Бағдарламасы. 1 тарау. Жалпы ережелер


әділет, дәулет, қанағат, ақыл



Pdf көрінісі
бет134/189
Дата07.02.2022
өлшемі2,62 Mb.
#97314
түріБағдарламасы
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   189
Байланысты:
umkd-4

әділет, дәулет, қанағат, ақыл 
-бір-бірімен үндескен 
жағдайда ғана ел бақытқа жетеді деп қоры-тады. 
«Қүтты 
біліктегі» 
«білік» 
сөзінің 
екі 
мағынасы 
бар. 
Оның 
бірі 
«білім» 
болатын 
болса, 
екіншісі 

«билік 
ету», 
«елді 
басқару». 
Соңғы мағынада ойшыл: 
«Бек халықты тек білікпен сендірер,
Барлығын да ақылына жеңдірер, 
Дана келсе елді ұзақ билегің - 
Заңды ұстап, бүрсын елге бүйрегің», - дейді 
Өзінің дүниеге деген көзқарасында Ж.Баласағұн рухты бірін-ші орынға қояды. 
Адам - ақыл-парасаты бар ерекше пенде, ақыл адаммен қоса жаратылады. Сондықтан 
дүниеде адам зерттеп білмейтін нәрсе жоқ. Адамның ақыл-парасаты құдіретті:
«Ақыл - шырақ, қара түнді ашатын, 
Білім - жарық, нүрын саған шашатын. 
Кісі үланы қара жерге қол салды, 
Көтерді бәрін, білімін ол қолданды». 
Өзінің шығармасында Ж.Баласағұн имандылық, әдептілік, жалпы тәлім-тәрбие 
жөнінде де тамаша өсиеттер қалдырды. Оның ойынша, адамдардың қарым-қатынасында 
үш жаман нәрсе бар. Олар: жауыздық істеп, мәмілеге келмей қасарысып тұрып алу, яғни 
қазіргі тілмен айтқанда, компромиске, келісімге келмеу; екіншісі -жалған сөзбен 
шұғылдану. Тіл, бір жағынан, адамды білікке жет-кізсе, екінші жағынан, адамды өмірден 
әкетуі мүмкін; үшіншісі -сараңдық: «Дүние жинайды, жемейді, артында қалады», - деп 
қорытады ойшыл. Жалпы алғанда, ойшыл аскеттік өмір салтын жақтайды. Оны біз мына 
сөздерден байқауымызға болады: 
«Баянсыз Дүние қылығын ұқтырады: 
Мінез-құлқы қыз саяқты , 
Сүйіндіреді, бірақ қолын бермейді. 


Сүюшіні сүймейді, киік саяқты қашады. 
Қашқанға жабысады, аяғын құшады...»
Жоғарыдағы көрсетілген ұлы бабамыздың ойлары бүгінгі өзгерістегі Қазақстан 
қоғамына өзінің өзектілігімен пайдалы. Оны әрбір азамат білуі қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет