Пастерленген, стерилденген немесе қайнатылған сиыр сүтіне сүт қышқылды бактериялардың таза дақылдарымен ашыту арқылы алады. Оны ашытқы, дәмдік және ароматты заттар, с витаминін қосып немесе қоспай өндіреді



бет5/8
Дата11.04.2023
өлшемі25,71 Kb.
#174219
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Дәріс 11

Балаларға арналған май пастерленген кілегейден қант немесе қант ұнтағын қосып алынады. Оның құрамында 76% май, 8% қант, 15% ылғал болады.
Құрғақ май кілегейді майсызданған сүтпен араластырып алады. Құрғақ май крем түсті және пастерленген сүт иісті ұнтақ. Оған 12-14% су қосып табиғи сары май консистенциялы май алады.
Сонымен қатар емдәмдік май өндіріледі, 25% өсімдік майымен алмастырылған кәдімгі сары майдан тұрады.
Қорытылған май өзіндік дәмі мен ароматы бар қорытылған сүт майы болып табылады. Оның құрамында 98% май, 1 ылғал болады.
Май сапасына қойылатын талаптар. Майдың дәмі мен иісі таза, әр түріне сәйкес, бөтен дәм мен иіссіз болу керек. Толтырғыш қосылған майда қосылған толтырғыш татымды болу керек. Консистенциясы (10-12оС-та) сары май тығыз, біртекті, кескенде бетінде майда ылғал тамшылары болу керек; толтырғышы бар май жұмсағырақ, кескенде ылғал тамшылары болмайтын; ал қорытылғына май – жұмсақ, дәнді болу керек. Еріген күйде қорытылған май мөлдір және тұнбасыз болу керек. Мй түсі – ақтан ақшыл сарыға дейін. Толтырғышы бар май қосылған толтырғыш түсті болу керек.
Физико-химиялық көрсеткіштерден стандарттармен ылғал мөлшері, май мөлшері, тұз мөлшері нормаланады. Майда патогенді микроорганизмдер болмау керек, жалпы бактериалдық тұқымдануы мен ішек таяқшасы бактерия мөлшері шектеледі.
Сапасына қарай сары май (тұзсыз, тұздалған, Әуесқойлық) және қорытылған май жоғары және 1-ші сортқа бөлінеді. Қалған май түрлері сортқа бөлінбейді.
Сары май (тұзсыз, тұздалған, Әуесқойлық) және қорытылған май сорты 20 баллдық жүйе бойынша анықталады, бұл кезде әрбір көрсеткішке белгілі бір балл қойылады: дәмі мен иісі – 10; консистенциясы мен сыртқы түрі – 5; түсі – 2; орамасы мен маркілеу – 3. Балл қосындысы 13-20 балл, оның ішінде дәмі мен иісі 6 балл болса жоғары сортқа жатқызылады, 6-12 балл, дәмі мен иісі – 2 балл болса 1-ші сортқа жатқызылады.
Сары майды –3оС дейін температурада 80% салыстырмалы ауа ылғалдылығында: пергаментте оралған – 10 күн; фольгада – 20 күн; полимерлі стакандар мен қорапта – 15 күн; металл ыдыста – 90 күн сақталады. Қорытылған май 0-ден –3оС дейін температурада шыны банкіге салынса 3 ай және металл ыдысқа салынған 12 ай сақталады.
Сақтау кезінде майды жарық әсерінен қорғау керек және ауа айналымын қамтамасыз ету керек.
Сырлар
Сыр –жоғары калориялы өнім. Оның құрамында толық құнды белоктар (шамамен 25%), сүт майы (шамамен 30%) бар олар толығымен (96%) адам организміне сіңеді. Сыр құрамында минералды заттар (кальций тұздары, натрий тұздары және т.б.), А, В, Е, В1, В2, РР витаминдері бар. Сыр калориялығы 100 грамға шаққанда 250-400 ккал құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет