Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Газдық емес ацидоздың зардаптары



Pdf көрінісі
бет198/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

229
Газдық емес ацидоздың зардаптары. 
Икемделудің бҧл 
жолдары 
жеткіліксіз 
болғанда 
немесе 
олардың 
мҥмкішіліктері таусылғанында рН мӛлшерінің тӛмендеуімен 
сипатталатын теңгерілмеген ацидоз дамиды. Газдық емес 
ацидоз кезінде ӛкпенің желдетілуі артуынан қанда рСО
2
тӛмендеуі артынан тыныстың бҧзылуына, қан тамырлары 
межеқуатының (тонусының) және артериялық қан қысымының 
тӛмендеуіне, бҥйректе қан айналымының бҧзылуына, осыдан 
несеп сҥзілуінің азаюына әкеледі. Несеппен К
+
, Nа
+
, Са
2+
иондары артық шығарылуынан жҥрек ырғағының бҧзылыстары, 
жҥйкелік-еттік 
қозымдылықтың 
тӛмендеуі, 
сҥйектердің 
тҧзсыздануы (деминерализациясы) т. б

қҧбылыстар
 
пайда 
болады. Қышқыл ӛнімдердің әсерлерінен парасимпатикалық 
жҥйке жҥйесінің межеқуаты кӛтеріледі. Содан ішек-қарын 
жолдарының бҧзылыстары: іш ӛту және қҧсу байқалады. 
Орталық жҥйке жҥйесінің ауыр бҧзылыстарынан бас айналу, 
ҧйқы басу, артынан естен тану, кома дамиды. 
Бҧл кезде гемоглобиннің оттегімен байланысуы азаяды
содан ӛкпедегі оксигемоглобиннің қҧрылуы бҧзылады және 
тіндерге оттегінің тасымалдануы қиындайды. Келтірілген 
ӛзгерістер 
жҥрек 
қызметінің 
бҧзылуымен 
қабаттасып, 
гипоксемия және гипоксия дамуына әкеліп соғады. 
Газдық емес ацидозды емдеу
жинақталған тҥрде болғаны 
жӛн. Ол ҥшін: 
● ацидозды туындатқан себепкер ықпалды аластау қажет; 
● қан айналымын қалпына келтіру керек; 
● ӛкпеде ауа алмасуын жақсартып, тотығу-тотықсыздану 
ҥрдістерін арттыру маңызды; 
● сутегі иондарының артығын байланыстырып, буферлік 
жҥйенің сыйымдылығын қалыптастыру қажет. Осы мақсатта 
натрий гидрокарбонатының сҧйығын енгізу керек. Бҧл кезде 
есте сақтайтын жай, ол жҥрек және тыныс жеткіліксіздігі 
кездерінде натрий гидрокарбонатын енгізу жағымсыз әсер 
етуі мҥмкін. Ӛйткені жҥрек жеткіліксіздігі кезінде 
натрийдің организмде артық жиналуы оған теріс әсер етеді. 
Тыныс жеткіліксіздігі кезінде гидрокарбонаттан босаған 
СО
2
организмнен ӛкпе арқылы сыртқа шығарылуы шектелуі 
мҥмкін. 
Газдық емес ацидозды қалпына келтіру ҥшін ҥш гидро-
ксиметиламинометанның (ТРИС) 0,3 М сҧйығы енгізіледі. Бҧл 
препарат организмнен бҥйрек арқылы шығарылады, сондықтан 
бҥйректің жеткіліксіздігі кезінде оны енгізуге болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет