10 - сабақ тақырыбы: Еркіндік философиясы
Дәріс мақсаты:
Білім алушыларға еркіндік мәселесін философия тарихындағы
орнымен және еркіндік туралы белгілі тұжырымдар арқылы түсіндіру.
Дәріс мазмұны.
Философия тарихындағы еркіндік ұғымы. Адам және оның
еркіндігі (Б.Спиноза). М.Хайдегеррдің шығармаларындағы еркіндік пен ақиқаттың
байланысы. Еркіндік пен жауапкершілік (Ж.-П.Сартр). Еркіндік және абсурд (А.Камю).
Н.Бердяевтың еркіндік концепциясы.
Ерік еркіндігі. Еркіндік деңгейлері. Оң және теріс еркіндік.
Тұлғаның, оның еркіндігінің,
өмірді, табиғатты және мәдениетті сақтау жауапкершілігінің қалыптасу шарттары. Сөз
және көзқарас еркіндігі. Еркіндік пен шығармашылық – адамның мәдениетте шын мәнінде
өмір сүруінің тәсілі. Абайдың «толық адам» концепциясы. Алаш қайраткерлерінің
философиясындағы еркіндік және тәуелсіздік идеялары.
Дәріс мәтіні.
Б.Спинозаның ойынша, адам табиғаттың ажырамас бір бөлігі, олай
болса, ол толығынан табиғат заңдылықтарына тәуелді. Егер Дүниеде механикалық
заңдылықтар үстем болатын болса, адам арқылы табиғаттың екінші ойлау қасиеті
өзінің көрінісін табады. Бірақ адамның дене құрылысы толығынан табиғатқа бағынады.
Сезімдік идеяларда да адамның денелік, табиғи жақтары басым болады. Ал адамның
жан дүниесінің өзінен шығатын идеялар, егер олар сезімдік танымнан анағұрлым
алшақ болса, соншалықты айқын, таза, ақиқатты. Оның ойынша, «дене жан-дүниені
ойлауға итере алмайды, ал жан да денені қозғалтып, иә болмаса тұрақтата алмайды».
Яғни субстанцияның бұл екі қасиеті бір-бірімен қатар өмір сүріп отырады.
Адамның жан дүниесінде бір-бірінен бөлек неше түрлі идеялар болғаннан
кейін, онда
Достарыңызбен бөлісу: |