т — араб алфавитінің үшінші, парсы алфавитінің төртінші әрпі, сан мағынасы — 400.
таб, тау. Күш, қуат, дәрмен, қабілеттілік, алғырлық, талап. Төрт-бес жылдап алысып, Мына тұрған Исекем, ханның бір тауын қайтарған (Махамбет). Қара құстай қайсар көңілдің талайын қайыстай илеген мыстандардың нешеуін жіберіп, әбден тауы шағылыпты («Мың бір түн»).
I — таб, тап. Қызу, ыстық, аптап, күннің, оттың, шоқтың қызуы. Дүйсе қарттың ақылы бойыпша Әсет бақырды жерге түсіріп, оттың ыстық табына қойды (Қ. Оразалин).
ІI. табә, таба. Тамақ пісіруге я қуыруға арналып темірден, шойыннан жасалған кемерлі, дөңгелек ыдыс. Үгі иссі, қазды мүшелеп бөліп, табаға салып, майға қуырды (С. Мұқанов). Таба нан — табаға піскеп нан. Сапар үлкен таба нанды алды да, аузына бұралап тыға бастады (М. Иманжанов).
(қ — п) табискар, табыскер (табис + кар, табыс + кер). Пайда тапқыш, пайда келтіргіш. Шалқақтаған Шайбике лақап аты — Майбике. Күйеуі табыскер болып, дәуірлеп тұрды — толып (Смаханұлы).
тадж, таж, тәж, тажы, тәжі. 1. Өкімет белгісін көрсететін патшалардың қымбатты бас киімі. 2. Айдар, кекіл. 3. Дәруіштердің басына киетін сопақ киіз қалпағы. 4. Кісі аттары ретінде кездеседі (Тәжи, Тәжі, Тәжібай, Тәжібек, Тәжіхан, Тәжікерей). Бұрынғы күнім күн бе еді? Күи емес қара түн еді. Тар қүрсаулы таж, тағыт. Патша бізді биледі (Жамбыл). Қанша ардақтап басына кигенмен тәж. Саясатты білмесе, оған ие лаж... (Ә. Науаи).
таджгол, тәжігүл. 1. Қораздың айдары сияқты қызыл гүлді өсімдік. 2 Әйел кісінің аты, Тәжігүл.
таджик, тәжік. Тәжікстанның тұрғыны. Тәжік таж дегеп сөздің кішірейтілген түрі (Л. Будагов). Тәжік пен парсы тілдері иран тілінің түстік — батыс тобына жатады («Ү. С. 3»).
тар, тар. 1. Қыл, сым, жіптен жасалған домбыра, т. б. музыкалық аспаптардың шегі. 2. Жіңішке жіп, қыл, сым, керме бауы (ол дутар, гитар, шілтер) деген сөздердің құрамында кездеседі.
тарадж, тараж. тарлау, талау, тонау. Талан-тараж.
(а — п) тарих-намә, тарихнама (тарих + намә, тарих + нама). Әдебиет сыны мен тарихы өскелең талапқа жауап берерлік табыстар ауқымында, әдебиет танудың құрамды саласына кіретін қосалқы сала, яғни библиография, текстология, тарихнама, деректеме... әдеби шежірелер боп көрсетіп қана отырған жоқ, қайсы бірі ғылми пәнге айналып келеді («Қ. Ә. Т.»).
тазд, таза. Кірсіз, пәк, былғанбаған, мұнтаздай. 2. Ауыс, жаңа, нағыз, ешқандай қосындысыз. Коммунистің жаны — таза, ақылы — дана (Мақал). Жауыз ойлап, жалған күлме, Жаның таза болса егер, Жәдігөй болып өмір сүрме, Арың таза болса егер (Ж. Сайн).
тази, тазы. 1. Ұзындау тұмсықты, жіңішке ұзын аяқты, аң алатын жүйрік ит, құмай. 2. Ауыс. Жүйрік. Аттың жақсысы — бозы, иттің жақсысы — тазы (Мақал). Мен қоян алуға шығып барамын — деп Жиренше атына мініп, тазысын жетектеп алып, кетіп қалды (М. Әуезов). тақ, тәк. Жүзім шыбығы, сабағы.
(қ—п) талан-тарадж, талан-тараж. Талаушылық, бүліншілік, тонаушылық.— Жау Лепсі өңірін қанға бояп, селоларды, сол маңдағы қазақ ауылдарын талан-таражға салып, бейбіт халықты қырып-жоюда (С. Мұқанов). Нашарды талан-таражға түсіру, түрмеге жабу, кісі өлтіру — бұларға үйрепшікті іс, тіршіліктерінің өзі сол («Қ. Ә. Т.»).
(қ — п) талғамбаз, талғампаз (талғам + баз, талғам + паз). Таңдағыш, талғамы күшті, таңдауды жақсы көруші. Жалпы тұрмысында эстетикалық талғампаз Сәкен, жазу жұмысында да солай болуға тырысатып (С. Мұқанов).
(қ — п — қ) талғампаздиқ, талғампаздық (талғам + баз + диқ, талғам + паз + дық). Таңдағыштық, талғамы күштілік. Осының бәрі қыз бойындағы сәнмен бірге талғампаздықты да танытқандай (3. Қабдолов). Талант — табиғаттан, Талғампаздық — білімнен («Қ. Ә.»).
(қ — п) тамирдару, тамырдәрі (тамир + дару, тамыр + ддрі). Қос мекенді қарақұмық дәрі ретінде қолданылатын өсімдік.
(қ — п) тау-кен, тау-кен. Таудың, жердің кен байлығы, пайдалы кен қазбалар. Өзіме өте-мөте тапыс тау-кен ғылымы хақында бірер сөз. Бұл ретте Қазақстан тау-кен ғылымына геомеханика атты сала қосылғанына ең алдымен назар аударсам деймін (А. Машанов).
(қ — п) тауқханд, тауықхана (тауқ + ханд, тауық+хана). Тауықтарды ұстайтын, асыраитын жай, орын.
тай, тай. Байлам, бума, буда, тең, түйін. Зепнепке «Пәленшенің болыс баласы сені бір көруге», бір түндік ұйқыңды қиуың үшін төрт тай шәйі, бес бас қант жіберіпті» деп, бойжете бастағанпап-ақ сөздеріп жеңіл өткізіп, үйренгеп жеңгейлері де келіп-кетіп жатқанды (І. Есенберлин). Күн бата барлық отыз кісі судьяның алдына отыз тай жібекті әкеліп тастай салды («Корей ертегілері»).
тәхт, тақ. 1. Патшалардың отыратын салтанатты орны, орындығы. 2. Ауыс. Мәртебесі биік, шоқтығы биік. Жақсы әйел — жігітке біткен бақ, жақсы жер, жайлы қонақ — алтын тақ. (Мақал). Жоқ болса қатыныңның жат өсегі, Болмаса міпезіиің еш кесегі, Майысқан, бейне гүлдей толықсыған, Кем емес алтып тақтан жар тесегі (Абай).
тәхтә, тақта, тақтай. 1. Тақтай, қалқан, қалқа. 2. Текше, өре. Аяғының астында, Тақтай тастың бетінде, Жазылған таста хат жатыр. Хатқа бала қараса, іші толған тамаша («Алнамыс»). Оқушылардың жазатын әріп не сөздерін оқытушы класс тақтасына жазады (С. Көбесв).
тәхтәчә, тақташа (тәхтә + чә, тақта + ша). 1. Кішкентай тақтай, 2. Кішкентай текше.
тохм, тұқым* 1. Ұрық. 2. Жұмыртқа. Аяқты жөндеп басуға... Жақсы тұқым шашуға... Рахат өмір жасауға (С. Торайғыров). Әлия Темирова жұмысты жаңа өсімдіктің тұқымып зерттеу, соны іріктеудеп бастады * (С. Бегалин). Содан шыққан Әріптің, тобықты ішіидегі Құнанбай тұқымы мен алыстан арбаласарлық өз өштігі, өз бәсекесі болады (М. Әуезов).
тәр, тар, тер. Күштар (хуштар), бетер (биһтар), кемтар (қамтар) тәрізді сөздердің құрамында кездесетін тұлға.
I — тәразу, таразы. 1. Өлшеуіш (бір нәрсенің салмағын анықтайтын қүрал). 2. Ауыс. Әділдік, әділсіздіктің шешушісі, сынның сарабы. «Жел сезді» ақылың болса, айтпа тасып, Жұрт керер таразыны кетсең басып (Күзен). Бұл сөзге Ескепдір де қарай қалды. Таразыны кұрдырып, ортаға алды. Қанша алтынды күміспен салсадағы, Бір кішкентай сүйекті аудармады (Абай).
тәразу, таразы. Ориол шоқ жұлдызы (Иранның күн намасында октябрь айының аты). Таразыда таң суыр (Мақал). Маймаңдап маймыл саусақ балы тамғап, Тартылмай күй болмады мұнан қалған. Жамбасқа таразы, Үркер аунап түсіп, Болыпты мезгіл міне таңғы қалған (І. Жансүгіров).
(п — қ) тәразулау, таразылау (тәразуллау, таразы + лау). Өлшеу, салмақтау, таразыға тарту. Перпесін қыз сезінің түйген күйші, Ер болсаң қызға тілмен сөйлей білші? Күйшінің күйін, жайын таразылап, Салмақтап өкім қылды қыздың іші (І. Жансүгіров). Салшы ақыным, Таразылап зейінге, Не сый тарттың бүгінгі мен кейінге? Әлде күйбең күн көріспен жүрем деп, Қол тимеді, кешіріңдер дейін бе? (Ғ. Орманов).
тәрбуз, дарбыз, қарбыз. Тәтті дәмді домалақ келген бақша өсімдігі. Қайпым-ау, малдан қымбат тал меп терек. Алма, өрік ақша болар, мал не керек? Ақ бидай, қызыл тары, бәрі, бізде, Картошка, қауын, дарбыз жөні бөлек (К. Әзірбаев).
тұрыш. 1. Қышқыл. 2. Ашытқы (қамыр, тұрыш). Суарсаң да сүтпенен, Тұрыш миуа тұщы боп Түзелуге бет алмас. Мәпіссіз сөз, мысалы бұзық мылтық сияқты Атқаныңмен от алмас (Тұрмағамбет).
тәғар, дағар. 1. Астық салуға арналған үлкен қап. 2. Астық және сол сияқты дәнді заттардың ескіше өлшемі.
тәғарә, дағара. Шылапшын, үлкен темір табақ. Сүйтіп, қаланың барлық керней, сырнапын тартып, дағарасын салдыратып, түйде келіншекті қалаға кіргізді («Мың бір түн»).
тоқд, тоға. Белдік, тартпа сияқты заттардың бір ұшын бекіту үшін темірден жасалған зат. Белбауды қоладап, күністен, алтыннан оймыштап жасалған әдемі тоғалармен, салбыршақтармен, бастырмалармен ажарлады («Қазақ ССР тарихы»). Бір тоға кесек мінезі бойынша, осы көңілін өле-өлгенше салмақтаумен көргс бір кетемін деп сепуші еді (М. Әуезов).
тәк, тек. Текеуар тәрізді сөздердің құрамында «жүгіру, сергелдең» дегендей мағына береді.
тәкауәр, текеуар (тәк + аудр, тек + еуар). Жүйрік ат, тұлпар, желгіш жылқы.— Базеке! Бұл өңірде жоқ мынау бір көк арғымақ, өзіңмен ере келді ме? Болмаса, кетерінде Шыңғыстың тасына байлап кетіп пе едің, баяғы Сейтбатталдың текеуарындай? (М. Әуезов). Астына бір текеуар ат міңгізіп, бесеуі жауын қойдағы қырады енді (Тұрмағамбет).
тәлуасә, далбаса. Болмас іске әуре болушылық, әбігершілік, әурешілік. Оқтын-оқтын күрсінуі, қайқылау танауып сіңбіре беруі — тарылған тынысты кеңейту далбасасы сияқты (Ғ. Мұстафин). Жан далбаса қып есікті тартып байқап ем, мызғитын да емес, терезе одан да берік (Ә. Әбішев).
(а—п) тәмашаханә, тамашахана (тәмаша + ханә, тамаша + хана). Ойын-сауық көрсететін орындар (театр, цирк, кино).
тән, тән. Қар, дене. Адамның тұла бойы. Тәнім таза болғанша, жаным таза болсын (Мақал). Етің етке тигепде, Демің тиіп сүйгенде, Тән шымырлап, бой еріп, ішім оттай күйгенде (Абай).
тәнбақу, темекі. Паслен тұқымды үлкен жапырақты өсімдік. Тебендей тамшы тисе, тебінгідей темекі су болады (Мақал).
тәнбан, дамбал. Штан, ішкі киім, шалбардың ішінен киетін жұқа киім. Жігіттің үстінде тозғап көпе жүн күпі... Спрағып көтергепде, шалбар ішінде дамбал бары шалбардың айрылған ауынап көріпіп тұрды (С. Мұқанов). Шалғымбайдың жейде, дамбалын, өзінің кимешек шүберегін, қара шолақ орамалын, тағы әлденелерді қасына үйіп қойып, қаратоқал сабынды астауда көпіртіп езгілейді (I. Жансүгіров).
тәмбали, тәнбәли. Жалқаулық, еріншектік,— Сеніц атың — Әбу Махмет — Тәнбали. Тәнбали — іс жақпас кесір, жан бақпайтын жалқау деген сөз. Ал бұл дүние мен енерді қайдан үйреніп жүрсің? («Мың бір түн»).
Тәмбур, тамбур, танбур. Шығыс халықтарының шекті музыкалы аспабы. Сыз беріп келе жатқан таңмен бірге ұрылған дутар, ішін тарта барылдаіі шыққан зурна, танбур үндер бүкіл Ташкентті азан-қазан етті (І. Есенберлин).
тәндур, тандыр (араб, таннур). Нанды қабырғаларына жансырып пісіретін жартылай дөңгелек пеш. Күлше ііандар тандырға жабылып, бір апталық, азық-түліктер дайындалады (С. Айни). Рахметтің машинасы Айбаршаның үйіне кеп тоқтай қалғанда, Дәметкен тандырға күлше жауып жатыр еді (С. Мұқанов).
(п — қ) тәнсаулық, денсаулық, (тән + саулық, ден + саулық). Бой тазалық, ауру-сырқаудан сау болушылық. Денсаулық — зор байлық (Мақал). Дермене өсімдігі — советтік денсаулық сақтау ісінде, халық шаруашылығына көп пайда келтіретін есімдік («Қ. Қ.»).
тәнәкә, тінікі, түнікі. 1. Қаңылтыр табақша, жалпақша пластинка. Қала үйлерінің жобасымен салынған еңсесі биік, терезелері үлкен, есік алды оюлы өрнекпен әшекейленген, тініке шатырлы жосамен сырланғап бай үйінің маңдайында қарандап жүрген елу шақты адам көрінеді (М. Қаратаев).
тәнгә, теңге. Ертеректе қолданылған күміс, алтын ақша (бағасы эр жерде др түрлі болған). Аяғымен жүр десең Жеті теңге аласың, Айғақ, сүйінші бер десең Кебек-байдың баласы, Нұрбек биге барасың (Қ. Әзірбаев). Қасында ақ меруерт өрген, алтын теңгелері көзіне түсе салбырағап қызыл барқыт сәукеле (I. Есенберлин).
(п — қ) тәнгәлик, теңгелік (тәнгә + лик, теңге + лік). Ақшаның бағасы, мөлшері. Бүгін болмаса ертең болар,—деп Наубай бір теңгелік нан берді («Мың бір түн»).
тәнә, дене. 1. Тұлабой, бойтұрқы. 2. Тұл, ағаштың сабағы. Денең икемді болса, келбетің сүйкімді болады (Мақал). Туғанда дүние есігін ашады өлең. Өлеңмен жер қойнына кірер денең (Абай).
тәнәкар, дәнекер (тәне + кар, доне + кер). 1. Бор қышқылдығының натрий тұзы (химиялық). 2. Ауыс. Екі нәрсенің арасын қосушы, байланыстың зәру түрі. Темірді дәнекер қосады, Өмірді бала қосады (Мақал). Бала — берік дәиекері өмірдіц, Бала — өзегі қуанышты көңілдің (Тоқамбаев).
(п — қ) тәнәкарлик, дәнекерлік (тәнәкар + лик, дәнекер + лік). Екі нәрсенің арасын қосуға себепкерлік. Анда-санда бір көрініп, тек дәнекерлік қызмет атқарып жүргені қанша! (М. Қаратаев).
(п — қ) тәнәли, денелі (тәнә + ли, дене + лі). Бойлы, бой-тұрқылы. Денелі, нықты, шалқақ, мұрты құлағына жеткеп, мейлінше келбетті, тілді адам (Ғ. Мұстафин).
тәуан, тауан. Қуат, күш, әл, шама-шарқы. Тауаның аз, талабың қысқа болса, Араға жаман атақ жуытарсың (Ақан сері). Жаңа ғана тауы шағылып, тауаны қайтқан жаудың дәл бүгіп шабуыл жасауы мүмкін емес (Ә. Әбішев).
Түбрә, дорба. 1. Аттың басына іліп қойып, жем беретін ыдыс. 2. Кішігірім қапшық. Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала (Мақал). Бір үйде өлеңші отыр жұрт мақтаған, Сөз сатып, тиын тілеп елді ақтаған. Толтырып сүйек-саяқ дорбасына Бір қора қайыршылар жүр қаптаған (I. Жансүгіров). Шалдағы дереу дайын бола ңалды, Бір дорбадан көмір мен көрік алды. Екеуі сәлемдесіп болғаннан соң,—Мысың қайда, балам? – деп дігір салды (Абай).
тудә, дода. 1. Төбешік, үйме, үйінді. 2. Бұқара. көпшілік, халық (Иранның халық партиясының аты). 3. Ауыс. Көкпар шабуды әдет еткен елдерде көкпарға таласып үймеленген көкпаршылар тобы. Бұл не өзі — жақсылық бәйгесі ме? Алдарқатқан әлде бір жәй несібе? Қамшы білеп додаға түсіп жүрген әулекі мен әумесер әуресі ме? (Ә. Жәмішев).— Серкенің қылшығы да жығылмапты гой. Додаға түспеген-ау деймісін?—деді Жақсылық (Ғ. Сланов).
Тудә-тудә, дода-дода. Дода-додасы шығу, дода-дода болу — бобырау, ұйпалану. Тәңірберген мына құзғын құстардың арғы жағындағы көгілдір аспанды, қатты жел жыртып, дода-додасы шыққан кешегі бұлттың сілімтігіне дендеп ықлас қоймай, тек әншейін көз сап тұрған-ды (Ә. Нұрпейісов).
тудәкәш, додакеш (туда + кеш, дода + кеш). Көкпар шабуға додаға кіруге әбден бапталып, үйретілген күшті және аса епті жүйрік ат.
(қ — п) тузимбаз, төзімпаз (тузим + баз, төзім + паз). Шыдамды, сабырлы. Ыстық пен суыққа бірдей кенбіс көп жасайтып тезімпаз гортензия бар (М. Қаратаев).
тус, тоз. Қайың, қайыңның қабығы (онымен ерді қаптайды). Арқанның қайыңына ат тоздай келдім. Ауылыңның орнын сипап боздай келдім (Боздақ). Тырнағының сынығына қарамай қайыңның бірнеше ақ тоз қабығын сындырды (Полевой).
Тулә, теле. Құс ұстау үшін құрылатын тор қоятын күрке — Жертөле. Аңшылар тығылатын жер үй.
туман, тұман. Иран ақшасының өлшеуіш шамасы (единица), алтын ақша. Парсы тілінде туман он реалға (1/10 пехлевиге) тең ақша өлшеуіш шамасы (Ш. Сарыбаев).
П — туман, түмен. 1. Он мың, он мың эскер (тарихи мағнасы). 2.Қалың қол, көп, неше мың. 3. Уйезді, уалаят. Нұрата және Қерменин уалаяттарының барлық тумендері мен кенттеріп (уйездері мен болыстарын) түгел аралап, мүмкіндік болған жерлерде диқандардың бипартиялық (беспартийный) конференцияларын өткіздім — дейді А. Ярмұхамедов (Қ. Мұхаметханов).
(қ — п) түйханә, тойхана. Той жасайтын орын, банкет залы. һумменен төртеу болып барып түсті, Қонақтап, тойханадан ас-су ішті. «Бір адам Қиюлермен келіпті» деп, Сөз болды сол арада ішті-тысты (Тұрмағамбет).
(қ — п) түймәгол, түймегүл (түймә + гол, түйме + гүл). Жарқын, ашық түсті ірі гүлді (ортасы түйме тәрізді) шөпті өсімдік (мальва).
(к — п) туйәкәш, түйекеш. Түйеші, түйемен жүк таситын кіреші. Мына шетте қапелімде дүкенші Құлшығаш пеп қара түйекеш түсініспей қалды (Д. Досжанов).
тиар, даяр. Әзір, дайын. Қымызды басар артынан, Ет даяр ма қасында (Абай). Әрине, әкімдер жұмысшылардың бұл тілектерін орындау түгіл, ездеріи тып-типыл ғып қырып салуға даяр еді (С. Дөнентаев).
(п — к) тиарлану, даярлану (тиар + лану, даяр + лану). Әзірлену, дайындалу. Алпыс мың диулармен бұлар кетті. Кешікпей оларға да хабар жетті.— Алдынан даярланып тұрайық,— деп, Рүстем ту көтеріп, сап түзетті (Тұрмағамбет).
(қ — п) тирнақгол, тирнақгүл. Бақшада өсетін сары шешекті бір жылдық өсімдік.
тиз, тез. 1. Жылдам, шапшаң, жүйрік. 2. Ауыс. Өткір, ұшқыр. Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас, Қардың суы сықылды тез суалар (Абай). Шалқы, өлең дариясы, Жыр шынары, тез гүлде! Бұл ғасырдың ар-ұяты Береді есеп мезгілге! (X. Ерғалиев).
(қ — п) тизакханә, тезекхана (тизак + ханә, тезек + хана). Тезек жиятын орын, қора.
тиз-тиз, тез-тез. Жылдам-жылдам, шапшаң-шапшаң. Тез кеттік,— деді Мұтаспым Шүкірге. Олар басқа баспалдақ арқылы аулаға шықты. Ауланың артқы қабырғасы онша биік емес болатын. Екеуі де тез-тез секіріп көше жаққа өтті (С. Айни). Ғатаула жалма-жан жастығының астынан портфелін алып, ішінен қагаз, қарындашып шығарып тез-тез жаза бастады (М. Қаратаев).
(қ — п) тизимгол, тізімгүл (тизим + гол, тізім + гүл). Тізбектеліп өсетін хош иісті әдемі өсімдік (вербена).
тишә, тесе. Жүзі кәлденең сапталатын шот тәрізді қол аспабы. Жер айдағанда тесе, тіс ағаш және тырма қолданылатын («Қазақ ССР тарихы»). Қара Бұхардың айналасында — дейді ертегішілер,— биіктігінен адам өрлеп ете алмайтын, аумағына ат шаптырса жете алмайтын, сүймен тесе алмайтын тастан қаланған, қырық қақпалы қорғаны бар екен (С. Мұқанов).
(қ — п) тилаухур, тілеукор (тилау + хур, тілеу + қор). Тілектес, бір пиғыл. Павловский меп Цимерский сияқты революцияға іштей тілеуқор болған дәрігерлердің жақсылығы арқасында мен 1910 жылдың август айыііа дейін жауапқа тартылмай келдім,— дейді Иван Васильевич Деев (М. Қаратаев).
(қ — п) тилстан, тілстан. Тіл дүниесі, тіл тәркіні. Мамандығым педагог болғандыктан, мен газетте жарияланып келе жатқан мақалалардың ішіпен «Тілстанға саяхат» «Білімдіден шыққан сез» деген рубрика материалдарын қадағалап оқып отыратынмын (Б. Нысанбаев).
араб алфавитінің төртінші, парсы алфавитінің бесінші әрпі, тек арабтан келген сәздерде ғана жазылады, сан мағынасы — 500.
дж, ж — араб алфавитінің бесінші, иарсы алфавитінің алтыншы әрпі, сан мағыиасында — 3. Бұл әріпнен жазылатын араб, парсы сөздері қазақ тілінде ж болып естіледі жэне ж орпі арқылы жазылады: джай — жай, джан — жан, джаду — жәді, джам —жам, джануар — жануар.
(қ — п) джатақхана, жатақхана. Көн боп тұруға арналып салынған жатақ үй. Учительдің үйіпен осы қуапышпен шыққан Сұлтанмахмұт медіресесіндегі жатақханаға тартпай, Әнтекендікіне келді (Д. Әбілев). Жолдастар, жұмысшылардың жатақханасы осы үй болады,— деді Орлов (I. Жансүгіров).
джаду, жады, жәді. 1. Сыйқыр, көз байлау, арбау, дуалау. 2. Сыйқырлық, кәз байлаушылық. Ой, ойдағыдай болып жүрме, жады болған соң. Ғашық жары, сиқыршы болған соң, жанын салып жүргені де жағынам деп,— деді Ділдә (М. Әуезов). «Рахым жоқ, кешірім жоқ азғандарға Арымды аяғына басқандарга. Аққу мен әйел бұзғыш жады шебер, Тартылсын көз алдымда енді дарға (Ә. Тәжібасв).
джадугар, жәдігер (жаду + гар, жэді + гер). Көз байлайтын сыйқыршы, балгер-бақсы. Под арест! Білдік біз ісіңді. Күмбірлегеп бір ғана күбі сынды... Көшіп-қонып ерте-кеш жатыр қазақ Естімей-ақ, жадыгер, дыбысыңды (X. Ерғалиев).
джадугүй, жәдігөй (джаду + гүй, жәді + гөй). Коз бояушы, сиқыршы, азғырушы. Әсіресе, оның арбаушы жәдігөй көргені кеудеге тепкеішен кем тигеи жоқ (Ә. Әбішев). Жалғызым, не қылсаң да, сақ болып жүр, Жәдігөй, боп жүрмесін антұрған шал (Абай).
(қ — п) джарақханә, жарақхана. Қару-жарақ жасайтын және оны сақтайтын орын.
(к — п) джарнамә, жарнама. Жазын ілія қою арқылы, хат арқылы құлақтандыру, хабарландыру. Акмола губерниясының губернаторының жария қылған жарнама бұйрығы екен (С. Сейфуллин). Газеттің бірінші бетінде сауда-саттық жарнамалары екен (С. Мұқанов).
(қ — п) джаримджан, жарымжан (джарим + джан, жарым + жан). Мүгедек, кемтар. Жас саулады бетті жуып, Соқыр көзден таусылмай, Жас басымнан жарымжан қып Не жазып ем, о құдай (С. Мұқанов). «Мені күтпе сарғайып қымбат досым, Сен сүйерлік көркім жоқ мен жарымжан».— Жігіт хаты қызға кеп жетті тосын, Хатты оқып қыз қайғырып болды хайран (С. Бегалин).
(қ — п) джасамбаз, жасампаз (джасам + баз, жасам-паз). Жаңаны тудырушы, жаңалық жасауға құштар. Еседі еркін балғындық, Жасампаз өмір, өктем үн! Дүниеге мейман аз күндік — Адамзат қанда көктемнің? (Ә. Сәрсенбаев). Домалық марксизм бар да жасампаз марксизм бар (И. Сталин).
(қ — п) джагимбаз, жағымпаз (джагим + баз, жағым + паз). Жағынушы, қошеметтеуші, жарамсақ, Өзі жағымпаз, өзінен үлкеннің етегін көтермесе күн көре алмайтындай санайтып («Мың бір түн»). Ішмерез арамзалар, жалпылдақ жағымпаздар, арам тамақ жалқаулар, діншіл дүмшелер — барлығы да Хафнз шығармаларында бірінен соң бірі өздерінің өрескел бегінелерімен өтіп жатады (Б. Ысқақов).
(қ—п) джалахор, жалақор (джала+хор, жала + қор). Жала жапқыш, өсекші адам. Қарсы жауап айтуға, Келтірмеген шамаңды, Жалақор деп айтамыз Жұртына бүлік салғанды (Жамбыл). Әкем де момып таза бір жан еді, Жапқан ғой жалақорлар бұл бәлені (Қ. Бекхожин).
(қ — п — қ) джалахурчи, жалақоршы (джала + хур + чи, жала + қор + шы). Жала жабушы, өсек айтуиіы. Байқағанға мен қуанам Опегинмен екі арамды, Келекешіл кей оқушы, Не бір жорта жалақоршы (А. Пушкин).
(к — п — к) джалахурлиқ, жалақорлық (джала + хур + лық, жала + қор + лық). Жала жабушылық, өсекшілік. Жалақорлық, жаси қалушылық, барлық жексұрын мінез ойынан ұя салған кісі екен, осындай мінездері оның үйренген өнерін қор етті («Мың бір түн»).
джам, жам. 1. Сопақ, дөңгелектеу етіп істелетін үлкен металл ыдыс, дағәра. 2. Гүлдің тажы. 3. Әйнек, айна (аңыз бойынша парсының Жәмшит деген патшасының тілегін, арманын орындайтын, әлемде болып жатқан құбылысты көрсететін сиқырлы айна). Шалқарбай шалқып шылымды тағы сорды. Алдындағы түйеден түсірген жам жүктей көп қағазға қарап, өзінің «деловойлығына» масаттанды (І. Жансүгіров).
джамә, чемо. Чсмодан, шамадан (джамә + дан), тәрізді сөздердің қурамында келетін «киім, киім-кешек» мағынасындағы сөз. Чемодан парсы тілінде джама және дан... деген екі дербес сөздерден құралған (Н. Қарашсва).
джамәдан, чемодан (джамә + дан, чемо + дан). Қиім сандығы. Бір чемоданда әйелімнің киім-кешегі ғана бар. Көріңдер де тастап кетіңдер,— деді Жантас (Ғ. Мүсірепов). Сірестіре буған, бүктемелі чемоданды Жұмаш ыңқылдап көтеріп үйге кірді (Ш. Хусайнов).
джан, жан. 1. Жан, рух, өмір. 2. Сүйікті, қымбатты. 3. Ауыс. Кісі, адам. 4. Кісі аттарының қурамында қолданылады (Бауыржан, Байжан, Жанбай, Жанболат, Жандос). Бұзбаңыз әділдікті бұл мал үшін, Жиямыз оныдағы бір жан үшін (Ы. Алтынсарин). Сенен артық жан тумас, Туса туар артылмас, Бір өзіңнен басқаға, ынтықтығым айтылмас (Абай).
(п — қ) джанашир, жанашыр (джан + ашир, жан + ашыр). Қамқоршы, аяушы. Ата-ана қамқорындай жанашырдың сөзі Баянның жүйе-жүйесін босатып жіберді (Ә. Нүрпейісов). Бара-бара шын жанашыр. Қалует екеніне көзі жеткендей (Ғ. Сланов).
Достарыңызбен бөлісу: |