227
шығарылуы жатады.
Бҧл ацидоз мынадай себептерден дамуы ықтимал:
● қышқылдардың сырттан организмге кӛп тҥсуінен
(салицилаттармен, бор немесе сірке т. б. қышқылдармен
уланғанда);
●
әртҥрлі
себептерден
зат
алмасу
бҧзылыстары
нәтижелерінде толық тотықпаған ӛнімдер жиналып қалуынан.
Метаболизмнің бҧзылыстары:
♣ әртҥрлі себептерден болатын гипоксия кездерінде,
♣ қанайналымы мен микроциркуляцияның бҧзылыстарында,
♣ ішке сӛлденістік бездердің ауруларында (қантты
диабет, гипертиреоз)
♣ ашығу, қол жҧмысымен кҥштену кездерінде,
♣ бауыр қызметі жеткіліксіздігінде т. б. туа біткен
немесе
жҥре
пайда
болған
зат
алмасудың
кӛптеген
бҧзылыстарында байқалады.
● қышқыл ӛнімдердің организмнен бҥйрек
арқылы сыртқа
шығарылуының бҧзылуынан (нефриттер, уремия)
● ас қорыту жолдарының сілтілік сӛлдерімен немесе
несеппен кӛп сілтілердің организмнен артық шығарылуынан
(іш ӛту, ішектер тесілуі, бҥйрек ҥсті
бездерінің
жеткіліксіздігі т. с. с.).
Газдық емес ацидозды метаболизмдік ацидоз деп жиі
атайды. Метаболизмдік ацидоз газдық емес ацидоздың бір
тҥрі ғана екенін жоғарыда келтірілген,
пайда болу
себептерінен кӛруге болады. Сол себептен газдық емес
ацидоз пайда болу себептеріне қарай ҥш тҥрге ажыратылады:
♣ экзогендік, қышқылдардың сырттан организмге кӛп
тҥсуінен дамитын;
♣ сыртқа шығарылулық, қышқылдардың
сыртқа шығарылуы
азаюдан дамитын;
♣ метаболизмдік, зат алмасуларының бҧзылыстарынан
дамитын - газдық емес ацидоз делінеді.
Метаболизмдік ацидоз кетоацидоз, лактатацидоз,
басқа
органикалық және бейорганикалық қышқылдардың денеде
жиналып қалуынан дамитын болып ажыратылады. Кетоацидоз
май алмасуының аралық ӛнімдері кетондық денелердің
организмде тҥзілуі артқанда
немесе олардың тотығуы
тежелгенде байқалады. Бҧндай жағдай: инсулинге тәуелді
қантты диабет; ҧзақ ашығу; бауыр қызметі жеткіліксіздігі;
ішімдіктермен улану; қызба т.б. дерттер кездерінде
кездеседі.
Лактатацидоз организмде сҥт қышқылы жиналып қалудан
дамиды. Ол мына жағдайларда:
гипоксия; қан айналымның
жеткіліксіздігі;
инсулинге
тәуелсіз
қантты
диабет,
228
ӛспелер дамуы; В
1
витамині тапшылығы; зат алмасуларының
тҧқым қуатын бҧзылыстары т.с.с. кездерде байқалады.
Басқа органикалық және бейорганикалық
қышқылдар ауыр
қабынулар, ҥлкен ауқымды кҥйіктер және жарақаттар, бауыр
мен бҥйрек қызметтерінің ауыр бҧзылыстары кездерінде
организмде жиналады да, газдық емес ацидоз дамытады.
Достарыңызбен бөлісу: