Есеп № 17
Науқас Б., 54 жаста, әлсіздікке, аз ғана физикалық күш түскеннің өзінде ентігу байқалатынына, қол саусақтарының ұшының жансыздануына, тілінің ауырсынуына шағымданып ауруханаға түскен.
Ауруханаға түскен кезіндегі қан анализі:
Эритроцит 1,44х /л
Гемоглобин 66 г/л
Түсті көрсеткіш 1,4
Лейкоциттер 2,8х /л
Лейкоцитарлық формула
Жас жасушалар 0
Таяқша ядролы 1%
Сегменттік ядролы 43%
Эозинофилдер 5%
Базофильдер 0
Лимфоциттер 48%
Моноциттер 3%
Тромбоциттер 100х /л
Жұғындыда: айқын анизацитоз, пойкилоцитоз, мегалобластар, базофиль-дік түйіршіктелген эритроциттер, гиперсегменттелген нейтрофильдер, рети-кулоциттер - 0,4%.
Шеткері қан құрамының анықталған өзгерістері қан жүйесінің қандай патологиясына тән?
Осы патологияның дамуында эритропоэздің қандай типі орын алады және оның ерекшелігі неде?
Достарыңызбен бөлісу: |