Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


серпілістер сатысы болмауымен ерекшеленетін, дерттік



Pdf көрінісі
бет298/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

серпілістер сатысы болмауымен ерекшеленетін, дерттік 
ҥрдістерді жалған аллергиялар дейді. 
Сонымен, жалған 
аллергиялар 
кездерінде 
аллергенге 
организмнің 
сенсибилизациясы болмайды, ал аллергияның медиаторлары 
бӛлінетін, патохимиялық ӛзгерістер және патофизиологиялық 
бҧзылыстар сатылары айқын байқалады. Бҧл аллергия кезінде, 
аллерген мен арнайы антидененің әрекетесуі болмай-ақ, 
аллергия 
дамытатын 
биологиялық 
белсенді 
заттардың 
(гистаминнің, 
комплемент 
қҧрамбӛлшектерінің, 
простагландиндер мен лейкотриендердің) тін жасушаларына 
тікелей бҥліндіргіш әсерлері болады.
Жалған аллергиялар ҥш тҥрлі жолмен дамуы ықтимал: 
● гистаминдік; 
● комплемент жҥйесі әсерленуінің бҧзылыстарынан; 
● арахидон қышқылы алмасуының бҧзылыстарынан. 
Жалған аллергиялардың гистаминдік жолы. 
Оның негізінде 
дене сҧйықтарында гистаминнің мӛлшері тым артып кетуі 
жатады. Ол мына жағдайларда байқалады: 

лаброциттер мен базофилдерден гистаминді босататын 
заттардың 
әсерлерінен; 
бҧл 
заттарды 
гистаминнің 
либераторлары
деп 
атайды. 
Олар 
тағамдық 
заттарда 
(жҧмыртқада, қҧлпынайда, лимонда, бананда, шоколадта, 
балық ӛнімдерінде т.б.) болады. Олардың әсерлерінен 
лаброциттер мен базофилдердің тҥйіршіктері сырттарына 
шығарылып, гистамин босап шығады; 

артық гистаминнің әсерсіздендірілуі бҧзылыстарынан; 
гистамин 
әртҥрлі 
ферменттердің 
(гистаминаза, 
моноаминоксидаза, диаминоксидаза т.б.) қатысуымен тотығып 


358
ыдыратылады және қан нәруыздарымен, гликопротеидтерімен 
байланстырылып 
(гистаминопексия) 
әсерсіздендіріледі. 
Осылардың 
бҧзылыстарында 
гистаминнің 
тіпті 
аз 
мӛлшерлерінен бас ауыруы, есекжем, іш ӛтулері сияқты 
кӛріністер пайда болады; 

ішек дисбактериозы кездерінде ішекте амин қышқылы 
гистидиннен карбоксил тобын босатып шығаратын микробтардың 
кӛбейіп кетуінен, ол гистаминге ауысады. Осы жағдайларда 
гистаминнің кӛбейіп кетуі болады. 
Гистамин ӛкпеде майда кеңірдекшелерді жиырады, теріде 
венулаларды кеңітіп, олардың қабырғаларының ӛткізгіштігін 
кӛтереді. Осылардан тыныс алудың тарылуы, терінің қызаруы, 
ісіну дамиды. Кӛптеген қан тамырларының кеңейіп кетуінен 
артериалық қысым тӛмендеп кетуі де ықтимал. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет