ТұЛҒаның БӘсекеге қабілеттілігіндегі психологиялық мазмұН



Pdf көрінісі
бет9/13
Дата08.02.2022
өлшемі317,29 Kb.
#98992
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
856-1-1428-1-10-20181119 (1)

Бәсекелес мінез­құлық типтері. 
Психология-
да бәсекеге қабілеттіліктің типтік жіктемелері 
бар. Соның ішінде бәсекелес мінез-құлықтың 
мотивациялары немесе бағдарларына негізделіп, 
екі тип ажыратылады: 
1) басқалардан озып, артық көріну, жеңіп 
шығуға бағдарланатын бәсекеге қабілеттілік – 
CW («
competing to win
»);
2) әрекетпен жетістікке жетуге бағдарланатын
бәсекеге қабілеттілік – CЕ («
competing to excel
»). 
CW бойынша бір адамның жеңісі басқаның 
жеңілісіне байланысты болады. Мұнда бәсекеге 
қабілетті тұлғаның мақсаты өз қарсыласынан 
немесе бәсекелесінен озық болып, оны «шаң 
қаптыру» екені даусыз. Басқаша айтқанда, 
CW жетістікке жетіп, табысты болуды емес, 
қарсыласына өзінің артықшылығын таныту
-
ды, озбырлығын көрсетуді көздейді. Осыған 
байланысты CW мен агрессияның арасындағы 
байланыстың күштілігі эмпирикалық зерттеуде 
дәлелденген (Hibbard D.R., 2010:414).
СЕ басқаның алдын орауға бағдарланбайды. 
Бірақ, СЕ қалай да жеке өзі жетістікке жетудің 
бәсекелестік амал-тәсілдерін қолдана алады. 
Бәсекеге қабілеттіліктің бұл түрін R.M. Ryckman, 
M. Hammer, L.M. Kaczor, J.A. Gold (1990) 
«тұлғалық дамудағы бәсекеге қабілеттілік»; 
R.E. Franken, D.J. Brown (1996) «жақсылап, 
дұрыстап орындауға қажеттілік»; F. Tassi, 
B.H. Schneider, J.F. Richard (2001) «міндетке 
бағдарланған бәсеке» деп қарастырады. Қалай 
болғанда да, СЕ бәсекені өзінің жеке басының 
жетістігі үшін қолданады.
Бәсекеге қабілеттіліктің мұндай екі бағдары 
гендерлік ерекшеліктермен де байланысты 
болуы керек. Бәсекелестік кезінде кейбір 
шиеленістік, басымдылық таныту, агрессиялық 
қылық жағдайлардың кездесуі ықтимал. Ал, енді, 
мұндай жағдайлар әйелдермен салыстырғанда 
ер адамдарға қалыпты сияқты болып, әлдеқайда 
жиірек, ашық көрінуі мүмкін. Дегенмен, CW 
бағдарлы әйелдердің өмірінде әлеуметтік және 
эмоциялық мәселелер көбірек орын алаты
-
ны; жалғыздық сезімінің жоғары болатыны; ер 
адамдармен салыстырғанда депрессиялық симп-
томдар жиі кездесетіні эксперимент арқылы 
анықталған. Оған қоса, талай психологиялық 
зерттеулерде агрессия мен депрессияның 
арасындағы байланыстың әйелдерде күшті, ер 
адамдарда әлсіз болатыны табылған (Burton L., 
2007:48). Әрі, CW формасына сәйкес бәсекеге 
қабілеттілік танытатын әйелдердің ұжымдық 
ділге сәйкес әлеуметтік ортада позитивті 
бағалануы күрделі мәселе деп санаймыз. Бұдан 
біртіндеп әйелдердің тұлғааралық қатынас жа
-
сауда қиындықтары көбейіп, өздеріне деген 
құрметі төмендейді. Сондықтан, CW деңгейі 
неғұрлым жоғары болса, әйелдер соғұрлым эмо-
циялық жайсыздықты бастан кешіретін болады.
Ал, СЕ бәсекеге қабілеттіліктің әлдеқайда 
әлеуметтік ортадағы ыңғайлы болмаса да ней
-
тралды формасын бейнелейді деуге болады. 
Мұнда тұлға тек өзінің жеке басының жетістікке 
жетуіне және сол үшін оған әлеуметтік ортаның 
қошемет көрсетуіне мүдделі. Сонымен қатар, 
бір қызық жайт анықталған: жеке даралық та, 


ISSN 2617-7544; еISSN 2617-7552 The Journal of Psychology & Sociology.
№3 (66). 2018
39
Ерментаева А.Р.
ұжымдық мәдениетте де СЕ типімен сипатта
-
латын ер адамдар мен әйелдердің әлеуметтік 
құзіреттіліктері, яғни, қарым-қатынас жасау-
дағы 
мүмкіндіктері 
жоғары 
деңгеймен 
ерек шеленеді (Schneider B.H., 2005:190). 
Дегенмен, СЕ типіндегі әйелдерден гөрі ер адам
-
дарда бәсекеден қанағаттану, рахаттану сезімі 
мен достық қатынас арасындағы оң корреляция 
болған. Әрі, СЕ типіне әрқашан оптимизм тән 
деуге болады (Harter S., 1990:371). 
СЕ бағдарлы типте бәсекеге қабілеттілік және 
өзіне деген құрмет арасында (Ryckman R.M., 
1990:635) жоғары корреляция табылған. Ал, 
бәсекеге қабілеттілік және қанағаттану сезімі 
мен өзін-өзі бағалау жоғары арасында оңды бай
-
ланыс; бәсекеге қабілеттілік және мазасыздық 
пен депрессиялық күй арасында (Helgeson V.S., 
1999:154) теріс байланыс шыққан. Сондықтан 
СЕ бағдарлы типте әлеуметтік-психологиялық 
бейімделудегі және эмоциялық жай-күй 
мәселелері CW формасымен салыстырғанда 
бәсең және сирек кездесуі мүмкін. Онда, CW 
типте тұлғааралық қатынас жасаудың деңгейі де 
төмен болары сөзсіз. Зерттеулер бойынша, СЕ 
бағдарлы типте гендерлік жағынан қалыпты, ер 
адамдар мен әйелдердің бәсекелес мінез-құлқы, 
эмоциялық жай-күйі, қатынас жасаудағы меха
-
низмдер тепе-тең болып, мұнда айтарлықтай 
өзгешеліктер кездесе бермейді. 
Олай болса, CW бағдары стереотипті түрде 
әлдеқайда ер адамдарға тән тип ретінде қарас-
тырылады. Психологияда СЕ бағдарлы типтің 
нақты гендерлік типизациямен ерекшеленуі 
тіркелмеген құбылыс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет