Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министерлігі


Қалқанша безге жасалатын операциялар



Pdf көрінісі
бет91/107
Дата08.02.2022
өлшемі3,67 Mb.
#98183
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   107
Байланысты:
85548-sisabekov k.e. tanabaev b.d

Қалқанша безге жасалатын операциялар 
Көрсетілімдері
. Операциялық әрекеттер қалқанша безге, көбінесе оның түйіншекті 
немесе кең жайылған (диффузды) үлкеюіне (зоб-struma) және оның нәтижесінде 
тиреотоксиноздың дамуына байланысты жасалады(28сурет). Сондай-ақ, консервативті 
емдеу нәтиже бермесе де операция жасауға тура келеді. Жекелеген түйіндер түрінде 
үлкеюлер пайда болған жағдайда энуклеация (немесе түйіншекті резекциялау) жасалады, 
алынған материалды гистологиялық зерттеуге жібереді, себебі қатерлі ісіктің жоқ 
екендігіне көз жеткізу, бұл тұста өте маңызды болып табылады. Тиреотоксиноздың 
диффузды зоб көрсетілімінде бездің көлемін азайту, яғни біршама бөлігін кесіп алып 


100 
тастау (струмэктомия) қолданылады. Диффузды зобтың ауыр түрлерінде субтоталды 
струмэтомия көрсетілген. Бұл операцияда бездің көп бөлігі алынып тасталады, тек қана 
кеңірдектің бүйірлік-артқы жағындағы аз ғана бөлігі қалқанша маңы бездерімен және 
қайырылма көмей нервімен қоса сақталып қалдырылады. Бұл операция субтоталды 
струмэктомия деп аталатындығы – бездің толық дерлік резекцияланатындығын 
көрсетеді. Қалқанша безді мүлдем алып тастауға болмайды, себебі микседема асқынуы 
дамиды, ал қалқанша маңы бездерін алып тастау бұлшықеттердің сіресін қалуына алып 
келеді (тетанус). Науқаста тиреотоксиноз белгілері өте күшті болса, операция тек оны 
түсіргеннен соң жасалуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет