер. Оған Құдайдың 
ешқандай қатысы жоқ. Ізгілік, жақсылық дегеніміз - ол адамға пайда әкелетін, ләззатқа 
жетелейтін нәрселер, ал залымдық, жамандық дегеніміз - ол адамға, оның өміріне, 
алдына қойған мақсат-мұраттарға нұқсан келтіретін, зардаптық сезім тудыратынның 
бәрі. 
Моральдық саланың ең терең себептері адамның «өзін-өзі сақтау» заңында 
жатыр. Әрбір адамның өз мүдделері бар, сол үшін олар бір-бірімен күреседі. 
Б.Спинозаның ойынша, адамның өмірі тек қоғамның шеңберінде ғана болмақ. 
Әр адамның өз өмірін сақтап қалуға деген талпынысы олардың бәрін қоғамға 
біріктіреді. «Ал мемлекеттік дәрежеге өту, негізінен, Т.Гоббстың «шарт жасау» 
мәселесінде емес, еңбектің бөлінуімен, адамдардың сан алуан қажеттіктерін өтеу 
керектігінен туады», - дейді ұлы ойшыл. 
Қоғамның рухани өміріне тоқтала келіп, Б.Спиноза бұл саладағы Библияның 
құндылығын өте төмен бағалайды. Діни құжаттардың қайсысы болмасын өте көп 
қайшылықтардан тұрады. Олардың тек қана қарапайым халықтың моральдық 
қасиеттерін тәрбиелеуге деген маңызы бар. Ал дүниетанымға келер болсақ, оған тек 
ақыл-ой, зерде арқылы жетуге болады. Діни соқыр сенімді алатын болсақ, оның 
дүниеге келуінің негізгі себебі - қарапайым надан халықтың табиғаттың қаһарлы, 
түсініксіз күштерінен қорқуында жатыр. Мысалы, өлім мәселесін алайық. Адам қандай 
амал қолданса да, одан құтыла алмайды, сондықтан өлімнен үрейленіп қайғыру - босқа 
уақыт өткізгенмен тең. Өлімнен қорқу - құндықтың бір түрі. Оны ойлағаннан гөрі, адам 
өзінің күш-қуатын өмірлік мәселелерге арнағаны жөн. Адамның қуаныш пен зардапқа, 
қайғыға толы өмірі - ол тек бүкіл Дүниенің шексіз кішкентай өмірінің бөлігі ғана. 
«Мұндай ой адамға жұбаныш әкеледі», - деп қорытады ұлы ойшыл. 
Қайсыбір халық өзінің тарихи мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан тілі арқылы қоршаған 
болмысты өзінше бейнелеп, сезінеді. Сондықтан атақты неміс философы М.Хайдеггердің 
«Тіл - болмыстың үйі», - деген нақыл сөзінде үлкен мән-мағына жатыр, олай болса, әр 
халықтың тіліне сәйкес философиясы, өмір салты, әдет-ғұрпы, рухани өмірі, менталитеті 
бар және ол - оның өшпес құндылығы, өйткені 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет