Есеп № 18
Науқас К., 24 жаста, үдемелі әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, ентігуге шағымданып, ауруханаға тексерілуге келген. Үш жыл бұрын науқасқа ішектің түйнелуіне байланысты операция жасалынып, бүйірлік анастомоздар қою арқылы ащы ішектің 60 см резекцияланған. Осы операция жасалған соң кейде ішінің ауырсынуы, үлкен дәретінің тұрақсыздығы байқалған.
Ауруханаға түскен кезіндегі қан анализі
Эритроцит 2,23х /л
Гемоглобин 85г/л
Түсті көрсеткіш 1,2
Лейкоциттер 3,5х /л
Лейкоцитарлық формула
Метамиелоциттер 0
Таяқша ядролы 0,5%
Сегменттік ядролы 58%
Эозинофилдер 5%
Базофильдер 0,5
Лимфоциттер 30%
Моноциттер 6%
Тромбоциттер 120х /л
Жұғындыда: макроанизоцитоз, пойкилоцитоз, шизоцитоз, аздап мегалоциттер, нормохромия, ретикулоциттер - 0,4%.
Бұл анализ қанның қандай патологиясы дамығаның көрсетеді?
Алынған мәліметтерге сүйене отырып анықталған қан патология-сының даму механизімін түсіндіруге болады ма?
Достарыңызбен бөлісу: |