ТұЛҒаның БӘсекеге қабілеттілігіндегі психологиялық мазмұН



Pdf көрінісі
бет10/13
Дата08.02.2022
өлшемі317,29 Kb.
#98992
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
856-1-1428-1-10-20181119 (1)

Бәсекеге қабілеттілікті дамытудың кей­
бір бағыттары.
 
Жоғарыда қарастырылған 
бәсекеге қабілеттіліктің тұлға болмысы мен 
денсаулығына, тіпті, өмір сүруіне зиян келтіретін 
жағымсыз беталыстары күрделі мәселе екені 
даусыз.
Осы орайда алынған деректерді ескеру керек 
сияқты. Бәсекеге қабілеттілік адамның тұлғалық 
дамуға ұмтылысы үшін емес, оның өзін-өзі 
бағалауы үшін маңызды болуы анықталған (Bönte 
W., 2017:183-184). Басқаша айтқанда, мұнда сы
-
налушылар бәсекеге қабілеттілікті тұлғалық 
даму үшін мүмкіндік ретінде қарастырмаған. 
Олай болса, бұл жағдай тұлғаның бәсекеге 
бағдарлануы мансапты арттырумен байланысты 
екенін көрсетеді. 
Сонда, әлеуметтік, эмоциялық, рефлексия-
лық аспектілер бойынша тұлғаның бәсекеге 
қабілеттілігін СЕ формасында мақсат-бағдарлы 
дамытудың көкейтестілігі арта түседі. 
Сондықтан позитивті бәсекелестік мінез-
құлықты таныту мүмкіндігін өзектендіру, арт
-
тыру қажеттігі шығады. 
Осыған байланысты ЖОО-дағы кәсіби 
білім беру жүйесінде болашақ мамандардың 
оңды, яғни өздері және басқалар үшін ма-
ңызды, жасампаздықты анықтайтын бәсекеге 
қабілеттілікті дамытудың кейбір бағыттары 
психологиялық-педагогикалық теория мен прак
-
тика тұрғысынан ТМД зерттеушілерінің соңғы 
жылдардағы еңбектерінде қарастырылады.
Бәсекеге қабілеттілік ретінде ұйымдас ты-
рушы-педагогикалық шарттар мен құрылымдық-
функционалдық үлгі арқылы студенттердің 
кәсіби мақсатқа сәйкес жоғары деңгейдегі 
білімін, икемділіктерін, тәжірибелігін, адамгер-
шілік ұстанымын қалыптастыруды алға қою 
ұсынылады (Ангеловский А.А., 2004; 2006:17). 
Сонда, ЖОО жүйесінде бәсекеге қабілеттіліктің 
дамуы арнайы педагогикалық жағдайлар 
ұйымдастырумен байланысты болмақ. 
Психологияда көбіне бәсекеге қабілеттіліктің 
пайда болып, дамуын сыртқы факторлардың 
әсеріне байланысты зерттеу бағыты кездеседі. 
Осы орайда, бәсекеге қабілеттілік кең мағынада, 
жұмыс берушінің психологиялық үмітіне, 
қоғамның әлеуметтік талаптарына деген 
динамикалық тұрғыдан сәйкес келу дәрежесі 
мен өлшеміне бағдарланады Ал, тар мағынада 
бәсекеге қабілеттілік тұлғаның кәсіби даму 
мен жетістікті болжап, соған сәйкес ептілік, 
икемділік танытуға мүмкіндік беретін әртүрлі 
деңгейде ықпалдасатын тұлғалық қасиеттерден 
құралады. Сонда, бәсекеге қабілеттіліктің көр-
сет кіштеріне психологиялық бейімділік, өзіне 
деген қатынас, құндылықтар мен мағы налық 
бағдарлар қамтылады. Бұл жағдайда бәсекеге 
қабілеттіліктің аса жоғары деңгейіндегі сипат
-
тамаларды физикалық денсаулық, ер адам болу, 
инстинктивті түрде басымдылыққа ұмтылу 
сияқты индивидтік ерекшеліктер көрсетіледі. 
Негізінде, жеке дара тұлғалық ерекшеліктер 
бойынша бәсекеге қабілеттіліктің жоғары 
деңгейін сенімді, адал, жауапты, бастама
-
шы болу мен өзін-өзі таныта алу сипаттай
-
ды. Кәсіби тұрғыдан бәсекеге қабілеттіліктің 
жоғары деңгейін интеллектуалдық дамуы, 
коммуникациялық құзіреттілігі, іс-әрекетке 
ішкі мотивацияның болуы айқындайды. Осыған 
байланысты қызметтегі жоғары лауазымға, 
материалдық-қаржылық жағынан қамсыздыққа 
бағдарлану маманды бәсекеге қабілеттіліктің 
жоғары деңгейіне жеткізуі туралы тұжырым жа
-
салады (Холодцева Е.Л., 2006). 


Хабаршы. Психология және социология сериясы. №3 (66). 2018
40
Тұлғаның бәсекеге қабілеттілігіндегі психологиялық мазмұн
Бәсекеге қабілеттілік тұлғаның жеке дара-
лығының көрсеткіші екені сөзсіз. Осы орай
-
да бәсекеге қабілеттіліктің даму мәселесі 
өмірдегі өзгермелі және күрделі жағдайларда 
өзіндік дамуға; мақсатқа жетуде оңтайлы және 
гуманистік тәсілдерді табуға; табысты тұлға және 
маман болуға мүмкіндік бере алатын ғана жеке 
дара психологиялық қасиеттердің жиынтығымен 
анықталады (Токарева Е.В., 2008). Бұл жағдайда 
тұлғада бәсекеге қабілеттіліктің жеке дара 
даму ерекшеліктері бағыттылық, құзіреттілік, 
ептілік сияқты ықпалдасқан қасиеттері мен 
әрекеттік және әлеуметтік ерікті, икемділікті
ассертивтілікті көрсететін психодинамикалық 
ерекшеліктердің өзара байланысы, шарттастығы 
арқылы қарастырылады.
Кейде бәсекеге қабілеттілік кәсіби іс-
әрекетіне қатысы жоқ тұлғалық қасиеттер 
жиынтығы ретінде сипатталады (Кручинин В.А., 
Котикова Д.С., 2011:9). Мұнда, әмбебаптық маз-
мұндағы ашықтық, мақсаткерлік, еңбекқорлық, 
тәуекелшілдік, жауапкершілік, тәуелсіздік, 
стреске тұрақтылық, креативтілік, өзіне де
-
ген сенімділік, көшбасшылық, рефлексивтілік, 
байқампаздық, өзін-өзі реттеуге қабілеттілік, 
мәдени-адамгершілік қасиеттер, өзіндік дамуға 
қабілеттілік, нәтижеге жетуді көздей алу – 
тұлғаның бәсекелестік мінез-құлқы мен іс-
әрекетіндегі дамудың басты факторлары бо
-
лады. Дегенмен, психологиялық тұрғыдан 
студенттерді зерттеуде бәсекеге қабілеттіліктің 
даму деңгейін жас ерекшелікпен, жыныс айыр-
машылығымен, гендерлік өзгешеліктермен бай
-
ланыстыру дәстүрі сақталады. Сонда, адамның 
жасы жетілген сайын, ер адамдар әйелдерге 
қарағанда маскулиндық өзгешеліктің негізінде 
бәсекеге қабілеттіліктің жоғары деңгейде даму
-
ын көрсетеді. 
Жалпы, бәсекеге қабілеттілікті дамытуда 
басты назар аударатын критерийлер ретінде 
тұлғаның әлеуметтік және кәсіби маңызды бола
-
тын когнитивтік, мотивациялық, құндылықтар 
негізіндегі қасиеттер көрсетіледі (Хазова С.А., 
2011). 
Сонымен қатар, бәсекеге қабілеттілікті 
дамы тудың шарттары ретінде ЖОО-ғы психо-
логиялық сүйемелдеу (Плугарева А.В., 2008), 
психологиялық-дидактикалық кешен (Никули
-
на О.В., 2015) сияқты дамудың, қалыптасудың 
психологиялық, педагогикалық негіздері қарас-
тырылады.
Олай болса, ТМД ғалымдары тұлғаның 
бәсекеге қабілеттілігінің даму бағытын сырттан 
басқаруға болатынын әртүрлі психологиялық-
педагогикалық ықпал арқылы басқаруды 
ұсынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет